2 Кешенді емтихан сұрақтары «Химияны оқыту әдістемесі» (6В01507- «Химия») «Химияны ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі»



бет17/31
Дата11.06.2023
өлшемі202,02 Kb.
#178606
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
6В01507-6В01515-«Химия пед 2 компл.экзамен» қазақша

Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы
Оқушылардың өздері емес, тек жұмыстары бағаланады;
Оқушы жұмысы оларға алдына ала белгілі дұрыс жасалған жұмыс үлгімен салыстырылады;
Оқушыларға белгілі, сол арқылы қиналмай есептеу жасай алатын және ата-анасына хабарлай алатын, баға шығарудың нақты алгоритмі бар;
Бағалау критерийлері оқу мақсаттарының нақты көрсеткіштері болғандықтан, не оқып игерілсетек сол ғана бағаланады
Критериалды бағалау пайдасы
Мұғалім үшін
Оқытудың сапалы нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін бағалау критерийлерін жасауға;
Өз жұмысын талдау мен жоспарлау үшін жедел ақпарат алуға;
Оқытудың сапасын жақсартуға;
Әр оқушының жеке ерекшеліктері негізінде жеке оқу траекториясын құруға;
Бағалаудың әр түрлі құралдары мен амалдарын тиімді қолдануға;
Оқу бағдарламасы мазмұнын жетілдіру бойынша құнды ұсыныстар жасауға.
Критериалды бағалау туралы
Оқушы үшін
Өз түсінгендігін көрсету үшін түрлі оқыту стилдері және ойлау әрекеттері мен қабілеттерін пайдалану;
Табыс критерийі маңызын түсіну, нәтижені болжау үшін бағалау критерийлерін білу мен түсіну;
Өзін және өзгелерді бағалай отырып, рефлексия жасауға қатысу;
Өз білімін нақты мәселелерді шешу, түрлі көзқарастарды жеткізу, сыни ойлауын көрсету үшін пайдалану.
Ата-ана үшін
Баланың оқу деңгейі туралы дәлелдемелер алып отыру;
Баланың оқудағы ілгерілеуін қадағалау;
Оқу барысында балаға қолдау жасау.
36. Мектеп бағдарламасындағы эксперименттік есептердің орны мен маңызы. «Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыбына эксперименталды есептерді шығару әдістемесі.

МЕКТЕПТЕГІ ХИМИЯ КУРСЫНДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕРДІ 

ЕНГІЗІП ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ 

Химия пәні бойынша оқу бағдарламасында көрсетілген меңгеруге тиісті 


білім көлемін, оқушы әр сыныпта, белгіленген мөлшерде толық игеруі үшін, 
оқытудың жаңа әдістері мен түрлерін енгізудің ықпалы зор. 
Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір 
тармағы болып есептеледі. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да 
зерттейтін ең негізгі мәселесі – орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі
химияны оқытудың іс-тәжірибесі мен теориясын қарастыру. Ал, оның міндеті: 
а) мектептегі химия пәнінің оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнын 
анықтау; 
б) оқушыларға химиялық білімдер мен дағдылардың жүйесін 
ұғындырудың тиімді тәсілдерін, оқыту әдістемесін көрсету. 
Химияны оқыту процесі нәтижелі болуы үшін, оқушылардың логикалық 
санасы мен диалектикалық ойлауын дамыту мақсатында, әр түрлі әдіс-
тәсілдерді кеңінен қолданып, оқу материалын, негізінен эксперименттік және 
көрнекілік түрде түсіндіру керек [ 1,56 б].
Оқушыларға жан-жақты терең, тиянақты білім беруде көрнекі құралдарды 
пайдаланудың педагогикалық және әдістемелік маңызы зор екендігі белгілі. 
Өйткені, көрнекілік принципі – дидактиканың бірінші және ең негізгі принципі 
болып саналады.
Химиялық эксперимент танымның сезімдік формаларының күшті 
құралына жатады. Оқыту барысындағы оқушылардың ойлауы – ғылыми таным 
процестерінің басты ерекшеліктерімен сәйкес келеді. 
Көпшілік жағдайда көрнекілік принципі нақтылық және абстрактілік 
бірлігі принципі тұрғысынан тұжырымдалатындықтан, көрнекілік түрде оқыту 
оқу процесіндегі сезімділік және тұжырымдылықтың арасындағы бұл байланыс 
кең және маңызды қалыптасады. Бұндай іс-әрекеттерді эксперименттік 
есептерді жүйелі түрде пайдалану арқылы қалыптастыруға мүмкіндік бар. 
Қазіргі таңда экспериментті есептер бірнеше түрге жіктелген 
1 - кесте Эксперименттік есептердің түрлері
Түрі .Сипаттамасы 
I тип 
Есептің шарты бойынша тәжірибені орындау ұсынылып, бақылау қорытындысын түсіндіру тапсырылады. Мысалы, «Сынауыққа 2-3 тамшы 15%-ық тұз қышқылын құйып, 
үстіне мырыш түйірін салыңыздар. Не байқалады? Байқағандарыңызды түсіндіріңіздер. II тип 
Зат қасиетін сипаттайтын білімді қолданып есептер шығару. 
Мысалы, «Тұз қышқылына тән реакцияларды іске асырыңыздар». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет