2. БӨлім. ДӘрістер жинағЫ


Тақырып 9.Табиғи ресурстарға заттық құқықтар



бет14/19
Дата06.02.2022
өлшемі56,75 Kb.
#79790
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ra001 001

Тақырып 9.Табиғи ресурстарға заттық құқықтар.
Дәріс мақсаты: Табиғи ресурстар және оларға заттық құқықтар ұғымы туралы жалпы сипаттама беру.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Табиғи ресурстар және оларға заттық құқықтар ұғымы
2. Табиғи ресурстарға меншік құқығы
3. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
4. Табиғи ресурстарға басқадай заттық құқықтар
5. Жерге заттық құқық
6. Жер қойнауына заттық құқық

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)


Табиғи ресурстар – бұл қоршаған ортаның құрамдас бөліктері. Заттық құқық, Қазақстанның заңнамасы бойынша, қоршаған табиғи ортаның табиғи ресурстарға жататын бөлігіне қатысты ғана белгіленуі мүмкін, ол бұл ортаның басқа объектілеріне қатысты белгіленбейді. Соңғылар заңның қоғауында болады, ал меншік құқығы және басқа заттық құқытар табиғи ресурстарға ғана белгіленеді. Негізгі заттық құқық ретінде меншік құқығы танылады, ол өз мәні жағынан әрқашан да мүліктік құқық болып табылады. Табиғи ресурстарға меншік құқығында заттық құқық ретінде бірқатар ерекшеліктер бар. Бұл ерекшеліктері субъектілерге, объектілерге, табиғи ресурстарға меншік құқығын қорғауға және мазмұнына қатысты, ал бұл ерекшеліктер кейде табиғи ресурстардың түрлеі мен меншік түрлеріне қарай жіктеледі.Табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік құқығының объектісі тек табиғи ресурстар, олар табиғи ортаның құрамдас бөліктері, одан бөлініп алынбайды.меншік құқығының объектісі болып табылатын табиғи ресурстарды табиғи ресурстардың табиғи ортадан бөлінген бөліктерімен шатастыруға болмайды. Табиғи ресурстардың заң жүзінде басқа сипатқа ие болған бұл бөліктеріне табиғи ресурстардың өздеріне қарағанда мүлде басқа құқықтық режим белгіленуі мүмкін. Мысалы, минералдық шикізат, яғни жер қойнауының жер бетіне көтерілген бөлігі, немесе техногендік миниралдық құрылымдар (тау, байыту, металлугия және басқа өндіріс қалдықтары), егер контрактыда басқадай көзделмеген болса, меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқығында жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі болуы мүмкін. Табиғи ресурстарға оралымды басқару құқығы мен шаруашылық жүргізу құқығы ешқашан белгіленбейді. Ал, табиғи ресурстарға жеке меншік құқығын алатын болсақ, жеке меншік иесіне барлық табиғи ресурстардан тек жер ғана тиесілі болуы мүмкін. Табиғи ресурстарға қатысты маңызды және арнайы заттық құқық ол- табиғатты пайдалану құқығы(табиғи ресурстарды пайдалану құқығы). Оны меншік иесінің табиғи ресурстарды пайдалану құқығымен шатастыруға болмайды: бұлар құқықтың бөлек екі түрі. Пайдалану құқығын, өз өкілеттігінің бірі ретінде, меншік иесі өзінің меншігіндегі табиғи ресурстарға қатысты жүзеге асырады. Табиғи ресустарды пайдалану құқығы, әрқашанда, пайдаланушының меншігіндегі ресурстарға қатысты емес, құқықтың басқа субъектісінің, негізінен мемлекеттің меншігіндегі ресурстарға қатысты жүзеге асырылады. Тек жер учаскесін пайдалану құқығы ғана мемлекеттік те, жеке де меншіктегі жерлерге қатысты болуы мүмкін. Табиғи ресурстарға заттық құқықтардың маңызы түрлерінің бірі – сервитуттар. Сервитут-бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатта пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін пайдалану құқығы.
Қауымдастық және жеке су сервитуттары:
1) құрылыстарды, техникалық құралдар мен құрылғыларды қолданбай су алу;
2) суару және мал айдау;
3) су объектілерін сал, қайық және басқа да шағын көлемді кемелер үшін су жолдары ретінде пайдалану мақсаттарында белгіленуі мүмкін.
Заң доктринасында жер учаскісіне заттық құқытарға, жоғарыда аталғандардан басқа, әдебиетте кепілді, сенімгелікпен басқару құқығын жатқызады. Біз, жер учаскілеріне оралымды басқару құқығының туындауы мүмкін деп ойлаймыз. Мұндай құқыққа, әсіресе, ғимараттары мен құрылыстары өздеріне оралымды басқару құқығында тиесілі мемлекеттік емес мекемелер мұқтаж болып отыр. Жер учаскесіне шектелген өзгедей заттық құқықтар (тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы) мемлекеттік меншік құқығынан туынды құқықтар болып табылады, ал мемлекеттік емес мекеме құқығы құрылтайшылардың жеке меншік құқығынан туынды болуға тиіс. Оралымды басқару құқығы осындай конструкцияға жатады. Бірақ, қазіргі күшіндегі жер заңнамасы жер учаскелерін оралымды басқару құқығының объектілері деп танымайды.
Жер қойнауына заттық құқықтарға, табиғи ресурстарға заттық құқытардың барлық түрлерінің ішінен, меншік құқығы,оның өзінде де- тек мемлекеттік меншікке, және жер қойнауын пайдалану құқығы жатады. «Жер қойнауы» дегеніміз –топырақ қабатынан, ол жоқ болса жер бетінен және су қоймаларының түрінен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып жер қойынауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын терендікке созылған жер қыртысының бөлігі.


Бақылау сұрақтары:
1. Табиғи ресурстар және оларға заттық құқықтар ұғымы
2. Мемлекеттік орман иелері д/з
3. Жеке орман иелері д/з
6. Жер қойнауын пайдалану құқығы
7. Жер қойнауын пайдалану құқығының туындау негіздері.


Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет