2-дәріс Тақырыбы: Тіс техникалық материалдардың негізгі қасиеттері. Мақсаты


Дәріс Тақырыбы: «Тіс протездеуде техникасында қолданатын пластмассалар»



бет11/27
Дата12.12.2023
өлшемі301 Kb.
#196489
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
Лекции МОС каз тезисы
history
5 Дәріс

Тақырыбы: «Тіс протездеуде техникасында қолданатын пластмассалар»



Мақсаты: Ортопедиялық стоматологияла қолданылатын полимерлердің құрамын, қасиеттерін және қолданылуын оқып білу.

Пластмасса дегеніміз табиғи заттардан химиялық жолдармен алынатын немесе төменгі молекулалық заттардан синтез арқылы түзілетін күрделі органикалық заттар.


Табиғатта пластмассаның негізін құрайтын заттар: табиғи газ, тас көмір, мұнай, торф және т. б. табиғи заттар. Пластмассалар жеке (плексиплас, полистирол) және бірнеше полимерлердің (аминопластмассалар, фенопластар және сополимерлер) қосындысынан тұруы мүмкін. Жоғары температураның пластмассаның физикалық, механикалық және химиялық қасиеттеріне тигізетін әсеріне байланысты пластмассалар термопластикалық және термореактивті болып екіге бөлінеді.

Термопластикалық
пластмассалар жоғарғы температурада жұмсарады. Ал температура төмендегенде өзінің құрамын өзгертпестен, қайтадан қатаяды.

Термопластикалық полимерлерге мына материалдар жатады: полиметилметакрилат, полистирол, капрон, поливинилхлорид, полиэтилен, полипропилен, фторопласт, поликарбонат. Полиэтилен мен полипропиленнің құрамы бітұтас.


Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар акрилаттар. Олар акрилді және метакрилді қышқылдардың полимерлері немесе сополимерлері. Термореактивті полимерлерге бакелит, аминопласт және фенопласт жатады.


Пластмассаны қолдану үшін мына негізгі талаптарды білу қажет:
1. организм үшін зиянсыз болуы;
2. ауыз қуысының шырышты қабатын тітіркемеу;
3. ауызда сілекейімен реакцияға түспеуі;
4. ауыз қуысының кілегей қабатымен түстес болуы және өзінің түсін ұзақ уақыт өзгертпеуі;
5. кейбір физикалық және механикалық көрсеткіштерінің талапқа сай болуы;
6. басқа материалдармен оңай және берік байланысуы;
7. металмен және басқа пластмассалармен химиялық байланысқа түспеуі;
8. пластмассадан жасалған жасанды тістер сынған жағдайда оңай жөнделуі қажет.
Қазіргі уақытта стоматологияда кең қолданылатын материалдар: этакрил немесе АКР-15, фторакс, акронил, бакрил.

Бұл материалдардың бір-бірінен айырмашылығы олардың физикалық, механикалық және химиялық қасиеттерінде. Мысалы: фторакстың беріктігі, соққыға тұрақтылығы және басқа көрсеткіштері этакрилден 1,5-2 есе жоғары. Технологиялық алу жодары бірдей болса да, температуралық ереже жоғарыда көрсетілген заттардың физикалық және механикалық көрсеткіштеріне әртүрлі әсер етеді. Мысалы: фтораксты, этакрилды толық полимеризациялау үшін 120-135С температура керек болса, бакрил үшін 110С температура керек.


Полимерлі материалдарды химиялық байланыстырға байланысты үш түрге бөледі: жазық тізбекті, “тігілген”, “егілген” полимерлер.
Бірінші топтағы материалдардың полимерлерінің немесе сополимерлерінің молекулаларының құрылымы ұзын тізбектелген мономерлерден тұрады, мысалы метилметакрилат бөлшектері. Тізбектелген молекулалар иіліп оралып жатады. Материал өзіне тән еріткіштерде еруге бейім. Бұ топтағы материалдарға «Этакрил» (АКР-15) жатады.
Екінші топтағы материалдардың полимерлерінің молекулаларының құрылысы ұзын тізбектеліп, бір бірімен кейбір жерлерде байлам арқылы жалғасқан, мысалы глинольдің диметакрил эфирі. Тізбектер бір-бірімен жалғасқандықтан еркін орын алмастыра алмайды. Бұндай материалдар ешбір еріткіштерде ісінеді. Мысалы: “Акрел”.
Үшінші топтағы материалдардың полимерлерінің молекулаларының ұзын тізбекті құрамында фторы бар каучуктермен жалғастырылған. Егілген сополимерлердің өте ұсақ бөлшектері бұл топтың материалдарына соққыға төзімділік және эластикалық сияқты қасиеттер береді. Бұл топтың негізгі өкілдері ретінде “Фторакс”, “Акронил” сияқты материалдарды келтіруге болады.
Стоматологияда қолданылатын акрилатты пластмассалар екі заттың қоспасынан тұрады. Полимер-ұнтақ және мономер-сұйық.
Фторакс-құрамында фтор бар акрилаттардың сополимері. Фторакс пластмассасының физикалық және химиялық тұрақтылығы және мықтылығы өте жоғары. Ол жартылай мөлдір, түсі ауыз қуысының жұмсақ тканьдеріне мейлінше жақын.
Акронил-метилметакрилаттың сополимері, құрамында поливинилэтилал бар. Мономерінің құрамында пластмассаның молекулалық байланысын күшейтетін диметакрилат триэтиленгликоль бар және ингибитор антиескірткіш қосылған. Акронил басқа материалдармен салыстырғанда технологиялық көрсеткіштері жоғары және суда ісіну көрсеткіші төмен.


Бакрил-басқа материалдармен салыстырғанда өте берік, мықты алмалы-салмалы тістерді жасауға қоданылатын негізгі (базисті) акрилатты пластмасса. Бакрил полимерінің құрамында эластомер бар. Бакрилдің құрамында полимеризациядан кейінгі болатын мономердің қалдығының дәрежесі төмен 0,2-0,3%.
Полимер және мономер қосылғанда химиялық реакция –полимеризация жүреді. Полимеризация дегеніміз төменгі молекулалы заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын жоғарғы молекулалы зат алу.
Полимеризация кезеңдеріндегі өзгерістер мен оларды тексеру дәрежелері.
1.Құм тектес- полимер мен мономер қосылғанда полимердің сыртқы қабатында химиялық реакция бар, сыртқы қабаты жұмсақ, ішкі қабаты қатты. Ұнтақпен сұйықты қосқан кезінде суға салынған құм тәріздес болып көрінеді.
2.Жіп тәріздес-мономер полимерге толық сіңіп, полимердің сыртқы қабаты толық еріп, ішкі қабаты жұмсарады. Қолға жабысқыш созылып, жіп тәріздес болуы.
3.Қамыр тәріздес-полимер толық мономерде еріп, біртұтас болуы. Қолға жабыспайды және өте жұмсақ.
4.Резина тәріздес-біртұтас, өте тығыз, қаттылау. Жұмсақтау, қолға алған кезде температурасы жоғары жылу бөлінуі шығады.
5.Қатаюы-бірқалыпты, жылтыр шыны тәріздес. Қатты пластмасса.
Полимердің ісінуіне бірнеше факторлар әсер етеді:
1. Полимердің аумағы мен көлемі;
а) үлкен көлемі, аумағы полимерлік реакцияны баяулатады


б) кіші көлемі, аумағы кіші полимер реакцияны

жылдамдатады.

  1. Сырткы температурага байланысты: жоғарғы температура


жылдамдатады, төменгі температура бәсеңдетеді.



  1. Полимердің молекулалық салмағына байланысты үлкен


молекулалық салмақты полимер баяу ісінеді, ал кіші молекулалық

салмакты полимер тез ісінеді.



  1. Полимердің қүрамында пластификатордың болуы


полимердің, мономердіқ тез еруіне әсерін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет