Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Кәсіпкерлік мақсат және маңызды белгілері
Кәсіпкерлік субъектілері және объектілері.
Кәсіпкерлік түрлерінің маңызы
Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1 Кәсіпкерлік мақсат және маңызды белгілері
Кәсіпкерлік мақсат - белгілі бір уақыт мезетінде қажетті жағдайына жету. Мақсатты құрастыру кезінде келесі үш элементтерді нақты анықтау керек:
Мақсат мазмұны. Қай жағдайға жетуге және мақсатқа жету дәрежесін құрау керек.
Мақсаттың қажетті көлемі. Мақсаттың шектеулі ме, әлде шектеусіз екенін анықтау керек.
Мақсаттың уақытша факторы. Мақсатқа қай кезге дейін және қандай уақыт мерзімінде жетуге болатын сұрақтарды анықтау керек.
Кәсіпкеліктің маңызды белгілері:
Шаруашылық субъектілерінің тәуелсіздігі және дербестігі. Әр кәсіпкер заң шегінде, сұрақтарды шешуге құқылы.
Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкерліктің басты мақсаты- мүмкін болатын табыстың максимумын алу.
Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Әр келкі ең бұрамалы есептеулерде тәуекелділік анықталмайды.
Көрсетілген кәсіпкерлердің белгілері бір-бірімен байланысқан және бір уақыт мезетінде іске асырылады.
Кәсіпкерлік әрқашан жаңашылдықпен байланысты. Осындай экономикалық іске И. Шумпетер мен А. Маршал назарларын аударған. Егер де, И. Шумпетер кәсіпкерлік пен жаңашылдықтың тепе-теңдігін көрсетсе, А. Маршал кәсіпкерлердің қоғамдық өмірдегі нақты рөлі қоғамдағы жетілген процестерін тездетеді деп бекіткен. Кәсіпкерге дұрыс баға И. Шумпетермен берілген, кәсіпкер үнемі «күйзелісті жасаушы» және қоғамның экономикалық дамуындағы басты кейіпкер деген.
Сонымен, мынадай шешімге келуге болады, кәсіпкерлік пен жаңашылдық қоғамда бір бүтінді анықтайды.
|