2-дәріс Тақырыбы: Тіс техникалық материалдардың негізгі қасиеттері. Мақсаты



бет17/27
Дата12.12.2023
өлшемі301 Kb.
#196489
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
Лекции МОС каз тезисы
history
Мақсаты: Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын көмекші және қалыптық материалдармен студенттерді таныстыру. Олардың құрамын, қасиеттерін және қолданылуын оқып үйрету.

Тіс протездерін жасау үшін ауыздағы тістің, иектің үлгісін алу керек.


Үлгілік материалдар қатқаннан кейін физикалық жағдайға байланысты бөлінеді:
1.Қатты кристалданатын материалдар (гипс, мырышоксидэвгенолды және мырышоксидвояколды сықпалар).
2. Эластикалық материалдар:
а) альгинатты (стомальгин, эластик, Superelastik, Altex және т.б.);
б) силиконды (сиэласт-69,03;05);
в) тиоколды (тиодент);
г) гидроколлоидты материалдар (агар-агар).
3.Термопластикалық материалдар (стенс, термопластикалық масса № 1,2,3,4, акродент, ортокор, стомапласт,дентафоль, Керро массасы, гуттаперча).
Стоматологиялық үлгілік материалдардың мынандай қасиеттері болуы керек:

  1. Ауыз қуысындағы кілегей қабықтың және тістердің рельефтері дәл түсіруі және үлгіні ауыз қуысынан алған кезде қалыбын өзгертпеуі;

  2. Көлемінің өзгермеуі (материал қатқан кезде, сақтағанда көлемі 0,1% көп кішіреймеуі керек);

  3. Ауыз қуысына апарып салған кезде қамыр тәріздес иленгіш болып, қатқаннан кейін эластикалы (резеңке тектес) болуы;

  4. Ауыз қуысындағы температура мен ылғалдылық жағдайында тез және толық қатуы;

  5. Ауыз қуысына кіргізілуінің және алынуының ыңғайлығы;

  6. Ауыз қуысында болатын термиялық және химиялық процестердің әсерінен туындайтын зиянды әрекеттердің болмауы;

  7. Жаман иісі мен дәмінің болмауы;

  8. Пайдаланған материалдардың жеңіл залалсыздандырылып қайтадан қолдану мүмкіндігінің болуы;

  9. Модельді құйғаннан кейін одан жеңіл ажыратылуы;

  10. Жеңіл қапталынып, сақтауға, алып жүруге ықшам және арзан болуы:

Мырышоксидэвгенол-екі сауытқа салынған сықпа ретінде шығарылады. Бұндай етіп шығару,екі сықпаны бір-бірімен аралыстырған кездегі мөлшерін анықтауды оңайлатады. Сықпалардың біркелкі араласуының белгісі-басқа түске боялады.
Үлгілік мырышоксидэвгенол материалдарына мынандай талаптар қойылады:

  1. Үлгілік материал ауыз қуысына кіргізілген кезде жұмсақ-иленгіш болып, еш қысымсыз кілегей қабықтың рельефін 2-3 мк аралығындағы дәлділікпен үлгісін алуы керек;

  2. Кристалданып қатуы 3-5 минут аралығында болу керек;

  3. 24 сағаттың ішінде көлемінің кішіреюі 0,1-0,15% аспауы қажет;

  4. Үлгілік материалдар ауыз қуысынан кілегей қабығын тітіркендірмеуі керек.

Мырышоксидэвгенолдың негізіндегі үлгілік материалдар мырыш оксиді және эвгенолдан тұратын толықтырылған компаундтар (эластикалық қасиеті бар). Бұл материалдың құрамына мырыш тотығы, эвгенол, толықтырғыштар, структуралық құрылымды тездеткіш, қарағай шайыры, бальзам, эвгенолдың тітіркендіргіш қасиетін төмендеткіш, пластификаторлар және бояғыш заттар кіреді.
Мырыш тотығы мен эвгенол. Бұл үлгілік материалдың жасалуы мырыш тотығы мен эвгенолдың арасындағы химиялық реакцияға негізделген.
Құрылым түзуді тездеткіштер. Үлгілік материалдың құрылым түзулуі 3-5 минутта аяқталуы керек. Ол үшін минерал тұздар қосылады. Мысалы, 1,5-2% мырыш ацетаты берілген уақыт аралығында қажет пішіндегі құрылым түзуге жеткілікті. Мырыш ацетаты эвгенолмен реакцияға түсетіндіктен мырыш тотығы бар сықпаға қосылады.
Толтырғыштар. Сықпа сәйкес консистенция алу үшін, оның көлемінің өзгермеуі және жабысқақ болмауы үшін оған толтырғыштар қосылады. Толтырғыш ретінде тальк, каолин, ұсақталған бор қосады.
Қарағай шайыры. Сықпаның жабысқақтығын азайтады және пастаға керек консистенция береді, ал қарағай шайыры кристалданып қалмас үшін қарғай желімін қосады.
Пластификаторлар. Пластификатор ретінде зығыр майын, зәйтүн майын, минералды майларды қолданады. Ең жақсы пластификатор-вазелин майы.
Түзеткіш заттар. Кейбір адамдарға қалампыр майының иісі жағымсыз болғандықтан компаунд құрамына жалбыз майын қосады. Эвгенолдың тітркендіргіш әсерін жою үщін жаңа піскен алманыңиісіне ұқсаған перуан немесе канада бальзамдарын, болмаса шостаковский бальзамын аз мөлшерде қосады.
Қасиеті. Мырышоксидэвгенол негізіндегі үлгілік материаладрдың ұнамды қасиеттері ретінде олардың белгілі бір уақыт аралығында тез әрі сапалы құрылым түзілуін, иленгіштігін, көлемінің болар-болмас өзгеруін, жыртылмайтындығын айтуға болады.


Қолданылуы. Мырышоксидэвгенол және мырышоксидгвоякол массалары тіссіз жақ сүйектерінің кілегей қабаттарынан үлгі алу үшін қолданылады. Бұл массалар жұмсақ тканьдердің рельефтерін жоғары дәлділікпен үлгіге түсіреді. Мырышоксидэвгенол сықпаларын қаптамаларды уақытша ұстату үшін де қолдануға болады.
Гипс. Барлық қосалқы материалдардың ішінде ең жиі кездесетін және кеңінен қолданылатыны гипс болып табылады. Ол протездерді жасауда, үлгі алу және модель жасау үшін, қалыптық материал ретінде, дәнекерлеуге және басқа жұмыстар үшін қолданылады.

Гипстің артықшылығы:



  1. Арзан әрі оңай табылатын материал;

  2. Протездің орнынан дәл үлгі алуға болады;

  3. Зиянсыз, иісі және дәмі жоқ;

  4. Көлемі кішіреймейді;

  5. Сілекейде ерімейді;

  6. Су тигенде ісіңбейді;

  7. Модельден оңай ажыратылады.

Гипстің кемшіліктері:



  1. Морт сынғыш, ауыздан шығар кезде үлгі сынып қалуы мүмкін;

  2. Тез қатуына байланысты тіссіз жақтардан функциональды үлгі алуға болмайды.

Гипстің қатуы әртүрлі факторларға байланысты: температура, ұсақтық дәрежесіне, араластыру тәсіліне, гипстің қасиетіне және кейбір тұздардың қатысуына.


Температураның әрекеті. Қосылыстың температурасы 30-37С болғанда қату процесі тездетіледі. Температура 50С градустан жоғары болса,онда гипстің кристалдануы біртіңдеп төмендейді.
Араластыру тәсілі. Суға салынған гипс біркелкі қоймалжын түрде болуы үшін оны жақсылап араластыру керек. Неғұрлым тез араластырсақ, оның құрамындағы жартылай гидратпен судың арасындағы тұтасу толық болады да гипс тез қатады. Қату жылдамдығы алынған судың мөлшеріне де байланысты екені ұстаған жөн.
Тұздардың әсері. Кейбір минералды немесе органикалық заттарды қосып, гипстің қатуын реттеуге болады. Мысалы, ас тұзы NaCe. Оны суға қосып 2,5-3%-ті ерітінді дайындайды. Сонымен қатар мына заттарды қолдануға болады: калий сульфатын, натрий сульфатын, хлорлы натрий, хлорлы калий, алюминий және калий квасцалары, калий нитраты.
Ингибиторлар: натрий тетрабораты, ағаш желімі, қант, этил спирті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет