2 Кешенді емтихан сұрақтары «Химияны оқыту әдістемесі» (6В01507- «Химия») «Химияны ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі»


Заттармен байланысты эксперимент есептерін шығару мысалдары



бет3/31
Дата11.06.2023
өлшемі202,02 Kb.
#178606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
6В01507-6В01515-«Химия пед 2 компл.экзамен» қазақша

Заттармен байланысты эксперимент есептерін шығару мысалдарыЗаттарды алу есептері эксперимент есептерінің ең жиі кездесетін типі, мазмұнына қарай бірнеше түрлі болады:
а) берілген бастапқы заттардан бір зат алу, мысалы: «Мыс (ІІ) оксиді, су, мыс сульфаты және натрий гидроксиді берілген. мыс гидроксидін алып, қоспадан бөліңіздер»;
ә) бастапқы заттары көрсетілмеген жағдайда заттарды алу, мысалы, «мырыш хлоридін мүмкін болған тәсілдермен алыңыздар»;
б) затты аралық өнім арқылы жанама жолмен алу, мысалы, «темір(ІІІ) хлоридінің темір (ІІІ) оксидін алыңыздар».
1-есеп : Логикалық жағынан жүргізілген ойлау процесі нәтижесінде жүзеге асады. Мыс (ІІ) оксидіне ерімейтін негіз сәйкес келеді, демек, оны оксидке су қосу арқылы алу мүмкін емес. Қалған екі зат: мыс(ІІ) сульфаты мен натрий сілтісінің арасында алмасу реакциясы жүріп, ерімейтін негіз тұнбаға түседі: CuSO4 + 2NaOH = Cu (OH)2↓ + Na2SO4
Түзілген жаңа тұз натрий сульфаты ерітіндіде жүреді. Мыс (ІІ) гидроксидін ерітіндіден бөлу үшін қағаз сүзгіден өткіземіз, алынған тұнбаны сорғыш қағазбен құрғатып, ауада кептіреміз.
Берілген есепті шешу атом-молекулалық теория тұрғысынан талқыланады. Электролиттік диссоциациялану теориясы өтілген соң заттарды алу иондар алмасуы арқылы түсіндіріледі, келтірілген теңдеуден басқа толық және қысқа иондық теңдеулер түрінде жазылады. Жоғары сыныптарда оқушы реакцияның нақты мәнін көрсететін қысқартылған теңдеуді жазса жеткілікті. Мыс (ІІ) гидроксидін алу үшін ерітіндіде мыс(ІІ) катионы мен гидроксид аниондары болуы керек: Сu2+ + 2ОН- = Сu (ОН)2↓ Кесте. Аниондар және оларды анықтайтын реактивтер:

Аниондар

Реактивтер

Хлорид-анион
Бромид-анион
Сульфид-анион
Сульфат-анион
Нитрат-анион
Карбонат-анион
Фосфат-анион

Күміс нитраты
Хлор суы
Қорғасын, мыс катионы
барий катионы
күкірт қышқылы және мыс
сутегі катионы
күміс нитраты

2-есеп:Алюминий хлоридінің формуласы – АІСІ3тұздар класына жатады. Алюминийдің бар екенін дәлелдеу үшін тұз ерітіндісіне сілтінің аз мөлшерін құямыз, сонда ақ тұнба түзілуі тиіс:
АІСІ3+ 3КОН = АІ(ОН)3↓ + 3КСІ
Тұздың екінші бөлігі-хлорсутек қышқылының қалдығы, оны анықтау үшін күміс нитратының ерітіндсін құямыз. Келтірілген реактивтер заттарды бір-бірінен айырып, тану үшін де пайдаланылады.
3-есеп: Қатты заттар салынып, нөмірленген сынауықтардың қайсысында натрий хлориді, натрий иодиді, натрий бромиді және натрий карбонаты бар екенін анықтаңыздар.
Шешуі: Оқушы бұл есепті мына ретпен шығара алады:

  1. Берілген заттардың химиялық формулаларын жазу;

  2. Формулаларына қарап заттар тұздар класы, катиондары бірдей екендігін және қышқыл қалдықтарын анықтау ;

  3. Тұздар мен реактивтердің арасында жүруі мүмкін реакцияларды кестеге жазу;

    Берілген заттар

    Реактивтері

    АgNО3

    НСІ

    хлор суы

    бром суы

    NaСІ
    NaВr
    NaІ
    Na2СО3

    ақ тұнба
    сары тұнба
    сары тұнба
    ақ тұнба




    газ


    сарғыш түс
    қызыл қоңыр
    түс

    қызыл қоңыр
    түс

  4. Кестеге қарап анализдің ретін анықтау. Сынауды алдымен күміс нитратымен жүргізсе, төрт пробиркада не бар екені нақтылы анықталмайды. Сондықтан сынақты басқа реактивтен, мәселен, тұз қышқылынан бастаған дұрыс. Газ бөлінген пробиркада карбонат болғаны.

Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl + H2O + CO2
Екінші сынауды бром суымен жүргізген тиімді, иодиді бар пробиркада иодтың қызыл қоңыр түсі білінеді, оны крахмал арқылы анықтайды.
2NaI + Br2 = 2NaBr + I2
Үшінші сынау хлор суымен жасалады. Қалған екі пробиркада бромидтің бар екені ерітінді түсінің өзгеруінен байқалады: 2NaBr + Cl2 = 2NaCl + Br2
Ажыратып, тану есептерін шығарғанда салыстыру, қарама-қарсы қою, анализ және синтез, индукцияжәне дедукция, ойлау әрекеттері жүзеге асады, оқушының ойлауын дамытуға жәрдемдеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет