2. БӨлім. ДӘрістер жинағЫ


Қорғаудың заттық –құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі



бет19/19
Дата06.02.2022
өлшемі56,75 Kb.
#79790
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ra001 001

Қорғаудың заттық –құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі мынада: бұл тәсілдер меншік құқығы мен өзге де заттық құқытарды абсолюттік құқық ретінде қорғауға бағытталған, яғни олар нақты шарттық немесе шарттан тыс міндеттемелермен байланысты емес және бұзылған құқықтарды мына жолдармен қалпына келтіруді мақсат тұтады: 1) заңсыз тартып алған заттарды қайтару; 2) бүлінген заттарды жөндеу; 3) затты пайдалануға кедергіні жою. Бұлардың барлығына меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің белгілі бір затқа иелену, пайдалану және билік ету құқығын қалпына келтіргенде, яғни абсолюттік құқықты қалпына келтіргенде қол жеткізуге болады.Меншік құқығын, қорғаудың заттық –құқықтық тәсілі ретінде тану дегеніміз – меншік иесінің мүлікті қайтару немесе басқа кедергілерді жою туралы, иеліктен айырумен байланысты емес нақты талаптар қойылмаған даулы мүлікке меншік құқығының өзіне тиесілі екендігін басқа адамдардың алында түсіндіру керектігі туралы шарттан тыс талабы. Меншік құқығын тану туралы талапты құқығын өзімен міндеттемелік немесе басқадай салыстырмалы қатынастарда емес басқа адамдар даулаған, теріске шығарған немесе мойындамаған, жеке-белгілі бір заттың меншік иесі қоюы мүмкін.меншік иесінің талабы, бұл ретте, барлық азаматтардың меншік құқығын бұзбауын, оның ішінде ол құқықты тануын міндеттейтін абсолюттік құқықтың мәніне негізделуі тиіс.меншік құқығын, қорғаудың заттық-құқықтық тәсілі ретінде тану туралы талап қоюдың қажетті шарттарының бірі-құқық бұзудың ұзаққа созылу сипаты. Құқық бұзушылық тоқтаған жағдайда меншік иесінің өз мүлкін пайдалану немесе оған билік ету құқығына кедергі келтірген басқа адамдардың заңсыз әрекеттерінен келген зиянды төлету әдістермен қорғалады. Сондықтан, меншік құқығын тану туралы талапқа ескіру мерзімі таралмайды.
Меншік иесінің немесе өзге заттық құқық иесінің құқықтарын қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдері әрқилы болып келеді. Әдетте, қорғаудың ұндай тәсілдері меншік иесінің немесе өзге заттық құқық иесінің құқықтарын қорғағанда ғана емес, сонымен қатар, азаматтыр мен заңды тұлғалардың кез келген мүліктін құқықтары мен мүдделерін қорғағанда да қолданылады (мысалы, азаматтық құқытарды қорғаудың меншік иесінің мүлкіне келген шығынды өеуге қатысты тәсілдері; мәмілені, меншік құқығын немесе өзге заттық құқықты тоқтатудың негізі ретінде заңсыз деп тану және т.б.)Сонымен қатар меншік иесінің және өзге заттық құқық иесінің құқытарын қорғаудың кейбір ерекше міндеттемелік –құқықтық тәсілдері бар, олар заттық-құқықтық тәсілдермен қатар меншік құқғын және өзге заттық құқықты қрғаудың міндеттемелік – құқықтық (міндеттемелік) тәсілдеріне жатады. Мысалы, меншік құқығын немее өзге заттық құқықты қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдеріне қорғаудың мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың меншік иесінің немесе өзге заттық құқық иесінің құқығын бұзатын актілерін заңсыз деп тануға және мұндай актілерден келген шығынның орнын толтыруға бағытталған тәсілдері жатады.


Бақылау сұрақтары:
1. Виндикациялық және негаторлық талап ұғымдарын білу
2. Меншік құқығын тану
3. Иеліктен айырумен байланысты емес бқзушылықтардан бөтен мүлікке құқықты қорғау.
4. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдері.


Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет