2-дәріс Тақырыбы: Тіс техникалық материалдардың негізгі қасиеттері. Мақсаты



бет21/27
Дата12.12.2023
өлшемі301 Kb.
#196489
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
Лекции МОС каз тезисы
history
Тақырыбы:«Мүсіндік материалдар».


Мақсаты: Мүсіндік материалдармен студенттерді таныстыру.



  • Мүсіндік материалдар гипсті, балауызды, металды болып бөлінеді. Тістің анатомиялық пішінін, протездің негізін немесе гипсті модельде конструкциясын келтіретін стоматологиялық мүсіндік материалдар келешекте негізгі материалмен-металмен немесе пластмассамен ауыстырылады.

Ортопедиялық стоматологияда мүсіндеуге арналған материалдардың өздеріне тән қасиеттері бар. Бұл материалдарға төмендегідей талаптар қойылады:



  1. Ауыз қуысында қолданғанда және олармен жұмыс істегенде зиянсыз болуы;

  2. Белгілі бір температуралық аралықта жақсы иілімділік қасиетінің болуы;

  3. Мүсіндегеннен кейін жеткілікті қаттылығының және серпімділігінің болуы;

  4. Модельге қабатталынатын қабілеттілігінің болуы;

  5. Массаны балқытқаннан немесе күйдіргеннен соң қалыпта қалдық қалдырмауы;

  6. Шөгуінің аз болуы;

  7. Қалыбын өзгертпеуі;

  8. Түсінің индиферентті және оның жағылатын материалдардың беткі қабатының түсінен бөлек болуы.

Балауыз композицияларының құрамы мен қасиеті оның қандай жұмыстарға арналғандығына байланысты.
Мүсіндеуге арналған материалдардың көпшілігі әртүрлі балауыздардың қосындысы немесе композициялары болып келеді.
Стоматологияда балауыздарды төрт топқа бөледі:
1.Жануарлар балауызы. Бұл топқа насекомдар мен жануарлар бөліп шығаратын балауызды жатқызуға болады. Олардың ішінде ең көп тарағаны бал ара балауызы мен стеарин. Балауыздың құрамына органикалық қышқылдар (пальметин, церотин, мелиссин), май қышқылдарының эфирлері және спирттер кіреді. Бал ара балауызды өздерінің ерекше бездерінен бөліп шығарады. Стеарин балауызға ұқсаған, малдың майын гидролиз жасау арқылы алынатын материал. Оның химиялық құрамында пальметин, стеарин және басқа май қышқылдар бар.
2.Өсімдіктер балауызы. Кейбір өсімдіктер әртүрлі бөліктерінде балауыз тектес заттар бөліп шығарады: пальманың жапырақтарында-карнауб, жемістерінде-жапон, шөптерде-канделил балауыздары.Ортопедиялық стоматологияда ең көп тарағаны карнауб және жапон балауыздары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет