2 дәріс Адамның қаңқасы



бет5/7
Дата13.05.2024
өлшемі276,15 Kb.
#202020
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
JFGSJJOVDLWZ06052024124749

БАС СҮЙЕКТЕРІ


Бас сүйектеріне алуан түрлі құрылыста келген сүйектер жатады. Олар адам өміріне өте қажетті көптеген органдарды қоршап, қорғап тұрады. Ол сүйектерді атқаратын қызметіне қарай ми сауыты және бет бөлімі деп екіге бөледі.
Ми сауытының іші қуысты, онда нерв системасының жоғарғы бөлімі – ми жатады. Бас сүйектерінің бет бөлімінен тыныс алу және ас қорыту системалары басталады. Сонымен қатар көру, есту, иіс, дәм сезу т.б. сезім мүшелері жатады.
Ми сауытының сүйектеріне шүйде, төбе, маңдай, самай, сына және тор сүйектері жатады.
Шүйде сүйек (затылочная кость) ми сауытының арт жағын түзіп жатады. Оның сырт жағы дөңес, ішкі беті ойыс келеді. Шүйде сүйегінің үлкен тесігінен айнала төрт бөлігі жатады, алдыңы жағында – негізі, екі жағында екі буйір бөлігі, арт жағында – қабыршық бөлігі. Бүйір бөлігінің астыңғы бетіндегі екі кебіс тәрізді келген буын дөңесіне ауыз омыртқаның буын ойысына жалғасады. Кебіс тәрізді буын денесінің үстінде тіласты нерв өтетін канал жатады. Екі бүйір бөлігі мойындырық өсіндісі мен ойығына жалғасады. Олар самай сүйегімен қосылып бірнеше мидан тарайтын нервтер өтетін мойындырық тесігін түзеді.
Шүйде сүйегінің қабыршық бөлігінің сырт жағымен бір-біріне көлденең параллель өтетін желке бұдырлары болады. Оларға желке еттері тіркеледі. Қабыршақ бөлігінің ішкі сайшалар арқылы төрт ойысқа бөлінген. Жоғарғы екі ойысына үлкен мидың шүйде бөліктері сай келсе, төменгі екі ойысына мишық бөліктері сай келеді. Шүйде сүйегі алдыңғы жағынан сына сүйегімен, екі жағынан самай және төбе сүйгірімен шектеліп жатады.
Төбе сүйек (теменная кость) жұп келеді. Ми сауытының төбе және екі бүйір бөлігін түзеді. Бұл ішкі жағы ойыс, сырт жағы дөңес келген, пішіні төрт бұрышты сүйек. Алдыңғы жиегі маңдай, төменгі жиегі самай, ал артқы жиегі шүйде сүйегімен шектесе жатады. Төбе сүйектерінің орта жеріндегі дөңес келген жерін төбе төмпегі деп атайды. Ішкі бетінде қан тамырлары өтетін сайлары болады.
Маңдай сүйек — тақ сүйек ми сауытының алдыңғы бөлігін түзеді. Ол екі көз, мұрын, жазық келген қабыршак (маңдай) бөлігінен тұрады. Екі қос пластинка тәрізді көз бөлігі көз шарасының жоғарғы қабырғасын түзеді. Бұл екеуінің аралығындағы мұрын бөлігі тор сүйектің үстіңгі жағында орналасқан, оған мұрын сүйектері жалғасады. Қабыршақты бөлігі төбе сүйектерімен шектеседі. Бұл бөлігінің тек адамға тән шығыңқы келген жерін маңдай дөңесі, одан төмен екі қос доғасы жатады.
Маңдай сүйегінің мұрын бөлігінің үстіңгі жағындағы қуыстықты маңдай қойнауы дейді. Ол мұрын қуысымен тығыз байланыста жатады.
Самай сүйектері (височная кость) ми сауытының екі жақ бүйір бөліктерін түзіп жатады. Бұның алуан түрлі атқаратын қызметіне қарай құрылысы да өте күрделі келеді. Самай сүйегінің ішінде есту және тепе-теңдік органдары орналасқан және ол шайнау процесінің тірегі болып табылады. Бұл сүйектің сырт жақ бетінде есту органының сыртқы есту тесігі орналасқан. Осы тесіктін, жоғарғы жағында қабыршақ бөлімі, арт жағында еміздік бөлімі, астыңғы жағын қоршап – дабыл бөлімі, ми сауытының ішіне қарай кіре жатқан – пирамида (тасша) бөлімі жатады. Қабыршақ бөлімі жұқа келген пластинка тәрізді, ол ми сауытының сырт жағын түзеді. Оның шықшыт сүйегіне қарай бағыт алған өсіндісін шықшыт өсіндісі деп атайды Осы өсіндінің басталар жерінде буын ойысы бар. Оған төменгі жақтың буын өсіндісінің басы жалғасады. Ось буын ойысының алдыңғы жағындағы буын төменгі жақтың буын басының таюын тежеп тұрады. Бірақ адам қатты есінегенде, не қатты соғудан шығып кетуі де мүмкін.
Еміздік бөлімін еміздік өсіндісінен, құлақ қалқанының арт жағынан тері астынан байқауға болады. Самай сүйектің бұл бөлігі қуысты, ол ортаңғы құлақ қуысымен тығыз байланыста жатады. Осының нәтижесінде ортаңғы құлақ ауырып қабынған кезде, ондағы ірің заты еміздікше бөлігіне де тарауы мүмкін. Еміздік өсіндісінің алдыңғы жағында біз тәрізді өсінді жатады.
Дабылдық бөлімі — дыбыс тесігінің алдыңғы және төменгі қабырғасын қоршап жатқан бөлігі. Бұл тесіктің жоғарғы қабырғасын қабыршақты бөлімі қоршап жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет