2-дәріс Тақырыбы: Тіс техникалық материалдардың негізгі қасиеттері. Мақсаты



бет9/27
Дата12.12.2023
өлшемі301 Kb.
#196489
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
Лекции МОС каз тезисы
history
Кобальт-хром құймасының құрамы:
-кобальт (66-67%) жоғары температурада қаттылықты береді
-хром (26-30%) беріктілікті мен коррозияға тұрақтылықты жоғарлатады
-никель (3-5%) құйманың тұтқырлық, серпімділік қасиеттерін жақсартып, металдың технологиялық қасиеттерін жақсартады.
Халық аралық стандарт бойынша хром, кобальт, никель құйманың құрамында 85%-тен кем болмау керек. Бұл элементтер құйманың негізін құрайды. Құрамындағы бұл металдар құйманы ауыз қуысында коррозиядан сақтайды.
-молибден (4-5%) металл құрылысының ұсақ кристалды болуы құймаға беріктілік қасиетін береді
-марганец (0,5%) беріктілікті, құюының сапасын жоғарлатады, балқу температурасын төмендетеді және құймадағы зиянды күкірт байланыстарды жоюға көмектеседі.
-көміртегі құюының сапасын жоғарлатады, балқу температурасын төмендетеді.
-кремний (0,1%) құюының сапасын жоғарлатады, балқу температурасын төмендетеді.
-азот (0,1%) құюының сапасын жоғарлатады, балқу температурасын төмендетеді.
КРЕМНИЙ ЖӘНЕ АЗОТ берілген проценттен жоғары болса серпімділік қасиетін төмендетеді.
Құйманың тұрақтылығы оның құрамындағы хромның көптігіне байланысты, ол металл бетінде әрекетке түспейтін қабат түзеді.
Кобальт-хром құймаларын балқу температурасына байланысты екі түрге бөледі:1) балқу температурасы 1316С дейінгі ; 2) балқу температурасы 1316С жоғары құйма.
Екінші топтың құймалары үшін қалыптық материалдарға гипс қосуға болмайды.
Кобальт-хром құймаларының қазіргі кезде стоматологияда кеңінен қолданылуы оның физикалық және механикалық қасиеттерінің артықшылығына, меншікті салмағының жеңілдігіне және сұйық күйіндегі тез ағатындығына байланысты.
Кобальт-хром құймаларын сүйек тіндеріне еңгізіп, тіс протездеріне тірек ретінде де қолданады, себебі оның коррозияға деген тұрақтылығы жоғары және цитотоксикалық қасиеттері жоқ. КХҚ құйғаннан кейін көлемі 1,8-2% кішірейеді. Алынған заттың құрылысы ұсақ түйіршекті болу үшін балқу температурасына жақын температурада құю керек. Егер құйманы көп қыздырып жіберсе ірі түйіршікті құрылыс түзіп, механикалық қасиеті төмендейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет