Судың сапалық, сандық құрамын анықтау әдістерімен, қасиеттері, қолданылуы және табиғаттағы су туралы түсінік беру; 2. Судың құрамы мен қасиеттерін білу дағдысы мен біліктілігін жетілдіру, талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыру; 3.Оқушыларды сабақтың мазмұны бойынша алғырттыққа, топпен жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа және өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
СУ- ХҮІІ ғасырдың аяғында судың күрделі зат екендігі анықталды,яғни су жасанды жолмен газтектес сутектің оттекте жануынан алынды. Осы арқылы судың екі элементтен,
Жасушаның 80% судан тұрады. Ағзадағы бүкіл зат алмасу қатысында жүреді. Су тасымалданады. Адам ағзасының ішкі ортасындағы қан 91,5% судан құралады. Ас қорыту жүйесіндегі астың сіңірілуі ащы ішекте иондарға ыдырауына ықпал береді. Ыдырау өнімдері 3 жолмен өтетін болса, оның бәрі су қатысында жүреді.
Өсімдіктер әлемінде фотосинтез процесі су процесі арқылы жүреді.
Табиғаттағы су
Су- табиғатта ең көп таралған зат. Сумен жер шарының 3/4 бөлігі қапталған. Атмосферада су бу түрінде кең таралған. Температура суығанда ол шоғырланып,алдымен бұлтқа айналып, кейін жаңбыр немесе қар болып жауады. Өсімдіктер бетіне шық болып қонады. Сондықтан судың ауа райына ықпалы зор. Тұщы су - баға жетпес байлық. Жер шарындағы барлық судың 2% ғана тұщы, ал қалған 98% ащы су. Дүние жүзіндегі тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді. ХХ ғасырдың басында әрбір адам тәулігіне 12-18 л су пайдаланса, қазір 200-300 л пайдаланып отыр. Сондықтан жер бетіндегі тұщы су қорын таза ұстау, оны ластамау, үнемдеп орынды жұмсау әрбір азамзаттың парызы!
Кіндікті ауылында мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасы негізінде 2011 жылы су құбыры тартылып, таза ауыз су пайдаланылуға берілді. Жер асты артезиан суы 75 м тереңдіктен шығады. Соның 35 м – нен таза ауыз су алып отырмыз.