2. ДӘріс тезистері


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)



бет13/18
Дата04.10.2022
өлшемі65,67 Kb.
#151698
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Әдебиеттану дәрістер (1)

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Құбылту (троп) пен айшықтаудың (фигура) түрлері, көркемдік қызметі
2. Әдеби тілдің әсемдігі мен әсерлілігін күшейтетін айшықтаудың (фигураның) түрлері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әдеби тілдің әсерлілігі мен әдемілігі үшін қызмет ететін тәсілдердің бірі – құбылту, яғни троп (грекше – иін, иірім)- сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Құбылту да суреткердің идеялық, эстетикалық мақсатына сай жасалады.
1.Метафора – ауыстыру – (грекше – көшіру) – суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау, солай суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу. Мысалы, Арулар - тіршілікке күре тамыр, Өмірді бір-біріне жалғап тұрар (Мұқағали). Мен – тауда ойнаған қарт марал (Махамбет).
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта (Абай).
2. Кейіптеу - жансыз табиғат құбылысын тірі адам кейпіне көшіру, яғни табиғат құбылысын, жансыз нәрселерді адам кейпінде жан бітіре суреттеу.
Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,
Жылы жүзбен Терекке амандасты...
Кейіптеу - ертегі, аңыздарда жиі қолданылатын тәсіл.
3. Мысал өлеңдердегі құбылту, көбінесе, пернелеу, яғни аллегорияда жай ұғым қалпындағы дерексіз нәрселер көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады.

  1. Астарлау – символ – (грекше – шартты белгі) – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, ойды ашық айтпай, тұспалмен түсіндіру. Мысалы: Пушкиннің «Анчары», Лермонтовтың «Жалғыз желкені», Мағжанның «Тоқсанның тобы» мен «Қойлыбайдың қобызы» - символмен жазылған шығармалар. Әртүрлі түстер.

  2. Метонимия – алмастыру – (гр. –қайтадан атау) - өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану. Мысалы, Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға (Абай). Қасиетті қабірге қасіретті Герат жас төкті. Навоидің қазасына Герат тұрғындарының қайғырғанын Айбек ақын осылай жеткізген.

  3. Синекдоха – мегзеу – (грекше – арақатысын ашу) – бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолдану. Мысалы: Төрт өрме қамшы сарт етті, Арғымақ атқып жұлқынды. Топылдап тиген тұяқтан, тозаңы жердің өрілді. (Қ.Шаңғытбаев). - Әй, сақал! Бұл арадан Плюшкинге қалай баруға болады? (Гоголь).



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет