2 I. Негізгі бөлім



бет7/16
Дата20.11.2023
өлшемі322,32 Kb.
#192156
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Ас орыту физиологиясы

Ащы ішектегі ас қорыту: Ішектік сөл – тұнбалы, тұтқыр сұйықтық, тәулігіне 2,5 л бөлінеді. Бруннерлі бездердің жасушаларында муцин және зимоген. Оның сөлі әлсіз реакциялы, май, белок көмірсу аздап ыдырап, либеркюнді бездер он екі елі ішек кілегей қабырғаларында және барлық ішектерде орналасқан.
Ішек сөлінің құрамы мен қасиеті: Сұйық және тығыз бөлімінен тұрады. Сұйық бөлімінде неорганикалық және органикалық заттар ерітіндісімен қаннан тасымалданатын сұйықтықтар болса, тығыз бөлімінде сарғылт масса, фермент белсенділігі жоғары.
Ішек сөлінің реттелуі: 1) жергілікті механизмдер. 2) гуморальдық фактор.
Ащы ішекте қуыстық және қабырғалық асқорыту болады.
1) Қуыстық - ішек қуысына түскен ас қорыту сөлі және оның ферменттерімен іске асырылады. 2) Қабырғалық ас қорытуда пайда болған мономерлер қанмен лимфаға сіңіріледі. 3) Мембраналық ас қорыту гликокаликс қабатында, мембрана бетінде және микробүрлер жасушалары мембранасының өзінде жүреді. Ащы ішек моторлық қызмет атқарады.
Реттелуі:1) Миогенді – ішек бұлшықет автоматиясы, жиырылуы. 2) Жүйкелік – парасимпатикалық жүйке моториканы жоғарылатады, симпатикалық жүйке моториканы бәсеңдетеді. 3) Гуморальдық – гормондармен реттеледі.
Тоқ ішектегі ас қорыту. Ащы ішекте өңделген химус біртіндеп тоқ ішекке өтеді. Химус – ащы ішекке өткен жын ішек сөлімен өтпен және ұйқы безінің сөлімен жақсы араласып, біркелкі қоймалжың заттарына айналады. Тоқ ішек бүйеннен, жиек ішектен (күйіс малында - қимадан, жылқыда – қартадан), тік ішектен тұрады. Тоқ ішектің кілегейлі қабығында бүрлер жоқ та, көптеген бокал тәрізді жасуша болады. Мұнда сөл аз бөлінеді, шырыш көп мөлшерде кездеседі. Сөлдің сутектік көрсеткіші 7,6 – 9,0.
Ас қорытудағы тоқ ішектің рөлі: Ащы ішекте тағам толығымен қорытылып, сіңіріледі, химус тоқ ішекте гидролизге ұшырайды. Гидролиз химус ферменттерімен, микроогрганизмнен және тоқ ішек сөлімен іске асырылады. Тоқ ішек сөлінде энтерокиназа, сахараза, сілтілік фосфатаза мөлшері ащы ішекке қарағанда аз. Көмірсу және май ыдырауымен салыстырғанда, белоктың ыдырауы қарқынды түрде жүреді. Тоқ ішекте белоктардың шіру нәтижесінде NH3, СО2, Н2S және уытты аминдер: крезол, фенол, индол, скатол түзіледі. Бұл заттар қанға өтіп, қан арқылы бауырға өтеді де, бауырда залалсызданады.
Тоқ ішектің моторикасының реттелуі: 1) Жүйкелік – парасимпатикалық жүйке үдетсе, симпатикалық жүйке бәсеңдетеді. 2) Гуморальдық – серотонин, глюкагон төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет