2. БӨлім. ДӘрістер жинағЫ


Тақырып 12. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау



бет18/19
Дата06.02.2022
өлшемі56,75 Kb.
#79790
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ra001 001

Тақырып 12. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау.
Дәріс мақсаты: меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтырды қорғау жүйесін талдау жасау. Мүлік иесі болып танылмайтын құқық иесінің құқығын қорғау түрлерін қарастыру
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың азаматтық – құқықтық тәсілдері ұғымы және жүйесі
2. Меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдері
3. Меншік құқығынан өзге заттық құқықтарды қорғағанда меншік құқығын қорғаудың заттық құқықтық тәсілдерін қолдану
4. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік –құқықтық тәсілдері
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік құқығы, оның ішінде меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтары әртүрлі құқықтық салалармен: қылмыстық, әкімшілік, қаржы және басқа салалармен қорғалады. Мүліктік құқықтарды қорғау жүйесінде азаматтық құқық маңызды рөл атқарады, себебі мүліктік құқық құқықтың бұл саласының тікелей объектісі болып табылады. Сонымен қатар азаматтық құқықтың өзі меншік құқығы мен заттық құқықтарды әртүрлі тәсілдермен қорғайды. Меншік құқығын және өзгедей заттық құқықтарды меншік иесінің, заттық құқық иесінің құқықтары деп қорғауды кең мағынада алсақ, ол азаматтық құқықтардың барлық субъектілерін қорғаудағы барлық тәсілдермен жүзеге асырылады. Меншік құқығы мен өзге заттық құқықтар субъективтік азаматтық құқықтарға жатқандықтан, олар субъективтік азаматтық құқықтармен бірдей қорғалады, азаматтық құқықтарды қорғаудың азаматтық-құқықтық принциптеріне, қорғаудың шегі мен шекарасын анықтайтын, дербес субъективтік азаматтық құқық ретінде қорғану құқығын жүзеге асыратын ережелерге бағынады. Азаматтық құқықтың тар мағынасында алсақ, меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау дегеніміз- азаматтық заңнамада бекімін тапқан меншік құқықтары мен өзге заттық құқықтарды қорғаудың нақты ерекше шаралары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет