Мәліметтер қорын программалық қамтамасыз ету
Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердегі жалпыға арналған программалық қамтамасыз ету мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) деп аталады. Мәліметтер қорын басқару жүйелері – бұл мәліметтер қорын құруға, енгізуге және өңдеуден өткізуге арналған тілдік және программалық құралдардың кешені.
Әлемде МҚБЖ-ның 1000-нан астам түрі бар. Мәліметтер қорын басқарудың әралуан жүйелері мәліметтердің әр түрлі моделдерін пайдаланады. Мәліметтер қорының әр түрлі модельдеріне негізделген МҚБЖ-лардың мысалдарына төмендегілер жатады:
Иерархиялық модель - IMS, PC/Focus, Team-UP, Data Edge;
Желілік модель – IDMS, db-Vista III;
Реляциялық модель - Dbase, DB2 (IBM), FoxBase және FoxPro (Fox Software), Paradox, Dbase for Windows и InterBase (Borland), Visual FoxPro және Access (Microsoft), Clarion (Clarion Software), Ingress (ASK Computer Systems), Oracle (Oracle), Informix;
МҚБЖ-ның негізгі қызметіне келесілер жатады:
- мәліметтерді құру және бақылау;
- мәліметтерді қорғау, олардың бүтіндігін қамтамасыз ету;
- көптеген пайдаланушылардың мәліметтерге қол жеткізуі;
- пайдаланушыға мәліметтерді манипуляциялау мүмкіндігін ұсыну;
- қолданбалы программаларды құру мүмкіндігі.
Мәліметтерді құру мен бақылау мәліметтер сөздігінің көмегімен орындалады. Мәліметтердің сөздік/каталогы мәліметтердің құрылымы, мәліметтердің типтері, оларды ұсыну форматтары, мәліметтердің өзара байланысу сұлбалары, пайдаланушылар, мәліметтерді қорғау мен оларға қол жеткізу кодтары туралы ақпаратты орталықтандырылған түрде сақтауға арналған. Көбінесе сөздіктің қызметін МҚБЖ-лар орындайды және олар жүйелік мәзірден шақыртылады немесе оның утилиттері арқылы орындалады. Мысалы, Orion атты оқу мәліметтер қорының келесі түрдегі сөздігі болуы мүмкін:
SYSTABLES
|
NAME
|
CREATOR
|
COLCOUNT
|
|
Salespeople
|
AGU
|
4
|
|
Customers
|
AGU
|
3
|
|
Orders
|
AGU
|
5
|
SYSCOLUMNS
|
NAME
|
TBNAME
|
COLTYPE
|
|
Snum
|
Salespeople
|
Integer
|
|
Sname
|
Salespeople
|
Char
|
|
City
|
Salespeople
|
Char
|
|
Manager
|
Salespeople
|
Integer
|
|
Cnum
|
Customers
|
Integer
|
|
Cname
|
Customers
|
Char
|
|
City
|
Customers
|
Char
|
|
Onum
|
Orders
|
Char
|
|
Amount
|
Orders
|
Real
|
|
Date
|
Orders
|
Data
|
|
Cnum
|
Orders
|
Integer
|
|
Snum
|
Orders
|
integer
|
Реляциялық МҚБЖ-ларда мәліметтер сөздігі реляциялық кестелер жинағы түрінде сақталады.
Мәліметтерді қорғау мәліметтерге рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау мақсатында парольдауды, кодтауды (шифрлеу) және мәліметтердің кейіптеулерін құруды қажет етеді.
Мәліметтер деңгейіндегі тұтастық пен қарама-қайшылықсыздық мәліметтер элементтерінің мәніне шектеулер қоюмен, сондай-ақ мәліметтер қорына өзгерістер енгізу кезінде резервтік көшірмелерді автоматты түрде құру арқылы қамтамасыз етіледі.
МҚБЖ-дағы мәліметтердің тұтастығын сақтау үшін транзакциялар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |