Тақырыбы: « Тіс протездеу техникасында қолданатын стоматологиялық фарфор»
Мақсаты: Стоматологиялық фарформен және ситалдармен студенттерді таныстыру. Олардың құрамын және қасиеттерін оқып үйрету.
Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын фарфор массалары дала шпатынан (60-75%), кварцтан (15-35%), каолиннен (3-10%) тұрады. Фарфор массаларының қолданылуына байланысты көрсетілген компоненттердің проценттік қатынасы өзгеруі мүмкін. Массаның құрамына бояулар қосады, ал кейбір кездерде арнайы қасиет беру үшін басқа компонентерді қосады.
Дала шпаты-фарфор массаларының негізгі компоненті. Химиялық құрамы жағынан күрделі қосылыс болып табылады. Табиғатта оның үш түрі өте көп тараған: калий бар дала шпаты (ортоклаз), натрий бар дала шпаты (альбит) және кальцийбар дала шпаты. Дала шпатымен бірге жиі кездесетін кальцидің, темірдің, титанның, магнийдің және т.б. тотықтары.
Фарфор өндірістерінде ең көп қолданылатыны калий бар дала шпаты. Ол фарфор массаларыныңнегізі болып, олардың құрамында 60-тан 75% дейін кездеседі. Дала шпаты фарфор массаларының құрамындағы ең тез балқитын компонент. Балқытылған күйінде (1200-1500С температурада) ол созылмалы шыны тәріздес масса болып, қиын балқитын компоненттерді (кварц және каолин) балқытады және барлық қоспаға гомогендік құрылыс беріп, беттеріне тегіс жылтыр болатын қасиет береді. Ортоколаздың тығыздығы 25-2,8г/см3. Моостың көрсеткіші бойынша қаттылығы 6-6,5.
Кварц-фарфордың қаттылығын жоғарылататын және керамикалық бұйымдарға химиялық тұрақтылық беретін негізгі компоненттердің бірі. Кварц кремнеземнің SiO2 бір түрі және табиғатта ең көп тараған минералдар болып есептелінеді. Таза кварц ол –тау хрусталі. Металл тотықтарымен боялған кварцтың түстері әртүрлі болады: күлгін(аметист), сары (цетрин) және т.б. Кварцтың балқу температурасы- 1700С,тығыздығы-2,65г/см3,Моостың көрсеткіші бойынша қаттылығы-7.
Кварц 500С жоғарғы температурада өзінің құрылысын өзгертеді және көлемін ұлғайтады. Бұл қасиеті металл құю үшін қолданылады.
Фарфор массаларында кварцтың болуы оның қоймалжындығын арттырады, ал егер оның мөлшері көп болса масса түйіршектеніп, балқу температурасы жоғарылайды.
Каолин-ақ саз балшық. Ол стоматологиялық фарфордың құрамындағы қажетті бөлігі болып табылады. Оны 3-10% мөлшерде қосатын болса фарфор массасы бұлыңғырланады және аққыштығы төмендейді. Құрамында каолиннің көбеюі фарфор массасының күйдіру температурасын жоғарылатады. Каолиннің тығыздығы-2,2-2,6г/см3, қаттылығы Моостың көрсеткіші бойынша 1-2, Балқу температурасы 1700-1800С.
Достарыңызбен бөлісу: |