2-дәріс Тақырыбы: Тіс техникалық материалдардың негізгі қасиеттері. Мақсаты



бет19/27
Дата12.12.2023
өлшемі301 Kb.
#196489
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
Лекции МОС каз тезисы
history
Альгинатты материалдар.
Альгинатты материалдар осы ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап
қолданыла бастады. Бұл материалдар қазіргі кезде гипсті ығыстырып, оның
орнын басуда. Альгинатты үлгілік материалдардың негізі - альгин
қышқылдары және натрий тұздары. Ол өзі-ұнтақ, суға тиген кезде ісініп,
коллоидтік жүйе түзетін гель. Гельге физикалық қасиет беріп, сапалы
үлгілік материал ретінде қолдану үшін онын, эластикалық жэне қаттылық
қасиетін арттырып, жабысқақтығын азайту қажет. Оның құрамына гипс
және толтырғыштар (ақ күйе SiO2, барий сульфаты BaSO4, натрий
карбонаты Na2SO4 және т.б.) енгізіп қажетті материал алу өте маңызды. Ол натрий альгинатының ерігіштік гелін ерімейтін кальций альгинатына ауыстыру мақсатында қолданылады.


Бірақ бүл реакция өте жылдам жүреді және тез аяқталады да барлық материал
таза кальций альгинатына айналады. Аталмыш материал қатты және морт


сынғыш болғандықтан үлгілік материал ретінде қолдануға болмайды,


сондықтан оның құрамына желім түзгішті реттейтін зат қосып (үш натрий

фосфат,натрий карбонаты және т.б.), эластикалық күйін біраз уақытша


ұзартады.




Егер бұл процессті натрий альгинатының бір бөлшегінің ішінде ерітілген деп


қарастыратын болсақ, онда кальций альгинатының түзілуі бөлшектің беткі


қабатында басталып, белгілі бір уақыт аралығында барлық бөлігін қамтиды.


Бұл уақыт аралығы үлгі алып, модель құю үшін жеткілікті.


Альгинатты үлгілік материалдарды бір қолданған соң қайтып қолдануға


болмайды. Өндірісте бұл материалдар көптеп шығарылады. Ең көп


тарағаны барлық компоненттерінің ұнтақ қоспа ретінде қолданылуы.


Үлгілік масса болу үшін ұнтақты сумен араластырады. Альгинатты үлгілік


материалдармен протез орналасатын орындардан жоғарғы дәлділікпен таңба


алуға болады. Бұл үлгілік массаның қатаюы араластырғаннан бастап 3-4


минуттан кейін болады да, иленгіш жағдайдан эластикалық күйге өтеді.


Альгинатты үлгілік материалдардың негізгі артықшылығы массаның


дайындаудың және ауызға еңгізудің қарапайымдылығы, тіс протездерін

орналасатын орнының, тканьдерінің дәлділікпен үлгіге көшуі, үлгінің ауыз




қуысынан толығымен бұзылмай шығуы, дәмі мен иісінің жағымды болуы.


Қатайған үлгілік масса серіппелі, қаттылығы жеткілікті және қысымға төзімді.


Альгинатты үлгіден модель алу өте жеңіл және ыңғайлы болады.


Альгинатты материалдардың артықшылығымен бірге біраз кемшіліктері де


бар. Оларда гель түзгеннен кейінгі макромолекулаларының тығыздығына


байланысты синерезис құбылысы болады да, көлемі кішірейеді.


Материалдың бетіне шыққан сүйықтық гипстің қатуын төмендетіп,


алынатын моделдің беткі қабатының тазалығын бұзады. Үлгінің бетіне


шыққан сұйықты тазалу үшін модсльді құймастан бұрын ағын суға салып


жуады да, 3-5 минутқа 2%-ті натрий сульфатына салады. Үлгіні ашық жерде

сақтайтын болса масса кеуіп,15-20 минуттан кейін көлсмі кішірейгендіктен




құюға жарамсыз болады.


Альгинатты массалардың тағы бір кемшілігі оның-механикалық


қаттылығының төмсндігі. Бұл жағдайды модель алған ксзде есте ұстаған


жөн. Үлгіні тек қана жақсы ағып, барлық шұңқырларды еркін


толтыратын массалармен құю қажет. Үлгіге ешк,андай қысым түсірмеу


керек, өйткені оның жұқа бөліктері қалыбын жоғалтуы мүмкін. Альгинатты
массалар үлгілік қасык,тарга жабыспайды, сондықтан тесік қасықтарды, болмаса


лейкопластырь жапсырып ретенциялы орын жасап қолданылады.

Қазіргі кезде альгинатты үлгілік материалдардың ішінде ең көп




қолданылатыны стомальгин. Стомальгин-02 натрий альгинатының


нсгізіндегі үлгілік материал. Бұл ұсақ дисперсиялы, қызғылт түсті, жұпар иісті


ұнтақ. Сумен жақсылап араласгырғанда иленгіш үлгілік масса алынады. Ауыз


қуысында қату уақыты 2-6 минут (массанын, бастапқы температурасына


байланысты). Массаның эластикалық және мықтылық қасиетін мына


көрсеткіштерден көруге болады: қыск,ан кездегі деформация қалдығы –

2,5%, мыкдъілығы - 1,5 кгс/см . Материал негізінен алынбалы протез жасау




үшін үлгілік материал ретінде қолданылады.


Үлгіні алған соң көлсмі кішірсйіп қалмай түра тез арада модель құйылуы


қажет. Модель еш қысымсыз сұйық гипсті құю арқылы алынады.


Термопластикалық үлгілік материалдар.
Термопластикалық материалдар тобына әр түрлі көп компонснтті заттар
жатады. Бұл материалдарға тән ерекшеліктері қыздырғанда жұмсарып,
суытқанда қатаюы. Бұл көп компонентті жүйелер табиғи немссе синтетикалық
шайырлардың негізінде толтырғыштар, пластификаторлар, бояғыш заттар,
модификациялық қоспалар қосылып алынады. Термопластикалық
массалар қайтымды және қайтымсыз болып екіге бөлінеді. Қайтымсыз
термопластикалық массалар бірнеше рет қыздырғаннан кейін, иілімділігін
жоғалтып, қайтадан қолдануға жарамсыз болып қалады. Бұл топтың өкілі
ретіндс стснсті айтуға болады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Көмекші материалдардың жіктемесі.

  2. Гипс.

  3. Эластикалық үлгілік материалдар дегеніміз не?

  4. Термопластикалық үлгілік материалдар дегеніміз не?

Негізгі және қосымша әдебиет:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет