Оқыту нәтижелерін бақылауды және өлшеуді цифрландыру Ақпараттық және қатынастық технологиялардың құралдарын көбіне оқыту нәтижесін бақылау және бағалауды автоматтандыруға қолданылады. Мұғалімдер арнайы жасалған құралдарды компьютерлік техниканың көмегімен педагогикалық өлшеу мақсатында және мектепте қолданылатын білім электрондық басылымдары мен ресурстарын бақылау бағалау жүйелерін қолданады.
Педагогикалық өлшеулерді автоматтандыру құралдарын жасау мен пайдалану барысында бұл құралдардың және оларды қолдану әдістерінің барлығы бақылау мен бағалау мақсатынан тәуелді болады.
Қазіргі өлшеу материалы және өлшеу құралы көбіне тесттер деп аталады. Бұл термин ақпараттық және қатынастық технологияларды өлшеуді автоматтандыру барысында барлық жағдайда дерлік қолданылады. Тесттердің қазіргі түсінігі жеткілікті кең және өзіне барлық дерлік мектепте қолданылатын өлшеу материалдарын олардың түрі және мазмұнына қатыссыз қосып алады.
Білімді осылай анықтау тәсіліне жалпы қызығушылық оның жақсы жақтарын анықтап берді:
Тестілеу процедурасын формализациялау және унификациялаудың жоғарғы дәрежесі;
Бірнеше компьютерде бір уақытта тестілеу жүргізудің мүмкіндігі;
Жергілікті компьютерлі желі немесе ауқымды ақпараттық желі Интернеттің көмегімен қашықтықтан тестілеу мүмкіндігін ұйымдастыру
Тесттер бақылау мақсатында қолданылады. Бұл жағдайда олардың көмегімен бір немесе бірнеше оқу курсының тақырыбын оқып бітірген оқушылардың білім сапасын анықтайды.
Сондай-ақ, тесттерді қолдану оқу процесі барысында мүмкін және міндетті. Бұл жағдайда тесттік материалмен жұмыс жасау оқушылардың өзіндік практикалық жұмыс жасауы негізінде жүзеге асады және «аналогты оқыту» және «өз қатесімен жұмыс» принципімен оқтуды жүзеге асырады.
Қорытындысында, тесттік материалдар диагностика мақсатына жету үшін қолданылатын құрал ретінде қолданыла алады. Бұл жағдайда, тестілеу қорытындысы нәтижесінде оқу сапасына оң әсер ететін кейбір мазмұндық, әдістемелік және ұйымдастырушылық іс-әрекеттер қабылданады.
Сонымен қатар, тесттерді топтау үшін және автоматтандырудың компьютерлік құралдарын адекватты қолдану үшін тесттік материалды дегейлік классификациясы қолданылады.
І деңгейлік тесттер оқушылардың біліктілігін көмекпен тексеруге негізделеді. Бұл тесттер анықтау (тапсырма «иә» немесе «жоқ» деген жауапты сұрайды); айырмашылық тесті (берілген жауаптардың әрқайсысынң дұрысын таңдау); классификацияға тесттер (екі жауаптың сәйкестігін табу тапсырмасы).
ІІ деңгейлік тесттер оқушылардың біліктілігін өз бетімен еске сақтау арқылы еске түсіру және оның алдында алынған білімді алгоритмдік түрде қолдануға негізделеді. Оларға: құрастыру тесттері (тапсырмаларда бос қалған құрастырушыны толтыру); құрастыру тесті (бұл тесттің тапсырмалары жадыны өз бетімен еске түсіруге арналған); тесттер – типтік тапсырмалар (тапсырмаларды алынған білімнің алгоримтін қолданбай-ақ шешуге болады).
ІІІ деңгейлі тесттер оқушылардың эвристикалық типтің іс-әрекетіне дайындығын анықтайды, бұл типтік емес тапсырмалар (бұл тапсырмаларда мақсат айқын, бірақ жағдай белгілі емес, бұл жағдайда мақсатқа жете аламыз, типтік іс-әрекеттің игерілген ережелерін алдын ала трансформациялау және оларды берілгенді шешуге қолдану қажет етіледі. Жағдай алдын ала белгісіз.)
IV деңгей тесттері оқушылардың шығармашылық скерлігін анықтау үшін қолданылады – олардың жаңа ақпаратты алу үшін іздене алу қабілеті ескеріледі. Бұл тест-мәселелер (шешімдері белгісіз және алдын ала белгілі әдістерді қолданып шешу мүмкін емес тапсырмалар, алгоритмдер, )
Сондай-ақ, ақпараттандыру үдерісінде ереже бойынша құрастырылған тест тапсырмаларының топтары қолданыла алады. Бұл топтарға жататындар:
оқушылардың іскерліктің әртүрлі түрлерін игеруін анықтауға арналған қабілеттілік тесттері;
оқушылардың білімін, біліктілігінің дамуын тексеруге арналған меңгеру тесті;
оқушылардың эмоционалды-ерікті қасиеттерін анықтауға арналған тұлғалық тесттер.
Дегенмен, жалпы орта білім беретін мектептерде қолданылатын әртүрлі тесттердің ішінен ең көп және көп қолданылатыны – қабілтеттілік тесттер болып табылады.
Педагогикалық өлшемдерді автоматтандыруға бағытталған АҚТ құралдарын қолдану барысында оқушылардың білім нәтижесінің өлшемдерінің және олардың шығармашылығының және жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік стандартына сай келуінің екі басты негізгі қадамын көрсету керек. Олардың ең біріншісі, қалыптасқан қадам, оқушылардың тапсырманы орындау ережесіне сай анықталған мазмұнды меңгеруіне байланысты бір-бірімен салыстыру. Екіншіден, қалыптасқан қадам, оқушылардың курс мазмұнының білім деңгейін немесе крийтеримен салыстыруды оқыту нітижесіне талап түрінде анықтайды.