№ 2 дәріс: Жас спортшыларды іріктеудің заманауи жүйесі
Дәріс жоспары: Іріктеу жүйесінің негізгі түсінігі, спорттық-тәсілдік, дене даярлығының бастапқы деңгейі
Дене қабілеттерінің дамуы, спорттық дарындылық, спорттық бағдар, жас спортшыларды іріктеу кезеңі.
Спорт мектептеріне іріктеу шарты: дәрігерлік-биологиялық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік.
Дәріс мазмұны: Спорт - сайыстық, бәсекелестікте өтетін, спорттық жоғары нәтижеге жетуге ұмтылу жағдайында тарихи жинақталған әлеуметтік қызмет. Спортқа негізінен жарыстық қызмет, оған арнайы дайындық , ерекше қатынас, талап және нәтижеге жету кіреді.
Спорт адамды жан-жақты жетілдірудің тиімді құралы ретінде оны рухани және дене дайындығына тәрбиелеудің қозғаушы күші болып саналады. Спорттық жоғары нәтижеге жеткен сайын спортшы тек денесін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар адамгершілік, өнегелілік, эстетикалық , ақыл-ой, еңбек, отан сүйгіштік тәрбиелерін де алады. Спорттың адамды тәрбиелеудегі педагогикалық маңызы өте зор.
Қазіргі таңда спорттық қозғалыс негізгі екі бағытқа бөлінеді: бұқаралық(жалпы көпшілік) спорт және жоғарынәтижелер спорты. Бұқаралық спорт спорттық нәтижелері жоғары емес және көп адамның қатысуы қатынасымен сипатталады. Бұқаралық спортта спорттық нәтижелерді арттырумен қатар елеулі орын мен уақыт сауықтыру міндеттерін шешуге, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға (үзілістік-сауықтыру спорты), сонымен бірге еңбекке және қорғаныс тәжірибесіне бөлінеді (кәсіби-қолданбалы спорт). Сондықтан, бұқаралық спорт тұрғындарды дене тәрбиесіне және салауатты өмір салтына насихаттап, тарту міндеттерін шешуде басты рөль ойнайды.
Ал, жоғары нәтижелер спорты барынша жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылумен байланысты (әлемдік рекордтар, Олимпиадалық ойындарда, Әлем, құрлық чемпионаттарында және ҚР біріншіліктерінде). Алайда спорттық нәтиже неғұрлым жоғары болған сайын, бұл жоғары нәтижеге жететіндердің саны да азая береді.
Спортшы өмірінің белгілі кезеңдерінде жоғары нәтижелер спорты басымырақ жағдайда болады. Олардың дайындығын жоғары біліктілігі бар жаттықтырушылар жүргізеді және ондағы жаттығу барысында ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктері пайдаланылады, жаттығу және жарыстық жүктемелердің көп мөлшері қолданылады, ал спортшылар көп кезеңдік қатаң іріктеуден өтеді.
Жоғары нәтижелер спортының қоғамдық қызметін іске асырудың да белгілі ерекшеліктері бар. Жоғары спорттық нәтижелер үлкен қоғамдық қозғалыс (резонанс) туғызады және қандай мектепте спорттың даму деңгейі, халықаралық жарыстарға қатысуы жоғары екендігі, әртүрлі елдер спортшылары мен спорт сүйер көпшіліктің әртүрлі әлеуметтік орталарында байланыс орнатуға, сонымен бірге халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтуға мүмкіндік жасайды. Спорттың экономикалық мәні спорттық қозғалыстың бұқаралығының арттырылуында, спорттық көріністерді өткізудегі оның сауықтыру тиімділігінің жақсаруында көрінеді. Спорттық нәтижелердің өсуі адамның мүмкіндік шегі туралы ұғымы аясын кеңейтеді, спортшыларды дайындау әдістемесіне жаңа жолдар ашуға жәрдемдеседі, ол сонымен бірге бұқаралық спорттық қозғалысқа қатысушылар үшін жаңа бағдарлар мен мөлшерлік белгілерді (норматив) орнату қызметін атқарады (үлгілік және ынталандыру маңызы). Спорттың эстетикасы ымырасыз спорттық сайыс сұлулығында, қозғалыстың жетілуінде және т.б. көрінеді.
Жоғары дәрежелі спортшылармен шұғылданудың сауықтыру әсерлілігі тиянақты дәрігерлік бақылаудың, жаттығуды үйлесімді құрудың және спортшылардың жеке ерекшеліктерін есепке алып жүктеме мөлшерін тиімді таңдаудың нәтижесінде қамтамасыз етіледі.
С порт қозғалысының бағытының ерекшелігін талдай келе спорттың бұқаралығы мен жоғары дәрежелі спортшылардың жетістіктері деңгейінің негізгі механизмдерінің өзара байланыстылығын нақты, айқын көрсету қажет. Жоғары дәрежелі спортшылардың (әсіресе халыққа танымал спорт түрлерінен) жоғары нәтижелі көрсеткіштері, дене шынықтырумен және спортпен белсене шұғылдануды насихаттаудың тиімді құралы қызметін атқарады. Соның әсерінен, спортпен шұғылдануға талапкерлер саны артып, олардың арасынан жаңа дарынды спортшыларды анықтап, келешекте олардан спорттық жоғары жетістіктерді жоғары деңгейге көтеретін жеңімпаздарды дайындауға болады. Сондықтан, әр спорт түрінің алға өрлеуі басқа құбылыстармен қатар спорттық қозғалыстың барлық жағының үзіліссіз байланысымен негізделеді.
Спорт ілімі спорттық қызметтің негізгі заңдылықтары жөніндегі сенімді ғылыми білім жүйесін көрсетеді. Спорттық қызметтің көптеген төмендегі түрлері бар: жарыстық қызмет, спорттық дайындық, спорттық іріктеу, материалдық және ақпараттық қамтамасыздандыру жүйесі, жарыстағы төрешілік ету, спорт жанкүйерлерінің қызметі және т.б. осыған сәйкес спорт ілімінде тарауларға бөлініп, олардың ішіндегі барынша талданып, дайындалғаны жарыстық қызмет ілімі мен спорттың іріктеу ілімі болып табылады.
Қазіргі заманғы өскелең өмір жағдайында бұл кәсіптенуге және біржақтылыққа, сонымен бірге жоғары дәрежелі спортшылар басқа барлық азаматтар сияқты жан-жақты даму үшін арнайы білім алуды меңгеруде спортпен шұғылдануды үйлестіруі тиіс.
Спорттық жарыстар мен спорттық нәтижелер көп деңгейлік жүйені жасайды. Әртүрлі санаттағы сайыстар ұжым ауқымындағы жарыстардан Әлем чемпионаты және Олимпиадалық ойындарға дейінгі, бір санаттағы жарыстың өзінде әдеттегі аралық нәтижелер шығып тұрады, көп сатылы жүйені құрайды (алдын-ала және қорытынды жүгірудің, чемпионаттардың жеке ойындарының нәтижелері, жеке ойындардағы қақпаға енген доп немесе шайба айырмалары және т.б.).
Ж арысқа қатысудағы тікелей ерекше мақсат жоспарланған спорттық нәтижеге жету болып табылады. Мысалы, жеңіске жету, рекорд жаңарту, жүлделі орын алу, спорттық дәреже тараптарын орындау және т.б. жоспарлануы мүмкін. Финалға шығу үшін кейде тең ойын, кейде аз ұпаймен ұтылу да дұрыс нәтижеге жатады. Жарысқа қатысушы көп жағдайда жеке спортшы емес, спорттық команда болуы мүмкін. Бұл команданың құрамына негізгі ойыншылар мен қосалқы ойыншылар, жаттықтырушы (жарыстық қызметтің тікелей жетекшісі ретінде), спорттық дәрігер, жаттықтырушылар мен спортшыларды жарыс барысында қажетті жедел ақпараттармен қамтамасыз ететін жарыс кезеңінде оның табысты нәтижеге жетуіне мүмкіндік туғызатын кешенді ғылыми топ (к.ғ.т.) мамандары кіруі мүмкін. Одан басқа да адамдардың мақсатты бағыттағы белсенділігі көрінеді. Мысалы, спорт жанкүйерлерінің әрекеттері сайыс нәтижесіне елеулі әсер етуі мүмкін. Сайыстың өту барысы жарыстық жағдайлардың жүйелі ауысып отыруымен сипатталады. Әрбір жарыстық жағдай ағымдағы “мүмкіндік жағдайымен” (жеткен нәтижемен, қатысушылар мүмкіндігімен, олардың кеңістіктік жай-күйімен, спорт базасының мүмкіндік жағдайымен, ауа-райымен және т.б.), яғни келесі сәттерге және олардың әрқайсысына өту мүмкіндіктеріне “мүмкіндік жағдайын” жинақтаумен сипатталады. Жарыстық жағдайлар әртүрлі сайыстық деңгейде бөлінуі мүмкін және олар әртүрлі уақыт көлеміндегі мөлшерде болады. Жарыстық жағдайдың бір мысалы, футбол немесе хоккейдің турнирлік кестедегі жағдайы, онда командалардың жинағын ұпай санымен, кезекті турдан кейінгі мүмкін болған ұпай саны және осы ұпайларды алу мүмкіндіктерімен анықталады (нақтылы қарсыласқа байланысты). Басқа мысал, жүзгіштердің, шаңғышылардың ара қашықтықтардағы қозғалысы осыған жатады. Мұнда уақыттың әрбір сәтінде спортшылардың ара қашықтық жолында, сөреге дейінгі қашықтықта, әрбір қарсыластарының жұмсалмаған қуат күштері қорларының және олардың әртүрлі кедергі жасайтын тәсілдік түпкі ойлары және т.б. белгілі бір түсіністіктегі жағдайы болады. Ең соңында орындалатын жарыстық жаттығулардың жекелеген кезеңдері әртүрлі жарыстық сәттер ретінде қаралуы мүмкін (жеңіл атлетикадағы екпін алу, серпілу, тебу; жеке сайыстардағы ұстау, жұлып алу, лақтыру).
Әрбір жарыстық жағдайда сайысқа қатысушының белгілі бір дәрежедегі бимеханикалық күштер жиынтығы болады. Өзінің күш мүмкіндіктерін жарыстық қызмет жағдайында іске асыру жарыстық күштер жиынтығы деп аталады.
Жарыстық күштер жиынтығын іске асыру - бұл спортшының өзінің биомеханикалық күштер жиынтығын сайыс барысында табысқа жету үшін пайдалану қабілеті. Сайысқа қатысушы ұжымның жарыстық күштер жиынтығы спортшылардың, жаттықтырушылардың және т.б. жарыстық күш жиынтығының өзара сәйкестігінің дәрежесіне және мөлшеріне тәуелді.
Өз кезегінде, жарыстық күш жиынтығында (потенциалында) олардың әрқайсысын бірқатар бөліктерге бөлуге болады. Мысалы, спортшының жарыстық күш жиынтығының мөлшері ондағы сайысқа қажетті адамгершілік және ерік-жігердің қажеттілігімен, оның дұрыс шешім қабылдай білу қабілетімен, қозғалыс қабілетінің даму деңгейіменен, антропометриялық мәліметтерімен (бойы, салмағы, басы, аяғының және т.б. өлшемдері), спорт құрал-саймандарының сапалылығымен, жабдықталуыменен, сонымен бірге әрбір жарыстық жағдайға қажетті барлық бөлшектердің сай болуыменен анықталады.
Жарыстық күштер жиынтығын іске асыру жарысқа қатысушы ішкі және сыртқы кедергілерден өтіп, өзі үшін, мақсатты бағыттағы қолайлы динамикалық жағдай жасайды (қарсыласқа үрей туғызып, кезекті биіктіктегі мәреден (планкадан) өтіп, ара қашықтықтағы қозғалыс кестесін қатаң ұстау), яғни осының арқасында жоспарланған спорттық нәтижеге жетудің мүмкіндігі артады.
Жарысқа қатысушылардың жарыстық күштер жиынтығын іске асыру кезіндегі спорттық нәтижелерді қалыптастыру заңдары спорт түрінің тәртібін және жарыс туралы ережені белгілеп, бекітеді. Мысалы, жеңіске жету үшін ара қашықтықты өту уақытын тіркейтін спорт түрлерінде орташа қозғалыс жылдамдығындағы аз ғана басымдық толық жеткілікті. Керісінше, ойын барысында және аймақтық басымырақ үстемдігі бар футбол командаларының бірі қарсыластар тарапынан қақпаға соққан допқа қарсылықты көбіне сезіне бермейтіні заңды құбылыс сияқты болып көрінеді. Жарыстық күш жиынтығын іске асыру үшін жарысты өткізудің көптеген әдістерінің әрқайсысына біркелкі емес мүмкіндік жасайды (шығып қалу, айналма және т.б.).
Жоғары нәтижелерге деген ұмтылыс жарысқа қатысушы спортшылардан дене және психикалық қабілеттерінің барынша шегінде көрінуін жиі талап етеді. Атап айтқанда, бұл жағдай спорттық дайындықтың құралы ретінде жарыстық қызметтің жоғары нәтижелілігі, спорттық сайыстардың қызық көрнекілігінің бір себебі болып табылады. Бұл қабілеттердің барлығы арнайы психикалық, әдістік-тәсілдік және дененің дайындалғандығының деңгейін анықтайды.
Сайыстардағы табысқа жету ықтималдығы бірқатар мына себептермен анықталады:
жоспарланған нәтиже мөлшеріне: нәтиже неғұрлым жоғары болған сайын, сол ғұрлым оған жету мүмкіндігі аз.
сайысқа қатысушылардың жарыстық күш жиынтығының құрылымы мен мөлшері: жарыстық күш жиынтығы неғұрлым жоғары болған сайын (қарсыласты қосқанда кедергі жасайтын қозғаушы күштердің қатынасында), солғұрлым табысқа жету мүмкіндігі мол;
жарыстық қызметте динамикалық жағдайларды іске асыру және ұйымдастыру;
спорттық нәтижелерді анықтау тәртібімен (жеңімпазды анықтау жолыменен, ұпай, бал санау тәртібімен, нәтижелері тең болған жағдайдағы әрекетімен және т.б.), жарыс туралы ереже және спорт түрінің бекітілген тәртібіне сәйкес;
жарысқа қатысушыларда қатысы жоқ, басқа қозғаушы күштермен (оның ішінде кездейсоқтары да): жарыс жағдайының күтпеген өзгерісі, ауа райы, спорт қондырғыларының жарамдылығы, құрал-саймандары, қарулары, төрешілердің қателері және т.б.
С порт ұжымының әрбір мүшесінің жарыстық күш жиынтығына, оның бейімделгіштік негізінде осы спорт түрінен дайындалғандыққа, сонымен бірге сайыс барысында материалдық және ақпараттық қамсыздануға жету барысында қалыптасады.
Бұлардың бәрі спорттық іріктеудің (кіргізу, шығару, ауыстыру), спорттық дайындықтың, сонымен бірге материалдық және ақпараттық қамсызданудың жәрдемімен жасалады. Жоғарыдағы аталған жұмыстар барысы жарыстық қызметтің ерекшеліктерімен (мысалы, күрес, ауыр атлетикаға қарағанда спортшылар мен жаттықтырушыдан басқа кешенді қабілетті талап етеді) және жоспарланған спорттық нәтижелер деңгейімен жасалады (ол неғұрлым жоғары болса, солғұрлым іріктеу қатал, жетілген, күрделі және дайындау қымбат).
Сонымен, спорт кең үғымда меншікті жарыстық қызметті, оған арнайы дайындықты, сонымен бірге осы қызмет аясында өзгеше қатынас, нормалар мен жетістіктерді көрсетеді.
Барлық әлемде спортты дамыту көптеген спорт түрлерінің пайда болуына және таралуына мүмкіндік туғызады. Қазіргі таңда әлемде 200-ден аса спорт түрлері таралған. Олардың әрқайсысы өзінің жарыстық сипатымен, ерекше әрекет құрамымен, күресті жүргізу әдістерімен және жарыс ережелерімен сипатталады.
Әлемде кең таралымға ие болған спорт түрлерінің барлығы жарыстық пән ерекшелігіне және қозғалыс белсенділігі сипатына қарай 6 топқа бөлінеді. (Матвеев Л.П.,1977):