Транзакция деп мәліметтер қорындағы МҚБЖ басынан аяғына дейін қадағалайтын, мәліметтермен жүргізілетін амалдардың қандай да бір тізбегі аталады. Транзакция сәтті аяқталған жағдайда амалдардың нәтижелері мәліметтер қорында сақталады. Құрал-жабдықтың немесе программалық қамтудың жұмысы тоқтаған кезде, сондай-ақ пайдаланушы транзакцияны аяқтаудан бас тартқан кезде транзакция аяқталмаған (үзілген) күйінде қалады. Бұл жағдайда мәліметтермен орындалған амалдардың нәтижелері мәліметтер қорына ауыстырылмайды.
Мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі көптеген пайдаланушыларға мәліметтер қорына жылдам және тиімді түрде жүгінуге мүмкіндік береді. МҚБЖ көптеген пайдаланушылар бір мезгілде қол жеткізуге ие болған жағдайда пайдаланушының бірі мәліметтерге жүгінсе, енді бірі сол кезде оларға өзгертулер енгізіп жататындай келіспеушілік оқиғалардың туындамауын бақылап отырады.
МҚБЖ пайдаланушыларға мәліметтерді манипуляциялауға, мәліметтер қорынан тікелей есеп берулерді сұрауға және алуға, сондай-ақ мерзімді есеп берулерді құрастыру үшін сұраныстарды сақтаудың мол мүмкіндіктерін ұсынады.
Көптеген МҚБЖ-ларда қосымшаларды жасауға арналған ішіне орнатылған программалау тілдері болады. Бұл қосымшалар ехе-файлдар тәрізді мәліметтер қорымен дербес түрде, немесе сол МҚБЖ-ның құрамында жұмыс істеуі мүмкін.
МҚБЖ-ның мәліметтермен жұмыс істеу қызметтері екі тілде қамтамасыз етіледі:
- мәліметтерді сипаттау тілі;
- мәліметтерді манипуляциялау тілі.
Бұл тілдер көптеген МҚБЖ-ларда екі түрде QBE (Query by Example) үлгісі бойынша сұраныс жасау тілі ретінде және SQL (Structured Query Language) тілі ретінде жүзеге асырылған. QBE және SQL тілдерінің теориялық негізі реляциялық есептеу болып табылады. QBE тілі пайдаланушыларға мәліметтер қорын құру мен манипуляциялау үшін сауалнама формаларын ұсынады, оларды толтыру жұмысты жеңілдетеді.
МҚБЖ-ға программалардың келесі негізгі түрлері жатады:
толық қызметті МҚБЖ;
МҚ серверлері;
МҚ клиенттері;
МҚ-мен жұмыс істеу бағдарламаларын жасау құралдары.
Толық қызметті МҚБЖ (ТҚМҚБЖ) алдымен үлкен машиналарға арналып, кейіннен мини-машиналар мен ДЭЕМ-дерге арналып пайда болған дәстүрлі МҚБЖ болып табылады. Толық қызметті МҚБЖ-ларға, мысалы, Clarion Database Developer, DataBase, Dataplex, dBase IV, Microsoft Access, Microsoft FoxPro және Paradox R:BASE сияқты пакеттер жатады.
МҚ серверлері ЭЕМ желілерінде мәліметтерді өңдеу болып орталықтарын құруға арналған. Қазіргі кезде МҚ-лардың бұл тобының аз болып табылады алайда олардың саны біртіндеп артуда. МҚ серверлері басқа программалар (клиенттер) сұратқан мәліметтерді басқару қызметтерін SQL операторларының көмегімен жүзеге асырады.
Келесі бағдарламалар МҚ серверлерінің мысалы болып табылады: NetWare SQL (Novell), MS SQL Server (Microsoft), InterBase (Borland), SQLBase Server (Gupta), Intelligent Database (Ingress).
Жалпы жағдайда МҚ серверлері үшін клиенттік программалар ретінде әртүрлі программалар қолданылуы мүмкін: ТҚМҚБЖ, электронды кестелер, мәтіндік процессорлар, электронды пошта программалары және т.б. Бұл жағдайда «клиент - сервер» жұбының элементтері бір немесе бірнеше программалық қамтамасыз етудің өндірушілеріне жатуы мүмкін.
МҚ-лармен жұмыс істеу программаларын жасау құралдары келесі бағдарламалардың әралуан түрлерін:
клиенттік программаларды;
МҚ серверлері мен олардың жекелеген компоненттерін;
пайдаланушылардың қосымшаларын құрастыруға қолданылуы мүмкін
МҚБЖ-ларды қолдану сипаты бойынша дербес және көп пайдаланушыға арналған деп бөлінеді.
Дербес МҚБЖ-лар әдетте, дербес МҚ-лары мен олармен жұмыс істейтін онша қымбат емес қоcымшаларды жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-лар немесе олардың көмегімен жасалған қосымшалар көбінесе көп пайдаланушыға арналған МҚБЖ-ның клиенттік бөлігі ретінде қызмет атқаруы мүмкін. Дербес МҚБЖ-ларға, мысалы, Visual FoxPro, Paradox, Clipper, dBase, Access және т.б. жатады.
Көп пайдаланушыға арналған МҚБЖ-ларға МҚ сервері мен клиенттік бөлігі кіреді және, әдетте, бір текті емес (ЭЕМ-дер мен амалдық жүйелері әртүрлі болып келетін) есептеу жүйесінде қызмет ете алады. Көп пайдаланушыға арналған МҚБЖ-ларға, мысалы Oracle мен Informix МҚБЖ-лар жатады.
Мәліметтер қорында сақталған ақпаратпен жұмыс істейтін МҚБЖ программалар мен пайдаланушыларға келесі екі тілі ұсынады:
мәліметтерді сипаттау тілі – мәліметтердің логикалық құрылымын сипаттауға арналған декларативтік типтегі жоғары деңгейлі процедуралық емес тіл;
мәліметтерді манипуляциялау тілі – мәліметтермен негізгі амалдарды: енгізу, модификациялау және сұраныс бойынша мәліметтерді таңдауды, орындауды қамтамасыз ететін құрылымдардың жиынтығы.
Аталған тілдердің түрлі МҚБЖ-ларда өзара айырмашылықтары болуы мүмкін. Стандартталған екі тіл аса кең таратылған: QBE (Query By Example) – үлгі бойынша сұраныс тілі және SQL (Structured Query Language) - сұраныстардың құрылымдалған тілі. QBE негізінен мәліметтерді манипуляциялау тілінің қасиеттерінен тұрады, ал SQL өзінде екі түрдегі тілдердің қасиеттерін – мәліметтерді сипаттау және манипуляциялау қасиеттерін жинақтаған.
|