2-дәріс Тақырыбы: Тіс техникалық материалдардың негізгі қасиеттері. Мақсаты


Титан – болаттың түйіршіктілігін қамтамасыз етеді, сынғыштықты төмендетеді, кристалл аралық коррозияға бейімділікті жояды. Кремний



бет8/27
Дата12.12.2023
өлшемі301 Kb.
#196489
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
Лекции МОС каз тезисы

Титан – болаттың түйіршіктілігін қамтамасыз етеді, сынғыштықты төмендетеді, кристалл аралық коррозияға бейімділікті жояды.

  • Кремний – құйманың құрылысына біртектілікті береді, аққыштық қасиетін жақсартады, тұтқырлық және т.б. қасиеттерін жоғарлатады.

  • Марганец – болаттың төзімділігін және беріктілігін жоғарлатады, созымдылықты төмендетеді, ағымдылық қасиеттерін жоғарлатады, балқу температурасын төмендетеді және құймадағы зиянды күкірт байланыстарды жоюға көмектеседі, болат құрамына қажетті азот концентрациясын қамтамасыз етеді.

  • Азот – коррозияға тұрақтылықты, беріктілік және серпімділік қасиеттерін жоғарлатады, сонымен қатар деформацияға қарсы қасиетін жоғарлатады, сондықтан жұқа конструкциялардағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

    Тот баспайтын болаттың балқу температурасы -1450-1500С. Болатты дәнекерлеу үшін күміс дәнекерлегіш қолданылады.


    Тот баспайтын болаттың механикалық және химиялық қасиеттерін жақсарту үшін қыздырып өңдеу қолданылады. Болатты қыздырып өңдеудің мәні металды белгілі бір температураға дейін қыздырып, сол температурада ұстап тұрып және соңынан жайлап немесе тез суытуында. “Шынықтыру” деген термин болаттың қатылығын жоғарылату деген емес, ол 1100-1200С қыздырылған затты тез суытып тұрақты аустиниттік құрылым алу. Қыздырып өңдеудің негізінде металдың екінші рет кристалдану құбылысы жатыр. Кристалдардың сұйық құймадан құрылуын бірінші рет кристалдануы деп атаймыз.
    Темір құймалары сұйық күйден қатты күйге көшкенде цементит (темірдің көміртегімен қосылысы) атты құрылыс түзеді. Егер одан ары суытатын болсақ цементит бұзылып, темір құрамындағы көміртегінің қатты ертіндісі түзіледі-аустенит. Тот баспайтын болаттың аустенитті құрылысы механикалық көрсеткіштері бойынша ең жақсысы болып есептелінеді. Бірақ біз жайлап суытқан кезде бұл құрылыс тұрақсыздық көрсетіп 875С температурада жаңа перлит деген құрылыс түзеді. Ол цементит бөліктерінің темірмен қосылысынан туындайды.
    Егер болатты қайтадан қыздыратын болсақ, оның құрылысындағы өзгерістер кері бағытта сол тәртіппен өзгереді. Бұл металдың екінші рет кристалдануы деп аталады. Тот баспайтын болаттың аустениттік құрылысы ең тиімді болғандықтан оны сол қалыбында сақтап қалу керек. Ол үшін тот баспайтын болатты 1100-1200С дейін қыздырып, тез суық суға сала қою қажет.Бұл жағдайда кристалдық құрылысы бұзылмастан аустениттік құрылысы сақталады.Ауызға салынатын қандай да болмасын тот баспайтын болаттан жасалған протездің құрылысы аустенитті болу керектігін естен шығармау керек.

    Кейбір тот баспайтын болаттардың құрамы мен механикалық қасиеттері.



    Болаттың маркасы

    C


    Si


    Mn


    Cr


    Ni


    Ti


    Nb


    Fe


    Механикалық қасиеттері
    қат- берік-
    тылық тілік

    1X18H9T

    0,14

    0,9

    0,8

    17-19

    8-11

    0,8-1

    ---

    ---

    140-180 56-75

    Х18Н9

    0,07

    1

    2

    18

    9

    0,35

    0,5

    Қал-дық

    130-180 55-70

    20Х18Н9Т

    0,20

    1

    2

    18

    9

    1

    ---

    Қал-дық

    1. 70

    25Х18Н102С

    0,25

    1,8

    2

    18

    10

    ---

    ---

    Қал-дық

    180 75





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет