2 дәріс Адамның қаңқасы



бет4/7
Дата13.05.2024
өлшемі276,15 Kb.
#202020
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
JFGSJJOVDLWZ06052024124749

АЯҚ СҮЙЕКТЕРІ


Аяқ сүйектері қол сүйектеріне сәйкес келеді. Оларға жамбас белдеуі, ортан жілік, сирақ және аяқ басының сүйектері жатады.
Жамбас белдеуі ересек адамдарда түбі ашық астауға ұқсайды. Ол екі жамбас сүйегі мен сегізкөз және құйымшақтан түзілген.
Жамбас сүйегі (тазовая кость) қимылсыз байланысқан үш бөліктен түзілген. Оларға мықын, шонданай, шат сүйектері жатады. Осы үш сүйектің біріккен жерінде ойысты ұршық ойысы деп атайды. Оған ортан жіліктің ұршық басы енеді.
Сүйектің мықын бөлігі деп артқы жағындағы қалақ тәрізді кеңейіп келген жерін. Ал шат бөлігі мен шонданай бөлігі алдыңғы жағын ала жатады. Осы соңғы екі сүйек қоршауынан қол сұғар тесігі пайда болады. Ересек адамның жамбас сүйегі бір тұтас болып келеді, сол себептен құрамына кіретін сүйектердің шекаралары білінбей түрады. Ал 16 жасқа дейін бұл сүйектердің аралығында шеміршек тканінің жатуға байланысты шекаралары білініп тұрады.
Мықын сүйек (подвздошная кость)—жамбас сүйегінің жоғарғы жағында кеңейіп қалақ тәрізді келген үлкен бөлігі. Оның ұршық ойысына жақын қалың жерін денесі, кеңеіп келген жерін қанаты дейді. Денесі ұршық ойысының жағын қоршап жатады. Қанатының жоғарғы жақ жиегін «мықын қыры» дейді. Мықын қыры алдыңғы жағынан жоғарғы және алдыңғы-төменгі қалқан өсінділерімен аяқталса, артқы жағынан артқы-жоғарғы, артқы-төменгі қалқан өсінділерімен аяқталып, үлкен шонданай ойындысына жалғасады. Мықын сүйегінің ішкі беті ойыс және тегіс келсе, сыртқы бетінде еттер тіркелетін бұдырлар жатады.
Бұл сүйектің артқы бөлігі қалыңдап, сегізкөзбен байланысатын құлақ қалқаны тәрізді буын бетін түзеді. Оның жоғарғы жағында жамбастың күшті байламдары бекитін бұдырлары орналасқан. Ішкі бетінің төменгі жағында үлкен жамбас астауын кіші жамбас астауынан бөліп тұратын шекаралық сызық бар.
Шонданай сүйегінің (седалищная кость) денесі және екі бұтасы болады. Денесі жамбастың ұршық ойысының төменгі жағын жасауға қатысады. Бұталары қол сұғар тесігін қоршап жатады. Шонданай сүйегінің астыңғы жағында отырған кезде денеге тіреу болатын шонданай бұдыры болады, сондықтан бұны отырғыш сүйекі деп те атайды. Осы бұдырдың арт жағында сәл жоғары жатқан шонданай өскіні болады, ол шонданайдың кіші ойындысын үлкен ойындысынан бөліп тұрады.
Шат сүйегінің (лонная кость) де денесі және екі бұтасы болады. Оның жоғарғы және төменгі бұтасы өзара жалғасып қол сұғар тесігінің жоғарғы және алдыңғы жақтарын қоршайды. Шат сүйегінің жоғарғы жағы қасағалық қыр жасап қасағалық дөңеске жалғасып жатады. Ол жамбастың алдыңғы бөлігін түзеді. Бұл сүйектің беті де бұдырлы келеді. Шат сүйектері алдыңғы жағынан өзара қосылып қасаға (симфиз) жасайды.
Ортан жілік (бедренная кость) немесе сан сүйегі адам сүйегінің ішіндегі ұзын, ең ірісі, оның денесі — диафизі және екі шеті - эпифизі болады. Жоғарғы басын проксимальды, ал төменгі жағын дистальды эпифизі дейді. Диафизінің немесе денесінің орта жері жұмыр тутік тәрізді, жоғарғы шар сияқты басы мойын бөлігі арқылы диафизінен бөлініп тұрады. Диафизі мен мойынның шекарасында үлкен және кіші ұршық төмпешектері жатады, олар арт жағынан төмпешік аралық бұдыры арқылы өзара қосылып тұрады. Отан жіліктіқ алдыңғы беті тегіс, артқы жағында ұзына бойы созылып бұдырлы сызық жатады. Сүйектің төменгі бөлігінде буын бетін түзетін ішкі сыртқы айдаршықтары болады. Олардың арасында айдаршық аралық ойыс жатады. Дөңес келген айдаршық беті буын шеміршегімен қапталған. Ол алдыңғы жағынан тізе тобығымен буындасып буын бетіне көшеді Айдаршықтың ішкі және сыртқы бүйірінде айдаршық түсті бұдырлары балады. Оларға ет және буын сіңірлері бекиді.
Тізе тобығы сесам тәрізді сүйектердің ең үлкені, ол төрт басты бұлшық еттің сіңірлерінің ішінде орналасып, тізе буынын бекемдеуге қатынасады. Тізе тобығының ішкі беті шеміршекпен қапталған, сыртқы беті ет сіңірі бекитін бұдырлы болып келеді.
Сирақ сүйектері қолдың білек бөліміне ұқсас, екі сүйектен түзілген. Сирақтың ішкі жағын ала асық жілігі, сырт жағында шыбық сүйегі орналасқан.
Асық жілік (большая берцовая кость) ұзын түтік тәрізді, оның қырлы келген орта жерін денесі (диафизі), ал екі шетін ұшы (эпифизі) деп атайды. Жоғарғы бөлімінде ортан жілікпен қосатын екі айдаршығы бар, оларды айдаршық аралық төмпешік бөліп жатады. Айдаршық бетін буын шеміршегі жауып тұрады. Асық жіліктің алдыңғы бетімен төмен қарай өткір қыры созылып жатады. Оны тері астынан сипап оңай байқауға да болады. Төменгі бөлігі төрі бұрышты келеді, ол аяқ басымен байланысып жатады. Асық жіліктін, сырт жағында шыбық жілік байланысатын буын ойындысы болады.
Асық жілік шыбығы (малоберцовая кость) ұзынша келгеі жіңішке сүйек. Ол асық жіліктің сырт жағына жабыса орналасқандықтан асық жілік шыбығы деп атайды. Денесі үш қырлы келеді. Төменгі жағы жуандап топай сүйектің сырт жағынан жапсарлана жатып толарсақ буынын құрайды. Екі сирақ сүйектерінің аралалығы білек сүйектеріне ұқсас сүйек аралық жарғақпен жабылып жатады.
Аяқ басы үш бөліктен толарсақ, табан сүйектері және саусақ бақайшақтарынан тұрады.
Толарсақ бөлімі (предплюсневая часть) қолдын, білезік бөлігіне ұқсас сүйектерден түзілген, бірақ оларға қарағанда ірілеу келеді. Оларға өкше сүйегі оның үстіңгі жағында топай сүйек, топай сүйектің алдыңғы жағында қайықша сүйек, үш сына сүйектері және олардың сырт жағындағы текше сүйек жатады. Толарсақ сүйектері жоғарғы жағынан сирақ сүйектерімен, ал алдыңғы жағынан табан сүйектеріне жалғаса жатады.
Өкше сүйегі (пяточная кость) толарсақ сүйектерінің ішіндегі ең ірісі. Ол үстіңгі жағынан топай сүйекке, алдыңғы жағынан текше сүйекке жалғасады. Арт жағына қарай шығыңқы келген, толық жерін өкше бұдыры деп атайды Оған келіп сирақ еттерінің сіңірлері бекиді. Өкше сүйегі адам тік тұрған кезде жалпы дененің тірегі болып табылады.
Топай сүйек (таранная или надпяточная кость) өкше сүйек үстінде жатып сирақ сүйектерін аяқ басымен жалғастырып тұрады. Оның артқы толықша келген жерін денесі, алдына қарай жұмырлана түскен бөлігін басы, ал екеуінің арасындағы сәл жіңішкерген жерін мойны деп атайды. Сирақ сүйектері бұл сүйектің екі жағынан кептеліп шығыршық (блок) тәрізді буын жасап байланысады. Бұл сүйектің бас бөлімі мен қайықша сүйек байланысып шар тәрізді буын түзсе, астыңғы жағынан өкше сүйек тегіс буын жасайды.
Қайықша сүйек (ладиевидная кость) толарсақ сүйектерінің орта жерінде жатып, өкше сүйегінен басқа сүйектердің бәрімен шектесіп байланысады. Пішіні атына сай қайыққа ұқсас.
Сына сүйектерінің (клиновидные кости) саны үшеу, олардың арт жағында қайықша сүйек, жанында текше сүйек, алдыңғы жағында I—II—III табан сүйектері жатады. Сына сүйектерінің осы айнала жатқан сүйектермен байланысатын буын беттері бар. Бұл сүйектерді бір-бірімен қалыптасып, сына тәрізденіп жатқанына қарай сына сүйектер деп атайды.
Текше сүйек (кубовидная кость) аяқ басының сырт жағын ала өкше сүйегінің алдында орналасқан. Бұл сүйектің алдында IV - V табан, іш жағында III сына сүйек жатады.
Табан сүйектері (плюсневые кости) ұзынша келген, бес сүйек. Бұлар арт жағынан өздеріне тұтас жатқан толарсақ сүйектерімен жалғасса, алдыңғы жағынан әрқайсысы саусақ бақайшақтарымен байланысады. Әрбір табан сүйегінің орта бөлігін денесі, арт жақ тегіс келген жерін негізі, ал алдына жұмырлана жатқан бөлігін басы дейді.
Табан сүйектерінің жіңішкеріп келген орта жері үш қырлы келеді, олардың арасындағы сүйек аралық саңылауларын табан еттері толтырып жатады.
Саусақ бақайшақтары (фаланги пальцев). Аяқ саусақтары қол саусақтарына ұқсас (бас бармақтан басқасы) үш бақайшақтан түзілген: негізгі, ортаңғы және тырнақты. Бас бармақ қана негізгі және тырнақ бақайшақтарынан тұрады. Негізгі бақайшақтар арт жағынан табан сүйектеріне жалғасып жатса, алдыңғы жағынан ортаңғы бақайшақтармен, ал ортаңғы бақайшақтар тырнақты бақайшақтарға жалғасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет