2 I. Негізгі бөлім



бет8/16
Дата20.11.2023
өлшемі322,32 Kb.
#192156
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Ас орыту физиологиясы

Дефекация (нәжіс бөлу). Ас қорыту жолында қорытылмаған азық қалдығы тоқ ішек бойымен жылжи отырып, қоюланып, тығыздалып, нәжіске айналады да, тік ішекке өтеді. Ол екі кезеңнен тұрады: 1) Афференттік – дефекацияға мұқтаждық тудыру; 2) Эфференттік – нәжіс шығару.
Реттелуі: Дефекацияның жұлындық орталығынан астаулық жүйкесі құрамында а) парасимпатикалық талшық бойымен келген серпіністерге байланысты, сфинктер тонусы төмендетеді, тік ішек моторикасы жоғарылатады; б) симпатикалық сфинктер тонусын жоғарылатса, тік ішек моторикасын төмендетеді.
Қоректік заттарды сіңіру. Сіңіру деп әр түрлі заттардың жасушалар қабаты мен жасуша-аралық кеңістіктер арқылы қан мен лимфаға өтуін қамтамасыз ететін физиологиялық процесті айтады. Сіңіру процесі дененің барлық ұлпасында орын алады, дегенмен оған құрылымы мен қызметі жағынан ас қорыту жолының эпителий жақсы бейімделген. Сіңіру процесін қамтамасыз етуде жасуша мембранасы мен жасуша аралық заттар маңызды рөл атқарады.
Казіргі кездегі деректерге қарағанда қоректік заттарды сіңіру процесі үш жолмен жүреді.
1. Кейбір заттар ішек қуысынан қанға не лимфаға ықпалды тасымалдау нәтижесіндеөз концентрацияларының айырмасына байланысты (осмос, сүзілу, диффузия негізінде) өтеді.
2. Қоректік заттар молекулаларының біраз бөлігі пиноцитознәтижесінде сіңеді. Бұл жағдайда оларды жеке жасушалар сіңіреді де, одан әрі өзімен бірге ішек қабырғасынан алып өтеді. Пиноцитоз құбылысы жаңа туған төлдерде жақсы байқалады. Мысалы, құлын ішегінің кілегей қабығынан алғашқы 36 сағат ішінде уыз құрамындағы жоғары молекулалы глобулиндердің еш өзгеріссіз өтетіні анықталды.
3. Бұл процестегі ең күрделі құбылыс – заттардың мембраналар арқылы тасымалдануы. А.М.Уголев энтероциттің апикальдық мембранасында бір-бірімен жанаса орналасқан ас қорыту ферменті мен тасымалдаушыдан құралған ас қорыту-тасымалдау ансамбліболатыны жайлы болжам жасады. Бұл теория бойынша ыдырау өнімдері кеңістікте шашырамай ферменттерден бірден тасымалдаушыға беріледі де, ырықсыз (белсенді механизм негізінде) тасымалданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет