Сынып сағаттың мақсаты және міндеттері. Саяси, экономика және әлеуметтік өмірдің, өзі туралы, жақындары туралы, нақты өмір туралы мәселелері бойынша білімді қалыптастыру.
Азаматтық көзқарасты, адамгершілік – эстетикалық қасиеттерді қалыптастыру.
Достарын түсінуге үйрету, оларға мәселелерді шешу, қарым-қатынаста болу, ынтымақтастықта болу, әрекеттестікте болу ықыласты арттыру.
Білім алушылардың субъевтиктілік және даралығының қалыптасуы мен білінуіне олардың шығармашылық мүмкіндіктеріне жағдай жасау.
Эмоционалдық – нәзік орта мен құнды қарым-қатынас қалыптастыру.
Танымдық және практикалық – жасампаз әрекеттің білім, білік, дағдыларын игеру.
Мектеп оқушыларының дамуы және тіршілік әрекеті үшін қолайлы орта ретінде сынып ұжымын қалыптастыру.
Сынып сағаттың қызметі
Ағартушылық қызметі – оқушылардың бағдарламасында қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді.
Болжамдылық қызметі – оқушыларда ақиқат өмірге ббелгілі ір қарым – қатынасты қалыптастыру,оларды белгілі бір заттық және рухани құндылықтарды жасау.
Бағыттаушылық қызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі.
Қалыптастырушылық қызметі жоғарыда аталған қызметтің орындалуымен байланысты және оқушыларды ойланып істеу және өздерін, сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айналдыруды қалыптастыруды, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін қорғай білуді көздейді.
Сынып сағаттың мазмұны Сынып сағаттың мазмұны, мақсаты, міндеттері оқушылардың жас ерекшеліктері және тәжірибесіне байланысты.
1 – 11 сыныптардың сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жаңа оқу жылына сынып сағаттарының өткізілуі барлық сыныптарға бірыңғай бір күнге бірінші сабақ болып белгіленеді.
Келесі оқу жылына сынып сағатының тақырыптары әрбір оқу жылының аяғында сынып жиналысында сынып ұжымымен сынып жетекшісі оқушылары және ата – аналармен бірлесіп атқарумен анықталады.
Сынып сағаттың мазмұнына қойылатын талаптар:
Сынып сағаттардың мазмұны жеңілден күрделіге, ақпараттан бағалауға, бағалаудан өз пікірін жеткізуден құрылу керек.
Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі өз ойын және өз пікірін міндеттемеу керек, бірақ сынып жетекшісі түзетулер енгізу және дұрыс шешім қабылдауға көмек береді.
Сынып сағатын құруда оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу керек.
Сынып сағатын мазмұнында әрекетін түрлі динамикасы, мәселелер, ақпараттар болу керек.
Сынып сағаты, өзінің әр түрлілігіне байланыссыз, оң эмоционалдық негізінде өткізіліп, оқушылардың сезімдерін, жағымды жай күйін дамытатын болу керек.
Сынып сағаттың мазмұнында қорытынды бөліміне назар аудару қажет.
Сынып сағатында оқушы сынып сағатына бөлінген уақытында, сынып сағатында өзіндік көз- қарасында бағалай алатындығын көрсете білу крек.