Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты: қажеттілігі, мәні және мақсаттары. 2.Табыстардың құрылымы. Қоғамдағы табыстарды бөлу, теңсіздік мәселесі. 3.Аймақтық саясат. Аймақтық саясатты жүзеге асырудың әдістері мен құралдары.
4.Қазақстан Республикасының аймақтық дамуының жағдайы мен болашағы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Адамның экономикалық іс-әрекеті өз өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін материалдық база құруға мақсатталған. Адамдар экономикалық қызмет кезінде өзара тығыз байланыста болғандықтан, олардың өмір сүру жағдайы 1-1-іне әсерін тигізеді. Сондықтанда әрбір адамның өмір сүруіне ыңғайлы жағдай жасау талап етіледі. Осы көрсетілген қызмет әлеуметтік саясат болып табылады.
Әлеуметтік саясат дегеніміз - жеке индивидтердің өмір сүруі үшін ыңғайлы шарттармен қамтамасыз етуде мемлекеттің жүргізетін іс-әрекеті.
Әлеуметтік саясаттың 2 жақты рөлі бар:
1-ден, ол экономикалық өсуге байланысты құрылған ұлттық байлық азаматтар үшін ыңғайлы әлеуметтік жағдайларды құрудағы экономикалық қызметтердің басты мақсаты;
2-ден, әлеуметтік саясат- экономикалық өсу факторы.
Әлеуметтік саясаттың нәтижелік көрсеткіштеріне жататындар:
халықтың өмір сүру деңгейі;
халықтың өмір сүру сапасы;
тұтыну қоржыны;
Күнелту минимумы.
Нарыққа өту кезінде әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік кепілдіктер маңызды орын алады. Ондай кепілдіктерге жататындар:
ең төменгі жалақы;
ең төменгі зейнетақы;
стипендия;
жәрдем ақы;
еңбек ету құқы;
тегін және ақылы білім беру;
дәрігерлік қызмет;
еңбек ету жағдайына қарай берілетін жеңілдіктер;
демалу құқы;
мемлекет белгілеген механизм бойынша халықтың табысын индексациялау;
жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік қорғау;
меншікке және одан түскен табысқа иелік ету.
Нарық экономикасы кезінде әлеуметтік саясатты жүргізу табысты құру және халықты жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау механизмдері арқылы жасалады.
Табыс дегеніміз - жеке қажеттілікті қанағаттандыратын игіліктер мен қызметтерді алу үшін тағайындалған және белгілі уақыт ішінде алынатын ақша қаражаттарының жиынтығы. Халықтың тұтыну деңгейі олардың табыс деңгейіне байланысты.
Ақша табысын құрудың 3 негізгі көзі бар:
еңбек ақы;
меншіктен түсетін табыстар (дивиденд, процент, рента);
әлеуметтік төлемдер.
Нақты өмірде табыстың дұрыс бөлінбеуін “Лоренц қисығы” деп атайды.
Табыстың 2 түрі бар: а) Номиналды табыс - жұмысшылардың атқарған қызметтері және жұмыстары үшін қолына алған ақша сомасы. ә) Нақты табыс- халықтың нақты тұтынатын игіліктерінің құны.
Жұмыспен қамтудың негізгі 2 түрі бар: Толық жұмыспен қамту; Тиімді жұмыспен қамту.
ҚР-ның “Жұмыспен қамту” заңына сәйкес жұмысшы күшіне: 16-58 жас аралығындағы әйел адамдар және 16-63 жас аралығындағы ер адамдар жатады. Адамдарды 2 топқа бөлуге болады: экономикалық белсенді тұрғындар және экономикалық белсенділігі жоқ адамдар. Экономикалық белсенді адамдарды жұмыс күшіне жатқызамыз. Оларға: жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар жатады.
Жұмыспен қамтылғандар қатарына: 1 жеті ішінде өз кәсіпорындарында немесе ақыға жұмыс істеген адамдар, уақытша еңбекке жарамсыздар мен демалыстағылар, жеке кәсіпорындарда 15 сағат жұмыс істеген адамдар жатады.
Жұмыспен қамту саясатын жетілдіру үшін мемлекет еңьек биржаларын қолданады. Еңбек биржасы дегеніміз - жұмыс күші нарығында азаматтарды еңбекпен қамтамасыз ету кезінде арнайы қызметтер көрсететін бөлімше.
Еңбек биржаларының негізгі қызметтері:
жұмыссыздықты тіркеу;
бос жұмыс орындарын тіркеу;
жұмыссыздарға жұмыс тауып беру;
еңбек нарығы конъюктурасын зерттеу және ол туралы ақпараттар беру;
жұмыс алғысы келетіндерге тест жүргізу;
жұмыссыздарды кәсіби қайта дайындау;
жәрдемақы төлеу.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1
|
Жалақының негізгі нысандары:
|
A
|
мерзімдік және келісімдік
|
B
|
аккордық-сыйақы
|
C
|
табыс пен пайда
|
D
|
бюджеттік және кәсіпкерлік
|
E
|
минималды және максималды
|
2
|
Жердің табиғи сапасындағы өзгешелікке байланысты рентаның түрі:
|
A
|
абсолютті рента
|
B
|
рентаның барлық түрлері
|
C
|
1 дифференциалды рента
|
D
|
монополиялық рента
|
E
|
2 дифференциалды рента
|
3
|
Ұлттық банк қызметтері мыналар:
|
A
|
мемлекеттің алтын валюталық резервтерін сақтау
|
B
|
есеп айырысу мен аударым операцияларын жүргізу
|
C
|
мемлекеттік мекемелерге кассалық қызмет көрсету
|
D
|
жеке тұлғаларға кассалық қызмет көрсету
|
E
|
депозит бойынша қызмет көрсету
|
4
|
Егер ақшаның номиналдық құны өзгермесе, ал тауарлар мен қызметтер бағасы 2-есе өсіп кетсе, онда ақшаның төлем құны:
|
A
|
1,5-есе өседі
|
B
|
2-есе өседі
|
C
|
4-есе төмендейді
|
D
|
2 есе төмендейді
|
E
|
өзгермейді
|
5
|
Тоқырау фазасында мемлекеттің экономиканы дамыту үшін қолданатын құралдарға жатпайтыны:
|
A
|
мемлекеттік инвестициялар саясаты
|
B
|
шаруашылық белсенділігін ынталандыру саясаты
|
C
|
ақша-несие саясаты
|
D
|
жалақы мен тарифтер саясаты
|
E
|
фискалдық және монетарлық саясат
|
|