2 дәріс Адамның қаңқасы



бет1/7
Дата13.05.2024
өлшемі120,5 Kb.
#202020
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
JFGSJJOVDLWZ06052024124749


2 - дәріс
Адамның қаңқасы
1. Омыртқа жотасы
2. Көкірек қуысы
3. Тұлға сүйектерінің байланысы
4. Қол сүйеқтері
5. Аяқ сүйеқтері
6. Бас сүйеқтері


Дәріс мақсаты мен міндеті: Омыртка жотасының құрылысымен танысу, әрбір бөлігінде жатқан омырткалылардың ерекшеліктерін зерттеп, ажырата білу. Омыртқа жотасы мен көкірек клеткасының сүйек аралық байланысымен танысу. Қол, аяқ, бас сүйектерінің құрылысымен танысып, сүйектерін ажырата білуге үйрету.
Дәріс мазмұны: Адам скелеті дене мүшелеріне сәйкес топтасып тұлға, бас сүйектеріне бөлінеді.
Тұлға сүйектері омыртқа жотасы мен көкірек клеткасынан құралады. Омыртқа жотасы ұзына бой тізбектеле орналасқан 33-34 омыртқалардан тұрады. Көкірек клеткасы алдынан төс сүйегімен, арт жағынан көкірек омыртқаларымен 12 жұп қабырғалардан түзілген.


Омыртқа жотасы және көкірек клеткасы


Омыртқа жотасы – 33–34 омыртқалардан түзілген адам скелетінің негізгі тірегі, оның 24–і жеке, ал қалғаны біріккен немесе жалған омыртқалар болып саналады. Жеке жатқан омыртқалар өзара омыртқааралық шеміршектер, буындар және сіңір байламдары арқылы жалғасқан. Олардың өздеріне тән ерекшеліктері де болады. Жалған омыртқаларға өзара бірігіп кеткен сегізкөз және құйымшақ сүйектері жатады.
Омыртқа жотасы орналасу жағдайына қарай бес бөлікке бөлінеді: мойын бөлігі – 7, көкірек бөлігі – 12, бел бөлігі – 5, сегізкөз – 5, құйымшақ бөлімі – 4 – 5 омыртқалардан түзілген. Сегізкөз және құйымшақ бөліктерінің омыртқалары бірігіп әрқайсысы өз алдына сегізкөз және құйымшақ сүйектерін түзеді.
Жеке омыртқалар саны – 24, әрбір жеке омыртқаның алдыңғы толық келген жерін омыртқа денесі, артқы жағынан омыртқа тесігін қоршай жатқан бөлігі доғасы, ал доғасынан айнала шығыңқы жерлерін өсінділері, олардың артқа қарап жатқан тақ өсінділерін бүйір өсінділері дейді. Бұлардан басқа омыртқалар аралығын буындастырып жатқан жоғары және төменгі буын өсінділері бар. Олар да тақ болып келеді. Омыртқа тесіктері бір-бірімен бірігіп жұлын жататын омыртқа каналын түзеді.
Омыртқа доғасы мен дөңесінің қосылар жерінде төменгі және жоғарғы ойындылары болады.Бұл ойындылар омыртқалардың байланысы нәтижесінде омыртқааралық тесіктер түзеді. Бұл тесіктерден жұлын нервтері мен қан тамырлары өтеді.
Мойын омыртқалары. Мойын омыртқаларының жалпы көлемі кішкентай, арқа өсінділері қысқа, ұштары екі айырлы келеді. Көлденең өсінділерінің негізінде тесік болады. Олар арқылы омыртқа артериясы миға өтеді. Осы ерекшеліктері арқылы мойын омыртқаларын басқа омыртқалардан ажыратуға болады.
VI мойын омыртқаның көлденең өсіндісінің алдыңғы жағындағы бұдырды ұйқы төмпегі дейді. Оған жанаса ұйқы артериясы миға етеді. Егер қанды тоқтату керек болса, төмпектің тұсынан тамырды басып қанды тоқтатуға болады. Мойын омыртқаларының басқа омыртқаларға қарағанда қозғалу жағдайы молырақ келеді. Жұлын тесігі кең, пішіні үш бұрышты.
Мойын омыртқалардың ішінде I және ІІ омыртқалардың құрылысы ерекше. Сол себептен I мойын омыртқаны ерекше атпен атлант, ал II мойын омыртқаны эпистрофей дейді. I мойын омыртқаның тесігі үлкен болғандықтан ауыз омыртқа деп те атайды. Ауыз омыртқаның денесі мен арқа өсіндісі болмайды. Оның орнына алдыңғы, артқы доғасы және бүйір бөліктері болады. Бұл омыртқаның денесі ұрықтың даму кезеңінде II мойын омыртқаға көшіп тіс тәрізді өсіндісін түзеді. І мойын омыртқаның II омыртқамен және шүйде сүйегімен байланысатын бірнеше буын беттері болады. Жоғары жағында кебіс тәрізді буын ойысы шүйде сүйегімен, төменгі жағындағы буын беті II мойын омыртқамен жалғасады. Ал атланттың алдыңғы доғасының іш жағындағы буын беті II мойын омыртканың тіс тәрізді өсіндісімен буынды байланыс жасайды. I мойын омыртқа бастың шүйде сүйегімен біргі II мойын омыртқаның тіс тәрізді өсіндісінен айналмалы қозғалысқа келіп отырады. Осы буынды байланыстар арқасында басты оңға-солға бұруға, алға-артқа июге болады.
II мойын омыртқаның ерекшелігі болып саналатын тіс тәрізді өсіндісі, оның үстіңгі екі бүйір бөліміндегі буын беті үстіңгі омыртқамен, астыңғы жағындағы жатқан буын беті астыңғы омыртқамен жалғасады. Бұның арқа өсіндісі қысқа, екі айырлы келеді.
VII мойын омыртқаның арқа өсіндісі өте ұзын, сол себепті оны «шығыңқы» омыртқа деп те атайды. Бұл өсіндісін мойынның арт жағынан ұстап тері астын байқауға болады. Сол себептен осы омыртқадан төмен қарай санау жүргізіледі.
Көкірек омыртқалары мойын омыртқаларға қарағанда ірілеу жетілген. Олардың әрқайсысына келіп қабырғалар тіркеледі. Сол себептен көлденең өсіндісі мен денесінде буын беттері болады. Көлденең өсіндісіндегі буын беті алдыңғы жағында жатады.
Дене бөлігіндегі (жоғарғы және төменгі) жартылай буын ойыстары омыртқа жотасын түзе келгенде бір-бірімен қосылып, бүтін буын ойысын түзеді. Осы екі омыртқа денесінің қосылысынан пайда болған ойысқа қабырға басы кірігіп орналасады. Сонымен бір қабырға басы көрші жатқан екі омыртқа денесімен буындасады.
I—XI—XII омыртқалар денесінде бүтін ойыстары болғандықтан оларға өз қабырғалары тікелей келіп байланысады. Осы ерекшеліктерімен бірге тағы бір айта кететін жағдай бұл омыртқалардың арқа өсінділері ұзын әрі сәл қарай бағыт алған. Осының нәтижесінде көкірек омыртқаларының қимылы басқа омыртқаларға қарағанда аздау келеді.
Бел омыртқалар бесеу. Дене салмағының көбірек түсуіне байланысты жоғары жатқан омыртқаларға қарағанда күшті жетілген. Әсіресе ең соңғы V омыртқа ірілеу. Көлденең өсінділері қабырға қалдығының болуына байланысты ұзындау келген. Арқа өсінділері жалпақ, тіке артқа қарап, бір-біріне параллель жатады. Сол себептен адамның, бел бөлігі басқа бөліктерге қарағанда қозғалғыш келеді.
Сегізкөз сүйегі сегізкөз омыртқаларының бірігу нәтижесінде пайда болған. Сырт пішіні үш бұрышты келген. Жоғарғы жағы кеңейіп, V бел омыртқасымен төменгі жағы сүйірленіп құйымшақ омыртқаларына байланысады
Бүйір бөліктерінде екі жамбас сүйектерімен буындасатын құлақ қалқаны тәрізді буын беті болады. Сегізкөз сүйегінің алдынғы бетінде омыртқа денелерінің бірігуі нәтижесінде пайда болған көлденең сызықтар жатады. Артқы жақ беті өсінділерінің бірігуі нәтижесінде бұдырлы келеді. Сегізкөз сүйегінің ортасымен ұзына бойы төмен түскен бұдырын ортаңғы бұдыры дейді. Ол арқа өсінділерінің бірігуі нәтижесінда пайда болған. Оның екі жағында өсінділерінің бірігуі нәтижесінде пайда болған буын бұдырмағы, ал оның екі жағында көлденең өсінділерінің бірігуі нәтижесінде пайда болған бүйір қалыңы жатады. Сегізкөздің ішінде каналы бар. Оның алдыңғы және артқы бетінде нервтер мен қан тамырлары өтетін тесіктері болады. Сол себептен бұл сүйекті сегізкөз деп те атайды. Сегізкөз құрылысында жыныстық айырмашылық та байқалады. Ер адамда сегізкөз ұзындау, әрі жіңішкелеу, ал әйел адамда жалпақ, әрі қысқа болады.
Құйымшақ омыртқаларының өсінділері жойылып, омыртқа денесі ғана сақталған 4—5 қалдық омыртқалардың бірігуі нәтижесінде пайда болады. Бұл жануарлардың құйрық бөліміне сәйкес келген қалдық омыртқалар. Сондықтан олардың өсінділері жойылып, домалақ келген сүйекшелерге ұқсайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет