2 I. Негізгі бөлім


Ас қорытудың мәні мен маңызы



бет3/16
Дата20.11.2023
өлшемі322,32 Kb.
#192156
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ас орыту физиологиясы

1.2 Ас қорытудың мәні мен маңызы

Ас қорытудың мәні мен маңызы. Ас қорыту– қоректік заттардың ыдырауы мен сіңірілуі. Ас қорыту жолында қоректік заттар физикалық, химиялық және биологиялық өңдеулерге ұшырап, төменгі молекулалық қосылыстарға (т.м.қ) дейін ыдырайды. Тіршілік орта жағдайына, қоректік заттардың сипаты мен табиғатына байланысты ас қорытудың 4 түрі бар:
а) жасушалық ас қорыту- тығыз немесе сұйық заттарды жасуша ішіне сіңіріп, оларды цитоплазма ферментінің әсерімен ыдырату процесі. Мысалы: амеба.Фагоцитоз– тығыз заттарды сіңіру,пиноцитоз- сұйық тамшы сіңіру.
б) жасушадан тыс ас қорыту– қоректік заттарды ыдырату процестері маманданған жасушадан тыс;Қуыстық– қарын мен ішектің қуысына бөлінген сөлдердегі ферменттермен ыдырайды.Мембраналық– жасушаның сыртқы бетінде мембрана ферменттерімен ыдырайды.
в) сыртта ас қорыту– қоректік заттардың ағзадан тыс ыдырайды. Бұл буынаяқтылар - өрмекшілер де кездеседі.
г) ұжымдық ас қорыту– топтасып азықты қорытады. Мысалы: ара, термит, құмырсқа.
Ас қорыту мүшелерінің негізгі қызметі– қоректік заттарды т.м.қ. дейін ыдыратып, ішек қабырғалары арқылы қанға өткізу. Белок → амин қышқылы, көмірсу → глюкоза, май → жоғарғы май қышқылы + глицерин.
Механикалық өңдеу– ауыз қуысында шайнау, сілекеймен шылану.
Химиялық өңдеу– АІЖ ферменттерінің көмегімен қоректік заттардың химиялық өзгерістерін шапшаңдатып СО2, H2O, NH3 –қа дейін ыдырауы.
Биологиялық өңдеу– қарында және бүйенде алуан түрлі микроорганизмдер ірі азықты тездетіп ыдыратуға көмектеседі.
Асқорыту мүшелерінің қызметі: Секрециялық қызметі- ас қорыту жолына түрлі сөлдер бөлетін бездердің жұмысымен байланысты.Қимылдау қызметі– қарын мен ішектің қабырғасындағы етті қабаттың жиырылу-босаңсу арқылы араласып, шайқалып, астың жылжуымен байланысты.Сіңіру қызметі- кілегейлі қабаттың құрылымдық ерекшеліктеріне және арнайы әрекетіне байланысты.Гормон түзу қызметі– ас қорыту жолының кілегейлі қабығындағы арнаулы эндокриндік жасушалар түрлі биологиялық белсенді полипептидтер бөледі.Экскрециялау қызметі– қажетсіз заттарды ағзадан бөліп шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет