Тот баспайтын болаттар.
Тот баспайтын болатты негізгі екі топқа бөлуге болады: хромды және хромникельді. Тіс техниканың тәжірибесінде хромникель қоспалары бар болаттар қолданылады. Оның механикалық және технологиялық қасиеттері хромдық қоспаларға қарағанда анағұрлым жақсы. Құрамындағы никель болаттың жұмсақтығын арттырып, оны қысыммен өңдеуді жеңілдетеді. Хромникель құймалары ауыз қуысында, ас тұзына және қышқылға төзімді. Құйманың бұл тұрақтылығы оның беттеріндегі қорғағыш толық қабаттарына байланысты.
Тот баспайтын болаттың механикалық қасиеттері оны суық күйінде соққылап өңдеген кезде күрт төмендейді. Болаттың магниттік қасиеті болмайды, бірақ оны суық күйінде өңдеген кезде аздап магниттелінеді және қатаяды. Соққылап суық күйінде болатты өңдеген кезде қатты ерітінді бөлініп хром карбидін түзеді. Оны жұмсарту үшін 1100С-дейін қыздырып, тез суға салып шынықтырады. Қыздыру ұзақтығы 6-8 минут. Жайлап суыту болаттың қаттылығын төмендетудің орнына, онда керісінше хром карбиді түзілуіне байланысты жоғарылатады да кристаллит аралық коррозия пайда болатын жағдай жасалынады.
Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын тот баспайтын болат-көп компонентті құйма. Құрамына темір, хром, никель, көміртегі, титан және т.б. құймалар кіреді. Коррозияға тұрақтылықты беретін негізгі компонент-хром. Құйманың құрамында 17-19% болады, минимальды көрсеткіші 12-13%. Құйманың иілігіштігін арттыру үшін 8-11% никель қосады. Өнеркәсіпте болатты маркамен белгілейді. Құрамына кіретін компоненттер әріппен белгіленеді: кремний-С, хром-Х, никель-Н, титан-Т және т.б. Санмен құйманың құрамындағы компоненттің проценттік қатынасы көрсетіледі. Бірінші сан көміртегінің 10-шы проценттік үлесін көрсетеді.
Тәжірибеде көбінесе 1Х18Н9Т маркалы болат қолданылады. Бұл құйманың құрамында 72% темір, 18%хром, 9%никель, 0,1%көміртегі және 1%-ке дейін титан. Аз мөлшерде басқа да қоспалар болады, оларлың ішіндегі ең жағымсыз күкірт және фосфор.
Көміртегі- коррозияға тұрақтылықты жоғарлатады,тот баспайтын болатқа қаттылық, сынғыш қасиеттерді береді.
Хром – тотықсыздануға және коррозияға қарсы тұрақтылықты жоғарлатады, құйманың тұрақтылығын, серпімділігін жоғарлатады, ал созымдылық, тұтқырлықты және сынғыштық қасиеттерін төмендетеді. Азоттың еріткіші болып келеді және болатқа қажет концентрациясын қамтамасыз етеді.
Никель – иілімділік,беріктілік, тұтқырлық, созымдылық қасиеттерін және коррозияға қарсы тұрақтылықты жоғарлатады, құйманың кеңею коэффициентін төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |