2. ДӘріс тезистері


Қышқылдар мен негіздердін протолиттік теориясы



бет15/31
Дата07.02.2022
өлшемі277,63 Kb.
#86660
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
АХ Тезисы лекции

Қышқылдар мен негіздердін протолиттік теориясы.
Буферлі ерітінділер.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясы.

  2. Бренстед теориясының негізгі қағидалары.

  3. Буферлі ерітінділер. Буфер ерітінділерінің рН-ын есептеу.

  4. Химиялық анализдегі буферлі ерітінділердің маңызы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қышқылдар мен негіздердін протолиттік теориясы.
Бренстед-Лоури теориясының негізгі қағидалары. Буферлі ерітінділердегі тепе-теңдік. Буферлі ерітінділер. Буферлік жүйелердің аналитикалық химияда колданылуы.
Протонды бере және оны қосып ала жүретін реакцияларды протолитті реакциялар деп атайды.
протонды бере және оны қосып ала жүретін реакцияларды протолитті реакциялар деп атайды.
Қышқылдар мен негіздерді Аррениус теориясы тұрғысынан қарастыру тек судағы ерітінділер үшін дұрыс болып табылады. Қышқылдар және негіз дейтін ұғымның қазіргі кездегі көзқарасы әлде қайда кең.
Бренстед теориясы бойынша қышқыл деп құрамында нейтрон бере алатын протоны бар заттарды, ал негіз деп қышқыл берген протонын өзіне қосып ала алатын заттарды айтады. Қышқылдық негіздік реакция Бренстед теориясында мына схемамен өрнектеледі:
HA + B ↔ HB + A
(қышқыл) (негіз) (қышқыл) (негіз)
Қышқыл (НА) негізбен (В) әрекеттесіп жаңа қышқыл (НВ) және жаңа негіз (А) түзеді. Нейтралдау реакциясы нәтижесінде алғашқы НА қышқылы протонын В негізге беріп өзіне орайлас негізіне, ал алғашқы В негізі қышқылдан протон қосып алып, өзіне орайлас НВ қышқылына айналады.
Сөйтіп НА+А және В-НВ жұптары орайлас қышқылдар мен негіздер деп аталады.
рН-тың белгілі бір шамасын ұстап тұру үшін зерттелетін ерітінділерде буферлі жүйелерді қолданады. Буферлі ерітінділер қоспасын дайындау үшін әдетте а) әлсіз қышқыл мен оның күшті сілтімен тұзы алынады (СН3СООН + СН3СООNa – ацетат қоспасы);
ә) әлсіз негіз бен оның күшті қышқыл тұзы алынады (NH4OH + NH4CI – аммоний қоспасы)
б) орта тұздар мен қышқыл тұздардың қоспалары алынады (Na3PO4 + NaH2PO4 – фосфат қоспасы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет