2. ДӘріс тезистері



бет3/31
Дата12.10.2022
өлшемі246,01 Kb.
#152713
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Дәрістер BBST 2 (копия)

Тарату ортасы - ол бізді қоршаған кеңістік пен техникалық байланыс құралдары (коммуникация).
Ақпараттың қол жетімділігін (доступность) қамтамасыз ететін құралдар – бұл ақпараттық-іздеу жүйелері (АІЖ) және оларды лингвистикалық қамтамасыз ету.
Ақпаратты тұтынушы – бұл жанды зат, техникалық құрылғылар, ақпаратты тасымалдаушы.
Ақпараттың қасиеттері
Ақпараттың бірқатар қасиеттері бар. Оны жүйелеу үшін ақпаратты бөлудің әртүрлі нұсқалары қолданылады.
Классификация (жіктеу) – белгілі бір қасиеттеріне сәйкес нысандарды класстарға бөлу.
Адамның сезім мүшелерінің ақпаратты қабылдау тәсіліне сәйкес былайша жүйелеуге болады.
1-кесте. Ақпаратты қабылдау тәсілінің ақпараттың түрімен байланысы.

Адамның сезім мүшелері

Ақпараттың түрі

Көру

Визуальді

Есту

Аудиальді

Иіс сезу қабілеті

Иіс сезім

Дәм сезу

Дәмдік

Ұстап көру

Тактильді

Адам ақпараттың 75-90% көру мүшелері арқылы қабылдайды. 9–15% – есту мүшесі арқылы, ал қалған ақпаратты иіс сезу, дәм сезу, ұстап көру арқылы қабылдайды.
Компьютерлік техникалық құрылғылар ақпаратты оның берілу формасы бойынша, яғни мәтіндік, графикалық, сандық, дыбыстық, бейне (статикалық, динамикалық), мультимедиялық, сонымен қатар оптикалық, электромагниттік түрде қабылдайды.
Ақпарат мазмұнына қарай экономикалық, құқықтық, техникалық, әлеуметтік, статистикалық және т.б. болып бөлінеді. Ақпараттың мазмұны оның мәнін анықтайды.
«Ғылыми ақпарат» (англ. “Scientific information”, SI) – ғылыми зерттеу процесінде алынған логикалық түрде ұйымдастырылған ақпарат. Ғылыми ақпараттың бір түрі ғылыми-техникалық ақпарат болып табылады.
«Ғылыми-техникалық ақпарат» (англ. “Science and technical information”, STI) – қоғамның ғылыми-техникалық даму нәтижесінде пайда болады. Ол құжаттарда қажет жетекшімен, ғылыми, және техникалық қызметкерлермен, сонымен қатар зерттеушінің тіршілік әрекетімен, мақалалар, тезистер, монографиялар, авторефераттар, диссертациялар, рефераттар және аннотациялармен жазылып қойылады.
Егер ақпаратты қандай да бір физикалық нысан деп қарастырсақ, онда ақпаратты құруға (генерациялауға), таратуға (трансляциялауға), сақтауға, өңдеуге (түрлендіруге) болады.
Ақпараттың маңызды құраушысы оның тұтынушылық қасиеті болып табылады.
Ақпараттық технологиялар саласындағы айқын прогресс ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдарда "ақпараттық қоғам" атауының пайда болуына әкелді.
Ғалымдардың көбі ақпараттық қоғам деп - оның басты өнімі ақпараттар болып табылатын қоғамды түсінеді.
Кейбір бағалаулар бойынша біздің дәуіріміздің басынан бері адамзат жинақтаған ақпараттардың екі еселенуі бірінші рет 1750 жылға, екінші рет ХХ ғасырдың басына, үшінші рет 1950 жылға таман болған. 1950 жылдан бастап әлемдегі білімнің жалпы көлемі әр 10 жылда, 1970 жылдан бастап әр 5 жылда, ал 1991 жылдан бастап жыл сайын екі еселенуде. Бұл бүгінгі күнде әлемдегі білім көлемінің 250 мың еседен аса артқанын білдіреді.
Қоғамды ақпараттандыруды дамыту үдерісін мемлекеттік тұрғыда дамыту қажеттілігі 1990 жылы қолға алына бастады.
Қоғамды ақпараттандырудың тарихи үдерісі өз заманында пайда болған жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты ақпараттық революциялар тізбегі арқылы дәл сипатталады.
Ақпаратық революция қоныстанушы халықтың белсенді бөлігі үшін ашық ақпараттар ауқымының артуына әкеп тірейтін ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және таратудың тәсілдері мен аспаптарының өзгеруінен тұрады.
Бірінші ақпараттық революция тіл мен адамның анық сөйлеуінің пайда болуынан тұрады.
Екінші ақпараттық революция жазудың ойлап табылуына байланысты. Бұл ойлап табу адамзат қоғамы жинақтаған ақпаратты сақтауды ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар оның шынайлылығын арттырып, ақпарат таратуға бұрынғыдан да кең жағдай жасады.
Үшінші ақпараттық революция XV ғасырда ақпараттық технологиялардың алғашқыларының бірі болып саналатын кітап басып шығаруды ойлап табудан туындаған. Бұқаралық ақпараттың газеттер мен журналдар сияқты баспа құралдарының пайда болуы мен дамуы – осы үшінші ақпараттық революцияның нәтижесі.
Төртінші ақпараттық революция ХIХ ғасырда басталды. Ол кезде ақпаратты жіберу мен таратудың телеграф, телефон, радио және телевидение сияқты құралдары ойлап табылды.
Бесінші ақпараттық революция адамзат есептеу техникасын белсенді пайдалана бастаған кезде, XX ғасырдың ортасында өтті. ЭЕМ-ді ғылыми ақпаратты өңдеуге қолдану адамның ақпаратты белсенді және тиімді өңдеуі бойынша мүмкіндігін түбегейлі түрде өзгертіп, өркениет дамуының бүкіл тарихында адам алғашқы рет интеллектуалды еңбектің өнімділігін арттырудың жоғары тиімді құралына ие болды.
Бүгінде біз ауқымды телеқатынастық компьютерлік желілердің пайда болуы және олардың мультимедиа технологиялары мен виртуалды шындықпен интегралдануына байланысты алтыншы ақпараттық революцияның куәсі болып отырмыз.
Алты революция қоғамды өзгертті. Ақпараттандыру үдерістерінің бар екендігі туралы айтуға болатындай ақпарат пен ақпараттық технологиялар көз алдымызда дамуда, әрі тарауда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет