2-курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


Көру түйсігін зерттеу әдістемесі



бет13/13
Дата05.03.2023
өлшемі273,14 Kb.
#171107
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Психология. Практика. 219. Мустафаева Назерке

3. Көру түйсігін зерттеу әдістемесі.

Көру түйсігі – айналадағы заттардың пішінін, бедерін, көлемін, түсін, арақашықтық мөлшерін сол қалпында санада бейнелеуге мүмкіндік беретін жүйке қабілеті; біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуі нәтижесінде пайда болатын түйсік. Зерттеу нәтижелері адам жеті спектрлі түсті және соның негізінде 10000-нан аса реңкті ажырата алатындығы анықтаған. Бұдан біз К. т-нің өресі мен диапазонының өте кең екендігін айқын аңғарамыз. Көз арқылы жарықтың қуатын, кері шағылған сәуленің әсерімен заттың түр-түсін, үлкен-кішілігін, алыс-жақын тұрғанын, оның қозғалысын көріп білеміз. Заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарын санада айнытпай толық бейнелеу, ең алдымен К. т. арқылы жүзеге асады. К. т. түстерді айырып қабылдай алатын мүмкіндігін қамтамасыз ететін жарық толқынының ұзындығы 390 – 780 миллимикрон (миллиметрдің миллионнан бір бөлігі). К. т-нің жарық толқындарын әр түрлі ұзындық дәрежелерін ажырататын қабілеті бар. Жарық толқындарының ұзындығын айыру әр түрлі түстерді көруге жағдай туғызады: егер жарық толқынының ұзындығы 687 миллимикрон болса, онда қызыл түс, 580 миллимикрон болса сары түс, ал 430 миллимикрон болса жасыл түстерді көре аламыз. К. т. тек түстерді ажыратуға ғана байланысты емес, ол кеңістіктегі заттардың түрлі көлемдік және қашықтық қасиеттерін ажыратуға бейімделген.




4. Бұлшық ет-буын түйсігін зерттеу әдістемесі.


Бұлшық ет, қозғалыс түйсіктері немесе кинестетикалық түйсінулер. Осы топтағы түйсінулерге қысым (ауырлық) түйсінулері, қарсы тұру түйсінулері (қатты, жұмсақ) және жекелеген мүшелердің қозғалысының түйсінулері жатады. Бұл түйсінулердің мүшелеріңе біздің барлық бұлшық еттеріміз, сіңірлер мен буындар жатады. Бұлшық еттерде, сіңірлер мен буындардың үстіңгі жақтарында ерекше сезгіштік жүйке шрмақтарының ұштары орналасқан, қимыл кезінде осы түйсіктер іске асады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет