2 Дәрілік препараттар жазылымының құрамын нормалау



бет11/11
Дата15.12.2023
өлшемі43,54 Kb.
#197149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
рк офт
Жаһандану әлеуметтануы, Варикоз, улану, Анафилактикалық шок, zhara 1179 at travmatologia, 8 кл БЖБ каз 2 нуска, 1 Ä?ð³ñ XVII ? õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòàð æ?íå õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòà, Қолхат, 11V18entKZ, OP8kaz, DOC-20230203-WA0026., Белгібай Аружан Бизнес 4-сөж, 3087, 4 тақырып
22-сұрақДәрілік түрлер технологиясында массасы бойынша дәл дозалауды қалай қамтамасыз етуге болады?Салмақ (массасы) бойынша дозалау. Дозалау тәсілдерінің ішінде ең жиі қолданылатын тәсіл қатты заттарды да, сұйық заттарды да өлшеуге болатын – салмақ бойынша дозалау. Салмақ бойынша дозалау 2-ші класс техникалық таразылар тобына жататын және эталонды массалармен (өлшегіш тастармен) салыстырғанда дене салмағын көрсететін рычагты таразыларда жүргізіледі. Бұл - дәріханалық қол таразылары,тарирлі техникалық таразылар.Дәріханалық қол таразылары. Олар сусымалды материалдарды өлшеуге арналған таразылар, яғни, дәріханаларда, бақылау-аналитикалық және басқа лабораторияларда ұнтақ тәрізді дәрілік заттарды, олардың қоспаларын өлшеуге арналған. Дәріханалық қол таразыларының әртүрлі өлшемдері болады: ВСМ-1, ВСМ-5, ВСМ-20, ВСМ-100. Тарирлі таразылар (ВКТ), немесе Мор таразысы. Сусымалды материалдарды өлшеу таразыларынан басқа, салмақ бойынша дозалау үшін тарирлі техникалық таразылар кеңінен қолданылады.Олардың
бірнеше маркалары болады, колонкадағы тарирлі таразы, немесе Мор таразысы,Т-2 – 2-ші класты техникалық таразы. Дәрілік препараттарды дайындау кезінде құрғақ, қою және сұйық заттарды салмақ бойынша дозалау үшін жіберілетін жүк шегі 50 г 1 кг дейін болатын тарирлі таразылар қолд. Салмақ бойынша дозалау -тарирлеу, яғни, тараға тең тара массасын теңестіруге негізделгендіктен, оларды тарирлі деп атайды.
23-сұрақ.Қосымша заттардың жіктелуі, оларға қойылатын талаптар
Барлық қосалқы заттар жіктеледі: шығу тегі бойынша; химиялық құрылымы және дәрілік формалардың физика-химиялық сипаттамалары менфармакокинетикасына әсеріне байланысты.Шығу тегі бойынша қосымша заттар табиғи, жартылай синтетикалық және синтетикалық болып бөлінеді. Табиғи органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді. Органикалық заттарға: көмірсулар, белоктар, майлар, бейорганикалыққа - бентониттер, тальк, аэрозил жатады.Дәрілік формаларды өндіруде қолданылатын табиғи қосымша заттардың үлесі бүкіл ассортименттің шамамен 60% құрайды. Табиғи қосымша заттардың жетіспеушілігі олардың микробтық ластану нәтижесіндегі тұрақтылығының төмендігі. Қосымша заттарға қойылатын талаптар : 1. Дәрілік заттың медициналық мақсатына сәйкес келу, яғни оның фармакокинетикасын ескере отырып, дәрілік заттың дұрыс фармакологиялықәсерінің тиімділігін қамтамасыз ету. 2. Биологиялық зиянсыз және дене тіндерімен биоүйлесімді болу, аллергенді және токсикалық әсер етпеу. 3. Дәрілік формаға қажетті қасиеттерді беру: құрылымдық-механикалық, физика-химиялық және биожетімділігін қамтамасыз ету. Қосымша заттар дәрілік заттардың органолептикалық қасиеттеріне теріс әсер етпеуі керек: дәмі, иісі, түсі және т.б. 4.Дәрілік заттарды дайындау кезінде және оларды сақтау кезінде дәрілік заттармен, қаптамалармен және жабындармен, сондай-ақ технологиялық жабдықтың материалдарымен химиялық немесе физика-химиялық үйлесімді болуы. 5.Шекті рұқсат етілген микробтық ластану талаптарына сәйкес дайындалған препараттың микробиологиялық тазалық дәрежесіне сәйкес келу. 6.Зарарсыздандырудан өту мүмкіндігі болуы керек, өйткені қосалқы заттар кейде дәрілік заттардың микробтық ластануының негізгі көзі болып табылады. 7.Қол жетімді және салыстырмалы түрде арзан болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет