2. БӨлім. ДӘрістер жинағЫ


Тақырып 10. Тұрғын үйге меншік құқығы және өзге заттық құқық



бет15/19
Дата06.02.2022
өлшемі56,75 Kb.
#79790
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ra001 001

Тақырып 10. Тұрғын үйге меншік құқығы және өзге заттық құқық.
Дәріс мақсаты: тұрғын үйге меншік құқығы, тұрғын үй кондоминиум қатысушысының заттық құқығы, кооператив мүшесінің өз пәтеріне заттық құқығы, тұрғын үй-жайды жалданушының заттық құқығы қарастыру
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Тұрғын үйге меншік құқығы
2. Тұрғын үй кондоминиум қатысушысының заттық құқығы
3. Кооператив мүшесінің өз пәтеріне заттық құқығы
4. Тұрғын үй-жайды жалданушының заттық құқығы

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)


Тұрғын үй меншік құқығы, оның өзінше бөлек үй, ұйдың бір бөлігі, пәтер немесе пәтердің бір бөлігі екендігіне қараматан, өзінің түындау негіздері, өкілеттіктерінің мазмұны, тоқтау және қорғау жағынан жылжымайтын мүлікке меншік құқығына жататын жалпы құқықтық міндеттеулермен толықтай қамтылады. Тұрғын үйдің белгілі бір әлеуметтік функцияларымен байланысты бірқатар ерекшеліктер ғана сақталады, олар да біртіндеп реттеліп келеді. Мысалы, тұрғын үй заңы қабылданғанға дейін тұрғын үйді тұруға емес мақсатта пайдалануға тыйым салынады, ол меншік иесінің өкілеттігін әрине шектеді. Тұрғын үй заңының 4-және 18- баптары меншік иесінің тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін тұруға емес мақсатта пайдалануы үшін оған мемлекеттік органдардың рұқсаты керек емес екендігін тікелей белгіледі. Тұрғын үй кооперативі –коператив мүшелерінің пайдалануына берілетін тұрғын үйлерді алу үшін құрылатын азаматтар бірлестігі. Егер мұндай бірлестік кооператив мүшелеріне беру мақсатында тұрғын үй тұрғызу үшін құрылса, онда ол тұрғын үй – құрылыс кооперативі деп аталады. Тұрғын үй және тұрғын үй құрылыс коперативтерінің айырмашылықтары сонда, соңғысының мақсаты кооператив мүшелерін тек пәтермен қамтамасыз ету ғана емес, сол пәтерді алдын ала тұрғызу.Тұрғын үй –жайды жалдау шарты жалдау шартының жалпы үлгісіне құрылған, онда тек біршама сырт ерекшеліктер бар. Субъект бойынша тек азамат –жеке тұла жалдаушы болуы мүмкін. Тұрғын үй-жайды жалдау шарты жалдаушының өзінше иелену, пайдалану және заңнама мен тұрғын үйдің меншік иесі анықтайтын шектеулі шектерде тұрғын үй-жайға билік ету құқығын туындатады. Бұл заттық құқықтың қажетті де ең маңызды нышандары. Сол себепті тұрғын үй-жайды жалдаушыны да біз заттық құқықты иемденуші қатарына жатқызамыз.
Мемлекеттік тұрғын үй қорында жалдаушылар: а) жұмыс орнына қарамастан азаматтарға; б) сол үй тиесілі кәсіпорынның қызметкерлеріне; в) әлеуметтік қорғауға алынған азаматтарға;г)мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне,әскери қызметкерлерге, мемлекеттік сайланбалы қызметтегі адамдарға; е) жалдаушылардың кейбір неғұрлым аз топтарына арналған пәтерлерде тұратындарға бөлінеді. Жалдаушылардың қандай да бір тобына жататындардың құқықтарындағы айырмашылыққа олардың тұрғын жайға билік ету өкілеттіктерінің әртүрлі көлемде екендігін, құқықтарын мәжбүрлеп тоқтатудың негіздерінің әртүрлі және жалданған үй-жайды жекешелендіру жағдайларының әртүрлі екендігін жатқызуға болады.


Бақылау сұрақтары:
1. Тұрғын үй кооперативі дегеніміз
2. Мемлекеттік тұрғын үйді жалдаушылардың құқықтары мен міндеттерінің ерекшеліктері.
3. Мемлекеттік тұрғын үй қорында жалдаушылар
4. Табиғи ресурстарға басқадай заттық құқықтар
5. Жерге заттық құқық
6. Жер қойнауына заттық құқық


Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет