2-курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы мұғалімнің міндеттері



бет5/13
Дата05.03.2023
өлшемі273,14 Kb.
#171107
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Психология. Практика. 219. Мустафаева Назерке

4.Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы мұғалімнің міндеттері.


Педагогтің тұлғалық сапасы “Педагог – оқушы” қатынас жүйесінде оның әрекетінің психологиялық құрылымына әсер ететін шешуші бөліктердің біріне жатады.
Педагогикада, негізінен, оқыту, тәрбиелеу және дамыту әдістеріне, сондай – оларда білік пен дағдыларды қалыптастыруға және олардың мәнділігіне көбірек көңіл бөлінеді.
Педагогтер өз әрекетінде бірдей әдістерді қолданғандығына қарамастан, бірдей нәтижелерге жете бермейтіндігі де белгілі. Оқыту әдістері педагогтің тұлғалық сапаларымен тығыз байланыста өзара әсерлесіп отырады.
Мұғалімнің тұлғалық сапалары сабақта төмендегідей көрініс береді:

  • Оқушыны тұлға ретінде қабылдау, оның табысқа жететіндігіне сендіру және мүмкіндіктерін көре білу әрі оны нығайтып отыру;

  • Мәліметтерді қысқаша түрде беру арқылы оған әлсіз оқушының да, күшті оқушының да қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу,

  • Жаңа жағдайларға тез бейімделіп, сабақты оңтайлы қайта құра білу;

  • Мейірімді, бірақ талап қоя білу;

  1. Оқушыны білім алуға жұмылдыра білу және оқуға ықыласын қолдап отыру;

  2. Оқудағы қиындықтарды алдын ала біліп, сол қиындықтарды жеңуге бағыт беріп отыру;

  3. Өз жұмысының кемшілік жақтарын көре білу, оны жойып отыруға ұмтылу.

Педагогтің сезімталдығы оқушыларда біліктерді қалыптастыру кезінде оқушының әрбір жауабынан жақсы, айрықша нәрселерді іздеп тауып отыруынан көрінеді. Педагог әрбір оқушы бөтенге ұқсамайтын қайталанбас тұлға екендігін түсінуі тиіс. Білікті педагог оқушыны жауапкершілікке шақыруды айқайлап ұрысу, бұйрық беру немесе мораль оқу арқылы іске асырмайды.
Педагогикалық әрекеттің өзара әрекеттесуші жүйесінде педагогтің тұлғалық сапаларын бірнеше топтарға бөлуге болады.
Қиын қалыптастырылатын немесе қалыптастыру мүмкін емес жеке бастың сапалары жатады.
Тұлғалық сапалары оқушымен екі арадағы психологиялық механизмдерге
Педагогикалық қабілеттің рефлексивтік деңгейіне негізделеді. Өзара қарым -қатынастың күрделі құрылымында аталып өткен топтарды шартты түрде алынған деп қарастырған жөн.
Педагогтің жеке басының тұлғалық сапаларының құрылымында болатын мына сапаларды атауға болады, оларға жан дүниесінің қағілездігі, юмор сезімінің, ішкі интуициясының болуы және оқушымен абайлап сақтықпен қарым – қатынас жасауы кіреді.
Жан дүниесінің қағілездігіне қайырымдылық, ізгілік, оқушының көңіл – күйін дөп басуы, қабілеттерін тану, оқудағы қиындықтарын көру ғана емес. Сондай – ақ оған дер кезінде көмек бере білу қабілеті де жатады.
Оқушымен абайлап сақтықпен қарым – қатына жасау сезімі оның тек мейірімділігінен ғана емес, талап қоя білуінен де байқалады.
Педагогтің юморлық сезімі оқушы тұлғасын өзін жетілдіруге рух, дем беруіне оң көңіл күйін ұстап тұра білу қабілетіне негізделеді. Бірақ, юмордың теріс жақтары болмауы тиіс. Әйтпесе ондай юмор (мысалы, мазақ ету) оқушыны кемітіп, “өлтіруі де” мүмкін. Интуиция (ішкі соқыр сезім) сезімі оқушының тек болжанған белгілі жағдайларда ғана емес, алдын ала белгілі емес тосын жағдайларда да педагогтің оқушыны басқара алуынан білінеді.
Оқушы мен мұғалімнің ара қатынасындағы психологиялық механизмдерге негізделген педагогтің тұлғалық сапаларының екінші тобына рефлексия, идентификация, эмпатия және децентрацияны жатқызамыз. Осы сапалардың негізіне мұғалімнің оқушының мінез – құлық, тәртібіне бейімделуі жатады. Осыған байланысты педагог оқушыларды болашағы бар немесе болашағы жоқ деп бөлуі мүмкін. Ондай педагогтердің мінез – құлығында: дөрекілік, әділетсіздік, ашуланшақтық басым болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет