2-курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


Психологиядағы негізгі зерттеу әдістері



бет7/13
Дата05.03.2023
өлшемі273,14 Kb.
#171107
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Психология. Практика. 219. Мустафаева Назерке

2. Психологиядағы негізгі зерттеу әдістері:

Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкета әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.


Бақылау
Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.

Эксперименттік.
Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.
Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.
Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет