2 дәріс Адамның қаңқасы



бет3/7
Дата13.05.2024
өлшемі120,5 Kb.
#202020
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
JFGSJJOVDLWZ06052024124749

ҚОЛ СҮЙЕКТЕРІ


Қол сүйектері негізінен еркін қозғалмайтын немес иық белдеуі (бұғана мен жауырын), еркін қозғалатын немесе қолдың өз сүйектерінен тоқпан жілік, білек және қол басынан тұрады.
Иық белдеуінің сүйектеріне бұғана мен жауырын жатады.
Бұғана – ұзына бой келген сүйек. Оның денесі және екі басы болады. Ішкі басы төстің тұтқасына, сыртқы басы жауырынның иық (акрамион) өсіндісіне жалғасып көлденең орналасады. Төменгі беті бұдырлы келеді. 1-ші қабырға мен жауырынның (тұмсық өсіндісіне сіңір байламдары арқылы жалғасып тұрады. Бұғананың қызметі иық белдеуін көтеріп, қолдың еркін қозғалуына жағдай жасайды.

Жауырын — жалпақ, үш бұрышты келген сүйек. Көкірек клеткасының арт жағында, жоғарғы, қабырғалар тұсында орналасқан. Жауырынның үш (жоғарғы, ішкі және сыртқы) жиегі, үш (төменгі, ішкі, сырткы) бұрышы және екі (ішкі және сыртқы) беті болады.


Жауырынның қабырғаларға қараған беті аздап ойыс келеді. Оны жауырынасты ойыс дейді. Сырт жақ бетінде жауырын жалы жатады. Ол жауырынды жалүсті және жаласты ойыстарына бөліп тұрады. Жауырын жалы сырт жағына қарай кеңейіп келіп, иық өсіндісіне келеді. Оны акрамион деп те атайды. Сыртқы бұрышында жатқан буын ойысы тоқпан жілік басымен байланысып, иық буынын түзеді. Жауырынның жоғары жақ жиегі тұмсық өсіндісіне жалғасады. Жауырын мен бұғана өзара бір-бірімен байланысып иық белдеуін түзеді.
Ал, қолдың еркін қозғалатын сүйектеріне: тоқпан жілік, білек және қол басының сүйектері
жатады.
Тоқпан жілік іші қуыс жілік сүйектер қатарына жатды. Оның денесін — диафизі, ал жоғарғы, төменгі бастарын эпифиз деп атайды.
Денесі сүйектің ортасында орналасқан, оның жоғарғы бөлігі жұмыр, төменгі бөлігі үш қырлы болып келеді. Денесінің ортасында делта еті жалғасатын бұдыры және қан тамырының өтетің қоректік тесіктері болады.
Жоғарғы эпифизінде жарты шар пішінде келген басы бар. Одан айнала сәл жіңішкерген жерін анатомиялық мойыны дейді. Осы анатомиялық мойыннан кейін үлкен және кіші төмпешіктері жатады. Ол екеуінің аралығында төмпешік аралық сайы болады. Диафизге өтетін жерінде жіқішкеріп келген хирургиялық мойыны жатады. Олай айтатын себебі, бұл сүйек осы жерден көбірек сынады.
Төменгі эпифизінде екі буын беті бар, оның ішкі блок тәрізді буын беті шынтақ жіліктің буын ойындысына сай келсе, сыртқы жағындағы шар тәрізді буын беті кәрі жілік сүйегінің буын басына сай келеді. Осы буын беттерінің алдыңғы жағында кіші тәждік ойысы, артқы жағында тереңірек шынтақ ойысы орналасқан. Бұл ойыстарға шынтақ жіліктің аттас өсінділері қолды жазып, бүккенде кірігіп тұрады. Тоқпан жіліктің төменгі эпифизінің екі жағында бұлшық еттер мен буын сіңірлерінің тіркелетін ішкі және сыртқы айдаршық өсінділері жатады. Оның ішкісі сыртқысына қарағанда шығыңқы келеді.
Білек сүйектері (кости предплечья) шынтақ жілік пен кәрі жіліктен түзілген. Шынтақ жілік білектің ішкі жағында, кәрі жілігі сыртқы жағында орналасқан.
Шынтақ жілік (локтевая кость). Шынтақ жіліктің жоғарғы бөлігінде айшық ойындысы бар. Ол тоқпан жіліктің блок тәрізді буын бетімен байланысып шынтақ буының түзеді. Айшық ойындысының артқы шығыңқы келген жерін шынтақ өсіндісі, алдына қарай қырлана келген жерін тәждік өсіндісі деп атайды. Бұл өсінділер буынның бекемділігін сақтайды. Шынтақ жіліктің сыртқы жанындада кәрі жіліктің басымен байланысатын буын ойысы бар. Тәждік өсіндісінен сәл төмен шынтақ бұдыры орналасқан, оған білектің супинатор еті бекіді. Шынтақ сүйектің бөлігінің сырт жағында кәрі жілікпен буындасатын буын беті және біз өсіндісі жатады.
Кәрі жіліктің (лучевая кость) жоғары жағында цилиндр тәрізді басы болады. Оның жоғарғы бетінде тоқпан жілікпен байланысатын буын ойығы, айналасында жанындағы шынтақ жілікпен буындасатын сақиналы буын беті болады.
Кәрі жіліктің басынан кейінгі сәл жіңішкеріп келген жерін мойыны, одан төмендеу жатқан жеріп бұдыры дейді. Бұл жіліктің төменгі бөлігі жалпақ келеді. Оның астыңғы жағындағы буын ойысы бірінші қатарлы білезік сүйектерімен байланысып білезік буынын түзеді. Ал оның ішкі жақ жанында шынтақ жілікпен байланысатын буын ойындысы сырт жағында шығынқы келген «біз» өсіндісі жатады.
Қол басының сүйектері (кисть) білезік, алақан және саусақ сүйектерінен түзілген. Білезік сүйектері (запятье) екі қатар болып орналасқан сегіз кішігірім жұмыр сүйектерден тұрады. Олардың білек сүйектеріне жақын жатқан қатарын жоғарғы, ал алақан сүйектерімен шектесіп жатқандарын төменгі қатар деп атайді.
Білезік сүйектерінің жоғарғы қатарына (бас бармақтан кіші саусаққа қарай) мыналар жатады: қайықша, айшық, үш қырлы және бұршақ сүйектері. Ал төменгі қатары – көпбұрышты, трапеция тәрізді, томпақ және ілгекті сүйектерден тұрады. Бұлардың аттары пішіндеріне сай келеді. Бұл сүйектердің өзара байланысқан беттері тегіс келеді де, ішкі және сыртқы беттері бұдырлы болады. Өйткені оларға сіңір байламдарымен бұлшық еттер бекиді. Білезік сүйектері жалпы алақанның жоғарғы жиегін түзіп жатады.
Алақан сүйектері (пястные кости) бес ұзынша келген сүйектерден түзілген. Олардың жоғарғы жағын негізі, төменгі бөлігін басы, орта жерін денесі деп атайды. Олар жоғарғы жағынан білезік сүйектерімен, теменгі жағынан сауса бақайшақтарымен жалғаса жатады. I алақан сүйегі үлкен көпбұрышты сүйекпен ер тәрізді буын түзіп алшақтау орналасқан. Қалған төртеуі параллельді орналасып сүйекаралық саңылау қалдырады.
Саусақ сүйектері (фаланги пальцев) бас бармақтан басқасы үш бақайшақтан түзілген. Оларды негізгі, ортаңғы және тырнақ бақайшақтары деп атайды.
Негізгі бақайшақтары жоғарғы жағынан алақан сүйектерімен, төменгі жағынан ортаңғы бақайшақтарымен жалғасады. Ал ортаңғы бақайшақтар тырнақ бақайшақтарымен байланысады. Бас бармақта ғана ортаңғы бақайшақ болмайды. Әрбір бақайшақтың орта жерін — денесі, жоғарғы бөлігін — негізі, төменгі бөлігін — басы деп атайды.
Негізгі бақайшақтар басқаларына қарағанда ірілеу келеді. Тырнақ бақайшақтары — ең қысқасы. Олардың бас бөліктерінде ет және буын сіңірлерінің бекитін бұдырлары бар. Сонымен қатар көрші сүйектермен буындасатын буын беттері болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет