2-дәріс Тақырыбы: Тіс техникалық материалдардың негізгі қасиеттері. Мақсаты



бет25/27
Дата12.12.2023
өлшемі301 Kb.
#196489
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Лекции МОС каз тезисы

Тақырып: “Көмекші материалдар
Мақсаты: Пішіндік және абразивті материалдармен, олардың құрамымен, қасиетімен және қолданылуымен студенттерді таныстыру.
Жасалынған модель бойынша дәл құйылған зат алу үшін пішіндік материал керек. Пішіндік немесе қалыптық массаларды (қоспаларды) басты және көмекші деп бөледі. Басты деп, оның (массаның) қасиетіне, құйылатын қалыптың сапалық көрсеткіштерінің тәуелді болуын айтады. Олар қалыптың негізін құрайды және құйылатын материалмен жанасады. Әдетте отқа төзімді қалыптды дайындағанда екі қалыптық массалар қолдылады: бірі қалыптың ішкі бөлігінде құйылатын қуыстың қабаты ретінде, екіншісі опоканың қалған бөліктерін толтыратын зат есебінде пайдалынады. Бірінші -әшекей (облицовочный) қабатына жоғары талап қойылады, өйткені құйылған құйманың сапасы оның құрылысына, қасиетіне тәуеді. Екінші қоспа толтырғыш деп аталынады. Көмекші материалдарға негізгі қалыптық материалдарға арнайы қасиет беріп, қалыпты бекітетін заттарды жатқызады.
Қалыптық материалдарға қойылатын талаптар:

  1. Қатаю уақыты 7-10 минут;

  2. Құймамен әрекетке (фосфор, күкірт және т.б.) түсіп, сапасын төмендетпеуі;

  3. Құймаға жабыспауы;

  4. Жоғары дисперсті ұнтақтан тұрып құйылған заттың беткі қабатының тегіс болуы;

  5. Қуысты қабат түзіп, қалыпқа балқыған металл құйған кездегі түзетін газдарды сіңіріп алуы;

  6. Қыздырғанда шатынамауы;

  7. Құйылған құйманың көлемінің шөгуіне сай, қатқаннан кейінгі көлемінің ұлғаюы;

  8. Құйылатын температурада жеткілікті мықтылығының болуы;

  9. Адам жұмыс істегенде зиянсыз болуы.

Гипстік қалыптық материал гипстен (20-40%) және кремний тотығынан тұрады. Гипс бұл жерде байланыстырғыштың қызметін атқарады. Кремний тотығы массаға қажет жылуға тұрақтылық пен қалыбының шөгу шамасын анықтайды. Қатаю жылдамдығын және температуралық ұлғаю коэффициентін реттеу үшін 2-3% натрий хлоридін немесе бор қышқылын қолданады. Бұл массадан жасалған қалыптар балқу температурасы 1200-1600С болатын тот баспайтын болатты құюға жарамайды.
Фосфатты қалыптық материал ұнтақтан (мырышфосфат цементі, ұсақталған кварц, кристобаллит, каолин, алюминий тотығының гидраты) және сұйықтан (фосфор қышқылы, магний тотығы, су, алюминий тотығының гидраты) тұрады. Бұл қалыптық материал тот баспайтын болаттың суытқан кездегі шөгуін көлемінің ұлғаюы арқылы қалпына келтіреді.
Ұнтақтың құрамына кіретін металл тотықтарын сұйықпен (фосфат қышқылы) аралыстырғанда фосфаттар түзеді де қалыптық материалдың толтырғыштарымен (кристобаллит, кварц және т.б.) мықты байланысқа түседі. Термиялық өңдеу нәтижесінде фосфаттар ортоқалыптан отқа төзімді 1200-1600С пироқалыпқа ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет