2-дәріс Тақырыбы: Тіс техникалық материалдардың негізгі қасиеттері. Мақсаты


Фарфор қаптамаларды дайындау үшін қолданылатын фарфор массалары



бет15/27
Дата12.12.2023
өлшемі301 Kb.
#196489
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
Лекции МОС каз тезисы
history
Фарфор қаптамаларды дайындау үшін қолданылатын фарфор массалары.
Тіс техникалық лабораторияларында қолданылатын фарфор массалардан қаптама, көпір тектес протездер, микропротездер, металл беттерін жабатын қабат дайындалады.
Конструкцияның негізін құрайтын фарфор массасын негіздік деп атайды. Ол бұлдыр және өте мықты. Негіздік массасының үстінен салынатын қабаттың түрі дентинге жақын болғандықтан дентин қабаты деп аталынады. Тістердің кесу және шайнау беттерін қалпына келтіру үшін мөлдір масса қолданылады. Оны эмаль деп атайды.
Дайын протездің табиғи тістерден айырмашылығы болмау керек. Түсі, көлемі және пішіні сәйкес болуы қажет.
Қаптама жасағанда фарфор массаларын платинадан жасалған қалпақшаның үстіне салып күйдіргендіктен массаның күйдіру температурасы металл қалпақшаның күйдіру температурасынан төмен болуы керек. Санкт-Петербургтың “Медполимер” завотында шығарылатын “Гамма” массасының күйдіру температурасы 1100-1200С. Бұл массадан жасалынған фарфор массасының қысыға деген мықтылық шегі-80 МПа, майыстыруға-40 МПа, массаның сызықтық шөгуі 10-14%, көлемдік шөгуі 30% шамасында.
Металлокерамикалық протездерге арналған фарфор массалары.
Металдан жасалынған тіс протездерінжабатын фарфор массаларының металл мен керамиканың өзара химиялық және диффузиялық байланыстары болатындай физикалық және химиялық қасиеттері болу керек. Оларға қойылатын міндетті шарт металл мен керамиканың арасындағы серпімділік мен терапиялық коэффициентерінің жақындығы. Металдың балқу температурасы фарфор массаларыныңкүйдіру және балқу температурасынан төмен болуы қажет. Металлокерамикаға арналған фарфор массаларының негізін кремний, алюминий, калий, натрий, кальций тотықтарын құрайды.

Фарфор массаларының құрамы.



Фарфор массалары

Дала шпаты

кварц

Бор тотығы

доломит

мырыш

Жер сазы

Гамма негіздік қабат

Дентин қабаты


Эмаль және мөлдір қабат



55,25
57,58

56,87


29,60
31,67

31,30


6,80
7,20

7,10


1,35
1,44

1,42


2,00
2,11

3,31


5,00
-----

-----






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет