Реляцииялық модель
Иерархиялық және желілік модельдерде жазбаларды өзара байланыстыру үшін физикалық көрсеткіштерді пайдалану ісі мәліметтерді манипуляциялау мүмкіндіктерін едәуір шектейді және осы модельдердің мәліметтер қорын өңдеуі күрделі және көп еңбекті қажет ететін процесс болып табылады.
Мәліметтердің реляциялық моделін Эдгар Кодд ұсынған, ол қатынас ұғымына негізделеді. Қатынас кортеж деп аталатын жиын элементтерін білдіреді. Қатынастың көрнекі түрде бейнеленуі екі өлшемді кесте болып табылады. Кестенің жолдары (жазбалары) мен бағандары (өрістері) болады. Кестенің әрбір жолының құрылымдары бірдей және олар өрістерден тұрады. Кестенің жолдарына кортеждер, ал бағандарына қатынас атрибуттары сәйкес келеді.
1970 жылы IBM фирмасының қызметкері Эдгар Кодд реляциялық модель деп аталған мәліметтер қорының жаңа моделін ұсынған, еңбектерін жариялаған болатын. Реляциялық мәліметтер қорларын өңдеуден өткізу үшін Кодд сонымен қатар мәліметтерді өңдеуден өткізудің тілдерін әзірлеп шығарды, олар - реляциялық алгебра мен реляциялық есептеу, аталған тілдер жалғыз командамен бүкіл мәліметтер қорын өңдеуден өткізіп шығуға мүмкіндік береді, ал иерархиялық және желілік модельдерде бір жолы (ретінде) тек бір ғана жазба өңдеуден өткізіледі. Физикалық көрсеткіштердің орнына Кодд мәліметтердің тасымалдағышта физикалық орналасуына байланыссыз оларды өздерінің ішкі логикалық өз-ара қарым-қатынастарына сәйкес байланыстыру идеясын алға тартты (атап көрсетті.).
Реляциялық модельдің мәні сол – ол мәліметтерді реляциялық немесе қатынастар деп аталатын екі өлшемді кестелер түрінде ұйымдастырып, ұсынады. Кестенің біреуі бір объектілі жиынды, мысалы, сауда фирмасының клиенттерін сипаттайды. Кестенің бағандары мәліметтер қорының өрістеріне сәйкес келеді және атрибуттар деп аталады. Сол арқылы атрибут объектінің жекелеген қасиетін сипаттайды. Кестенің жолдары жазбаларға сәйкес келеді және кортеж деп аталады. Осылайша, кортеж объектінің бір элементіне арналған артибуттар мағыналарының жиынтығы болып, ал қатынас – кортеждердің жиынтығы болып табылады. Мәліметтер қорының құрылымын әзірлеу және сипаттау кезінде әрбір кестедегі атрибуттарға атаулар беріледі және олардың типтері көрсетіледі, мысалы, атауы Name, типі CHAR немесе атауы Amount, ал типі REAL. Сонымен қатар INTEGER, DATA және өзге типтері болуы мүмкін.
Кестеге де атау беріледі. Мәліметтер қорының біреуі бірнеше кестеден құралуы мүмкін және қандай да бір құрамдас объектіні сипаттайды. Мәліметтер қорына да атау беріледі. Мысалы, қайсыбір сауда фирмасын сипаттайтын Orion атты мәліметтердің оқу қоры келесі үш кестеден құралады: Salecpeople, Customers, Orders.
Salespeople (сауда агенттері)
Snum
|
Sname
|
City
|
Manager
|
1001
|
Pol
|
London
|
1004
|
1002
|
Serres
|
San Jose
|
1003
|
1004
|
Smith
|
London
|
Null
|
1007
|
Rifkin
|
Barselona
|
1004
|
1003
|
Axelrod
|
New Jork
|
1004
|
Customers (клиенттер, сатып алушылар)
Cnum
|
Cname
|
City
|
2001
|
Clemens
|
London
|
2002
|
Giovanni
|
Rame
|
2003
|
Lnis
|
San Jose
|
2004
|
Grass
|
London
|
2006
|
Hoffman
|
Berlin
|
2008
|
Pereira
|
San Jose
|
2007
|
Jones
|
Rome
|
Orders (өтінімдер).
Onum
|
Amount
|
Date
|
Cnum
|
Snum
|
0103001
|
18.69
|
10.03.2005
|
2008
|
1007
|
0023003
|
767.19
|
10.03.2005
|
2001
|
1001
|
1013002
|
1900.10
|
10.03.2005
|
2007
|
1004
|
7003005
|
5160.45
|
10.03.2005
|
2003
|
1002
|
0813006
|
1098.16
|
10.03.2005
|
2008
|
1007
|
0073009
|
1713.23
|
10.04.2005
|
2002
|
1003
|
3123007
|
75.75
|
10.05.2005
|
2004
|
1002
|
0443008
|
4723.00
|
10.04.2005
|
2006
|
1001
|
2013010
|
1309.95
|
10.06.2005
|
2004
|
1002
|
0153011
|
9891.88
|
10.06.2005
|
2006
|
1001
|
Егер кестенің элементі әлі белгіленбеген болса немесе ешбір мағынаға ие болмауы тиіс болса? Онда оған Null – мағынасы беріледі. Мәліметтердің арасындағы логикалық байланыс бастапқы және сыртқы кілттердің көмегімен жүзеге асырылады. Бастапқы кілт деп кестедегі атрибуттардың ең аз жиынтығы аталады, олар кестенің әрбір жолын бір жақты анықтайды. Мысалы, Salecpeople кестесінде бастапқы кілт болып Snum бағаны болып табылады. Осылайша, бастапқы кілтті құрайтын атрибуттар мағынасының үйлесімі әр жазба үшін бірегей, қайталанбайтын болып табылады. Сыртқы кілт деп мәндерінің үйлесімі кейбір жазба үшін бастапқы кілттің кейбір мәндеріне сәйкес келетін кесте артибуттарының жиынтығы аталады. Сыртқы кілттер бір мәліметтер қорының кестелеріндегі мәліметтердің арасындағы қажетті байланыстарды қамтамасыз етеді.
Мысалы, Orion атты бір мәліметтер қорының мәліметтер қорында сыртқы кілттер Orders кестесінің Onum және Snum бағандары болып табылады. Мәліметтердің арасындағы байланыстарды келесі сурет түрінде көрсетуге болады.
5-сурет. Реляциялық модельде жазбаларды байланыстыру
Бастапқы кілттің және соған сәйкес келетін сыртқы кілттің атрибуттарының бірдей атауларға ие болуы міндетті емес, бірақ та бір типті болуы тиіс.
Мәліметтердің реляциялық моделінің жетістігі компьютерде физикалық жүзеге асырылуының қолайлығынды және оның қарапайымдылығы мен түсініктілігінде. Пайдаланушы үшін дәл осы қарапайымдылығы мен түсініктілігі олардың кең түрде қолданылуының себебіне айналды. Осы типтегі мәліметтерді өңдеуден өткізу тиімділігінің проблемалары техникалық тұрғыдан толық шешілген.
Реляциялық моделінің негізгі кемшіліктері келесілер: жекелеген жазбаларды идентификациялаудың стандартты құралдарының болмауы мен иерархиялық және желілік байланыстарды сипаттаудың күрделілі.
Достарыңызбен бөлісу: |