2-дәріс Тақырыбы: Тіс техникалық материалдардың негізгі қасиеттері. Мақсаты



бет22/27
Дата12.12.2023
өлшемі301 Kb.
#196489
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Лекции МОС каз тезисы

Минералды балауыдар. Бұларға парафин, озокерит, церезин және монтан балауыздары тән. Бұл заттар қазба балауыздарына жатады және олардың жер қойнауында түзілуі биогеологиялық процестерге байланысты. Ортопедиялық стоматологияда таза парафин қолданылмайды. Ол көбіне мүсіндеуге арналған балауыздар қоспаларына кіреді. Озокерит пен церезин кейбір балауыз қоспаларының және термопластикалық массалардың құрамдық бөліктері болып келеді.
Синтетикалық балауыздар. Қасиеті жағынан табиғи балауыздарға ұқсас жасанды алынған заттарды жатқызады. Синтетикалық балауыздар ортопедиялық стоматологияда кеңінен қолдану тапқан жоқ, бірақ олар кейбір күрделі балауыз композицияларының құрамына кіреді. Бұл балауыз композициялары дәл құйма тәсілдері кезінде протездердің бөлшектерін мүсіндеу үшін қолданылады.
Ортопедиялық стоматологияда қажетіне арналған медициналық өндірісте шығарылатын балауыз қоспалары құрамы және қасиеті жағынан қолданылуына байланысты әртүрлі болады. Бұл қасиеттеріне балқу температурасы, жұмсаруы, қаттылығы,серпімділігі,иілімділігі, тұтқырлығы және т.б. жатады. Балауыздардың және балауыздар композициясының ерекшеліктері олардың жоғары дәрежедегі термиялық коэфициентінің ұлғаюы немесе сығылуы сияқты жағымсыз қасиеттерінің болуынан байқалады. Балауыздың жылу өткізгіштігі төмен болғандықтан, суытқан кезде бірінші сыртқы қабаты қатып, ішкі қабаты жұмсақ күйінде болады.
Бұндай жағдай балауыздың кейбір бөліктерінде ішкі кернеудің пайда болуына әкеліп соғады. Ішкі кернеу, жасалған конструкциялардың қалыптарын өзгертіп, модельдердің дәлдігін бұзады. Балауызда пайда болған кернеуді жайлап қыздыру арқылы жоюға болады. Жоғарыда келтірілген кейбір келеңсіз жайларды мүсіндеу кезінде еске ұстап, әрбір балауыздың композициясын қолдану барысында олардың қасиеттерін білген абзал.
Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын балауыз композициялары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет