2. ДӘріс тезистері


Білім беру ұйымдарында оқудан тыс іс-әрекетттерді цифрландыру мәселелері



бет20/40
Дата23.05.2020
өлшемі0,65 Mb.
#70876
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Байланысты:
лекции
ЦТО УМКД каз7
Білім беру ұйымдарында оқудан тыс іс-әрекетттерді цифрландыру мәселелері.

Педагогтар мен кәсіби құрушылар электрондық оқыту құралдарын жасай алатындай білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарын жасауды және пайдалануды оқытудың негізі әмбебап технологиялардың ең болмағанда біреуін қарастырмай толық бола алмайды. Осы оқу құралында осындай технологиялардың бірі сипатталады.

Қазіргі кезде электрондық басылымдар мен қорларды білім беру саласында қолданудың тиімділігі мен өміршеңдігі олардың жоғары психологиялық–педагогикалық, техника-технологиялық және эргономикалық көрсеткіштерімен ғана анықталып қоймай, сонымен қатар біркелкі мазмұндық деңгейімен, әдістемелік және технологиялық тәсілдерімен анықталып білім беруді ақпарататтандырудың осындай құралдарын жасауды жүзеге асыра отырып пайдалануға болады. Жасалынатын электрондық басылымдар мен қорлардың маңызды факторларын бірізділендіру мен біріктіру, ақпараттандырудың сәйкес құралдарын жасау және білім беру саласының мазмұнын қалыптастырудың әмбебап технологиясы бола алады. Сондықтан осындай технологиялар білім беру қызметінің әр түрлі оқу пәндерінің, олардың деңгейлері мен түрлеріне байланысты айрықша салыстырмалы инвариантты сипатта болады. Жүргізілген ғылыми зерттеулер осындай технология негізінде оларды өңдеудің арнайы таңдалынған әдістері және электрондық түрде ұсынатын иерархиялық жүйе түсінігі жататындығын көрсетті.

Осыған байланысты білім беруді ақпараттандырудың құралдарын құрудың әмбебап тәсілдерінің бірі ретінде, жалпы айтқанда білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарын, сонымен бірге ақпараттық интегралдау шартты атауын иеленген теориялық-технологиялық тәсілдерін қарастыруға болады.

Бұл тәсілдің негізгі идеясы кез-келген оқу пәнінің мазмұнын бағынушылық түсінігінің мағынасымен бейнелеп, мәліметтердің құрылымын арнайы құрастырып ақпараттық құрауыштарды интеграциялаудан тұрады. Анықталған үлесімен ақпараттық интегралдауды білім беру саласында қолданылған электрондық басылымдар мен қорларды құруға бағытталған информатиканың жаңа технологиясы ретінде қарастыруға болады.

Дегенмен, білім берудің пәндік саласының бірінен, мазмұнынан кез-келген оқу курсының мазмұны осы немесе басқа да қырларынан көрінеді. Нақты пәндік немесе білім беру салалары, түсініктері арасындағы логикалық байланыстар және көптеген түсініктерді айқындау мәселелері бірнеше ғылыми жұмыстарда көтерілді. Осындай жүйелерді тезаурус деп атауға болады.

Өкінішке орай білім беруде белгілі пәндік салалары үшін дұрыс құрылымдық жүйе түсінігін белгілеу мәселесі әлі шешілген жоқ. Педагогика, психология, лингвистика, информатика салаларындағы көптеген ғылыми еңбектер оқу үрдісінде қолданылатын түсініктер жүйесін қалыптастыру мәселесін қозғап келеді. Мұндай жұмыстардан әдістерді өңдеу кезінде мақсатты түрде таңдауды ескеріп, білім берудің пәндік саласының және түсініктерінің анықтамасының сапасы және олардың байланыс жүйесін орнату тәсілдері, қорыта келгенде электрондық басылымдар мен қорлардың жасалу сапасына тәуелді болып келеді. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарын жасауды автоматтандыру барлық технологиялық кезеңдердің жасалуы жеткілікті түрде дұрыс ұйымдастырылғанда ғана іске асырылады. Берілген ескертулер толық өлшемде таңдау және құрылымдық түсініктердің үдерісіне қатысты. Түсініктер жүйесінің қалыптасқан модельдерін құру үшін бәрінен бұрын білім беру саласының пәндік логикалық табиғи құрылымын айқындау қажет.

Осыған байланысты түсініктер жүйесі нақты бір курсты оқыту үшін тек ғылыми түсініктер жүйесі негізінде таңдалуы қажет. Білім беру саласындағы түсініктер құрылымын түзету және әділ таңдау эксперттік бағалау мен әдеби деректерді талдауды байланыстыру негізіне бірыңғай жетуі мүмкін. Осындай ұйымдастырған жолдар мен түсініктер арасындағы байланыстар, және түсініктер жүйесі тезаурустар кезекті электронды иерархиялық құрылымды құру және оларды өңдеу мақсатымен автоматтандырылған электрондық басылымдар мен қорларды жасау үшін өзінің өзгеше өнімдері болуы керек.

Жоғарыда айтылғандардан, әрбір тезаурустың көмегімен нақты графтардың төбесі түсініктер болып, ал қабырғалары түсініктер арасындағы байланыстар болып табылады деп қорытындылауға болады. Бірақ практикада көрсетілгендей графтар өзіне тән циклдері мен тезаурустардың электрондық версияларын құру, өңдеу үшін жақсы құрылым емес. Циклдер графтардың құрылысын бұзып, “жалпыдан”, ”жекеге” және “қарапайымнан” “күрделіге” қарай бұрын құрылған стереотипті ауысуларды өзгертеді, ал бұл принциптер оқу үдерісінің әдістемелік негізіне жатады. Циклдердің оқу құралдарына немесе оқытудың мазмұнына енуі кейбір түсініктерді үйрене бастауға, түсінік ұғымынан кейінгілерді және оның анықтамасынан алшақтауға алып келеді. Мұндай жағдайда оқу материалына енгізу логикасының бар болуы жайында орынды сұрақ туындайды. Бұдан басқа циклдері бар графтар өңдеуге нашар беріледі. Барлық төбелерді қарастыратын тізбектермен байланысқан ақпараттық құрылымның қарапайым жолы мұндай жағдайда өте күрделі.

Циклдерді жоюға әкелетін графтарды түрлендірудің бірнеше тәсілдері бар. Олардың қатарына маңызды емес байланыстардың ескерілмеуі түсінік сәйкестігінің қайта қалыптастырылуы және циклдың құрылымының бір төбеге біріктірілуі, түсініктердің байланыстарының негізіне жататын критерилердің өзгеруі жатады.

Сонымен құрылған тезаурус білім беру саласында көпшілік мақұлдаған ағаш тәріздес құрылым түсінігіне өзгертіледі немесе қысқаша түрде информатикада берілген анықтамасы иерархия бұл циклдері жоқ, тұйықталған граф. Ағаш тәрізді иерархия анық түрде логикалық тәуелділік түсінігін ашып жалпылама-жекеше қатынастар туралы көрсетіп айтуға және білім беру электрондық басылымдар мен ресурстар қорларының мазмұнын құрастырып және қалыптастырады, практикада жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Электрондық оқыту құралдарын құруда ақпараттық архитектура түсінігі негізгі мәнге ие. Себебі, электрондық оқыту құралының дұрыс ұйымдастырылған ақпараттық архитектурасы оның болашақта сәтті және сапалы жасалуының кепілі. Ендеше, электрондық оқыту құралдарын жасауда ақпараттық архитектура туралы білім міндетті түрде қажет. Енді осы ақпараттық архитектура түсінігіне тоқтала кетейік.

Жеке педагогтардың және кәсіби ұжымдардың жасаған электрондық оқыту құралдарының сапасына жасалған талдау мазмұндық материалдарды іріктеп, оларды орынды келтіре білу жөніндегі мәлелелердің әлі пісіп жетілмегендігін көрсетеді, сол сияқты, электрондық оқу материалдарының құрылымын, интерфейсін жасау мен оларды алдын-ала кескіндеу жолдары жетілдіруді талап етеді. Өйткені, осы материалдардың сәйкес мазмұнына қарай ЭОҚ сипаттамалары электрондық оқыту құралдарының ақпараттық архитектурасының мәнін құра тұра, оқытудың тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Сонымен қоса, жеке педагогтар мен кәсіпкерлер ұжымдары құрған электрондық оқыту құралдарының сапасын талдау жұмыстары, оның мазмұндық материалының нақты ұсынылуы және іріктелуі жөніндегі мәселелердің түбегейлі қарастырылмағандығын көрсетеді. Электрондық оқыту құралдарының ақпараттық архитектурасының мәні жоғары екендігі туындай келе, білім беру тиімділігін көтеруде маңызды роль атқаратын электрондық оқу материалдарының құрылымын, интерфейсін және визуальды ұсынылуын құру тәсілдерін жетілдіру талап етіледі.

Білімнің бұл ақпараттық архитектура аясы, салыстырмалы түрде әзірше жаңа және даму үстінде, оған төмендегідей анықтама беруге болады. Ақпараттық архитектура ақпараттарды жүйелеу принциптерімен және адамдарға өздеріне қажетті мәліметтерді өте жылдам табу және өңдеуге көмектесу мақсатында ақпараттардың ішінде еркін түрде навигация жасау.

Бұл, сіздің сайтқа қатысушылар өздеріне қажетті ақпараттарды жылдам табуына көмектесетін іздеу программасын оңтайландыру – ақпараттық архитектура болып табылатындығын білдіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет