Титриметриялық (көлемдік) анализ әдісі, жіктелуі. Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1. Титриметриялық анализ әдісі.
2.Титриметриялық анализ кезіндегі реакцияларға қойылатын талаптар.
3.Стандартты және стандартталған ерітінділер.
4. Эквиваленттік нүктені анықтау.
5. Титриметриялық анализ әдісінің жіктелуі.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Титриметриялық (көлемдік) анализ реакцияға түскен заттардың көлемдерін дәл өлшеуге негізделген әдіс. Титриметриялық талдауда реакция өнімдерін өлшемейді және бөліп те алмайды.
Титриметриялық әдіс анықтайтын затпен реакцияласуға жұмсалатын реактивтің мөлшерін дәл өлшеуге негізделген әдіс.