Балауыз композицияларының аты мен қолданылуы.
Негіздік тіс техникалық балауыз. Алмалы-салмалы протездердің негізін мүсіндеуге, арнайы үлгілік қасықтар жасауға, негіздерге окклюзиялық білік жасауға, протездерге жасанды тісті орналастыру кезінде қолданылады.
|
Қоспаның сапалық және сандық құрамы.
1.парафин-78%, бал ара балауызы-22 %, бояу-0,004 %.
2.парафин-88%, бал ара балауызы-4%, синтетикалық церезин-8%, бояу-0,002%.
3.парафин-80,4%, бал ара балауызы-4%, синтетикалық балауыз-3,5%, карнауб балауы- зы-1%, дамар резеңкесі-1%, бояу-0,1%.
|
Шығарылатын түрі.
Көлемі 170*80*1,8мм пластина
|
Қасиетінің ерекшеліктері және қолдану тәсілі.
Балқу температурасы +50-+63С, жұмсару температурасы +36-+40С. Негізінен престеу тәсілі қолданылады.
|
Көпір тектес протезді мүсіндеуге арналған балауыз.
Көпір тектес протездердің аралық бөлігін мүсіндегенде, қаптама жасау кезінде тістің анатомиялық қалыбын қалпына келтіру кезінде қолданылады.
|
1.парафин-94%, синтетикалық церезин-4%, бал ара балауызы-2%, бояу-0,004%.
2.бал ара балауызы-45%, парафин-40%, монтан балауызы-15%, бояу-0,008 %.
3.парафин-50%,бал ара балауызы-35%, торф балауызы-15%.
4.парафин-88%, синтетикалық церезин-2%, бал ара балауызы-5%, карнауб балауы- зы-5%.
|
Төрт бұрышты призма тәріздес 6*6*45мм
|
Балқу температурасы+60-+70С. Қатқаннан кейін шөгу көлемі 0,1%. Балауыздың иілімділігі төмен, бірақ қырылуы жақсы.
|
Доғалы протезге арналған балауыз.
Доғалы және шендеуіш протездер, кламмерлер және басқа күрделі қалыптарды алу кезінде қолданылады.
|
1.парафин-29%, бал ара балауызы-65%, карнауб балауы- зы-5%, бояу-0,02%.
2.парафин-78%, бал ара балауызы-22%, бояу-0,0004%.
3.парафин-10%, бал ара балауызы-60%, монтан балауызы-30%.
|
Таяқша, дөңгелек қалыпты пластина
|
Балқу температурасы +58-+60С. Доғалы протезінің бөлшектерін стандартты формадент атты қалыпқа балқыған балауызды құйып алады (бірінші рет). Екінші рецептегі композиция жұмсартылып мүсіндеуге салынады да, саусақтармен басылады.
|
Микропротез дайындауда қолданылатын балауыз –ловакс. Микропротезді, штифті, жартылай қаптамаларды мүсіндеуге қолданылады.
|
1.парафин-88%, бал ара балауызы-5%, карнауб балауы- зы-5%, синтетикалық церезин-2%, бояу-0,006%.
2.парафин-10%, бал ара балауызы-70%, монтан балауы-20%, бояу-0,004%.
|
Түрлі түсті таяқшалар
|
Балқу температурасы +60С, қатқаннан кейінгі көлемінің шөгуі 0,15%, қаттылығы жоғары,жақсы қырылады. Лавакс балауыз композициясының жұмсару температурасы +55-+60С, ал+37С температурада қатаяды.
|
Бақылау сұрақтары:
Мүсіндік материалдар дегеніміз не?
Мүсіндік материалдарға қандай материалдар жатады?
Мүсіндік материалдарға қойылатын талаптар.
Негізгі және қосымша әдебиет:
Достарыңызбен бөлісу: |