2 Дәрілік препараттар жазылымының құрамын нормалау



бет4/11
Дата15.12.2023
өлшемі43,54 Kb.
#197149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
рк офт
Жаһандану әлеуметтануы, Варикоз, улану, Анафилактикалық шок, zhara 1179 at travmatologia, 8 кл БЖБ каз 2 нуска, 1 Ä?ð³ñ XVII ? õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòàð æ?íå õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòà, Қолхат, 11V18entKZ, OP8kaz, DOC-20230203-WA0026., Белгібай Аружан Бизнес 4-сөж, 3087, 4 тақырып
12-сұрақ
Коллоидты ерітінділер - құрылымдық бірлігі мицелла деп аталатын
молекулалар мен атомдар комплексі болып табылатын ультра- микрогетерогенді дәрілік түр. Коллоидты ерітінділер дисперстік фаза мен дисперстік ортадан тұрады. Дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемдері 1 нм- ден 100 нм-ге дейін (0,1 мкм - 0,001 мкм) болады.Коллоидты ерітінділердің ерекшеліктері:
- агрегаттық және термодинамикалық тұрақсыз. Коллоидты ерітінділер тек құрамына үшінші компонент-тұрақтандырғыш енгізген кезде ғана, тұрақты болады.Тұрақтандырғыш дисперстік орта бөлшектері бетіне адсорбцияланып, олардың коагуляциясын болдырмайды. Коллоидты жүйенің тұрақтылығы сонымен бірге, бөлшектердің айналасына еріткіш молекулаларынан сольватты қабат түзу есебінен артады;
- коллоидты ерітінділердің кері қайту қасиеті жоқ. Сулы коллоидты ерітіндіні буландырып, су қосылса, қайтадан коллоидты ерітінді түзілмейді. Осы қасиетімен олар нағыз ерітінділерден ерекшелінеді;
- коллоидты ерітінділердің бөлшектері кәдімгі микроскопта емес, ультрамикроскопта байқалады. Көлденең бөлшектері едәуір үлкен болғандықтан, олар арқылы жарық өтпейді. Осыған орай коллоидты ерітінділер шашыраған жарықта лайлы болып көрінеді;Фврмацевтік практикада қорғалған коллоидты ерітінділер қолданылады.Тұрақты коллоидты ерітінділер алу үшін коагуляцияны тудыратын факторларды білу керек: жазылымда төмен молекулалы электролиттер мен электролит еместердің (қант және жидек шырындары, глицерин, спирт) болуы және олардың мөлшері, температураның өзгеруі, механикалық әсер, әр түрлі сәулендірулердің (жарықтың) әсері. Қорғалған коллоидтар - гидрофильді қасиеті бар ЖМҚ және гидрофобты коллоидты заттан тұратын жасанды препараттар.
Медициналық практикада үш коллоидты препарат кеңінен қолданылады - колларгол, протаргол (жасанды түрде алынған коллоидты заттар) және ихтиол (табиғи қорғалған коллоид).
13-сұрақ
Дәрілік түр – дәрілік құралға қолдануға қолайлы және оның емдік, профилактикалық әсерін қамтамасыз ету үшін, берілген белгілі күйі.
Агрегаттық күйіне байланысты дәрілік түрлердің жіктелуін академик ғалым Ю.К.Трапп ұсынған. Барлық дәрілік түрлер агрегаттық күйіне байланысты төрт топқа бөлінеді: қатты, сұйық, жұмсақ және газ тәріздес.
Дәрілік түрлерді қолдану тәсілі бойынша жіктеуді В.А.Тихомиров ұсынған. Бұл жіктелу дәрілік түрлерге дайындау процесінде орындалуы тиіс бірнеше талаптар қояды (араласу біркелкілігі, стерилдігі, мөлдірлігі, дозалану дәлдігі және т.б.).
Қосымша заттар – дәрілік препаратты дайындау үшін қолданылатын көмекші заттар. Қосымша заттар МФ, ФМ, УФМ немесе арнайы нормативтік құжаттармен медициналық қолдануға рұқсат етілген болуы тиіс.
Қосымша заттар дәрілік түрлерден дәрілік құралдардың резорбциялануына әсер етеді, оны күшейтеді немесе баяулатады, демек қосымша заттарды қолдану арқылы дәрілік құралдардың фармакодинамикасын реттеуге болады.Қосымша заттар дәрілік құралдардың тек қана терапевтік тиімділігіне ғана емес, сонымен бірге, дайындау және сақтау процесіндегі дәрілік түрдің физика-химиялық сипаттамасына да әсерін тигізеді. Әртүрлі тұрақтандырғыш құралдарды қосу дәрілік препараттардың ұзақ мерзімде сақталу кезіндегі жоғары әсерлігін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет