Кәсіпкерліктің мәнін және мазмұның ұзақ эволюция жолдарын өткен мемлекеттерде қолданған практикаларды талдаусыз ашуға болмайды. Осыған байланысты, «кәсіпкер» терминінің эволюциясын қарастырайық.
1725 жыл. Р.Кантильон. Кәсіпкер - тәуекел шарттарында қызмет ететін адам.
1961 жыл. Д. Маклелланд. Кәсіпкер - біркелкі тәуекел шарттарында жұмыс істейтін жігерлі адам.
1964 жыл. П. Друкер. Кәсіпкер - кез- келген мүмкіндікті максималдық табыспен қолданылатын адам.
1975 жыл. А. Шапиро. Кәсіпкер - ынтасын көрсететін адам. Тәуекелділік шарттарында жұмыс істеп, пайда болған сәтсіздік үшін толық жауапты болады.
1985 жыл. Р. Хизрич. Кәсіпкерлік- жаңа құны бар нәрсенің құруының процесі, ал кәсіпкер- осыған қажетті уақыт пен күшті жұмсайтын, өзіне толық финанстық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді алуға және де осы үшін белгілі бір дәрежесін алуымен қанағаттануы.