Тақырып 5. Мемлекеттік меншік құқығы. Дәріс тақырыбы: Мемлекеттік меншік құқығының ұғымын субъектілері объектілері, мемлекеттік меншікті жекешелендіруді қарастыру.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Мемлекеттік меншік құқығы ұғымы
2. Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері
3. Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны
4. Мемлекеттік меншік құқығының объектілері
5. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Мемлекеттік меншік құқығы дегеніміз мемлекеттің заң актілерімен танылған және қорғалатын, өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Мемлекет меншік құқығының ерекше субъектісі болып табылады. Бұл оның жоғары абстарктілігімен және формальдігімен анықталады. Көптеген әртүрлі сипаттағы функцияларды жүзеге асырудың кажеттігі және бірдей бағынышты мемлекеттік орандардың тармақталған жүйесі мемлекеттік меншік құқығын іске асыратын субъектілердің көп болуын алдын ала анықтады. Сондықтан оларды екі деңгейге бөлген дұрыс: кімді білдіреді,соның деңгейі және кім білдіреді, соның деңгейі.
Меншік құқығының мазмұны құқықтар мен міндеттердің жиынтығымен анықталады. «Меншік иелерінің өз құқытарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді». Яғни, мемлекет, мемлекеттік меншік объектілерінің бірден-бір меншік иесі ретінде, азаматтық құқықтарды, сондай-ақ міндеттерді жүзеге асырудың шектері мен қоғауды заң арқылы өзі үшін өзі анықтайды.