4. Тест әдісі, оның түрлері мен сипаттамасы.
Тест (сынақ) — психологияда адамның жеке басында психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белігілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. «Тест» — ағылшын сөзі, мағынасы «сынақ» дегенді білдіреді. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытындыланады.
Тестілеу — белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ, қатаң бақылауда өтетін тексеру. Зерттеудің басқа әдістеріне қарағанда тестілеудің ерекшелігі — қарапайымдылығы, дәлдігі, автоматтандыруға болатындығы.
Тест — жеке тұлғаның дара психологиялық қасиетінің салыстырмалы көрсеткіште, сонымен қатар білімін, дағдысы мен шеберлігін өлшеуге арналған қалыптасқан стандартты тапсырмалар. Тест үлгілі түрдегі жағдайларды көрсетеді, олардың көмегімен жеке тұлғаның ерекшеленген белгілері анықталады.
5-апта бойынша орындалатын тапсырмалар:
20.02. – 25.02.2023ж.
1. Социометрия әдісі (Дж.Морено) сипаттамасы.
Социометриялық әдіс – саяси психологияда кішігірім топтар мен оның ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс. Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді. Социометрия ұғымы XIX ғ. Әлеуметтік үрдістерді зерттеуде математикалық әдістерді қолдануға байланысты пайда болды. Социометриялық зерттеудің ерекше әдістік техникасының негізін қалаушы – Джекоб Морено. Социометрия социометриялық тесттен, аутосоциометриядан, ретроспективті социометриядан және т.б. әдістерден тұрады. Топ мүшелерінің социометриялық мәртебесін оң және бұрыс таңдауды есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді. Социометрия топ ішіндегі қатынастар заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік тудырды.
2. Адамның танымдық іс-әрекетінде түйсіктің рөлін зерттеуге арналған әдістер.
Түйсік (ағылш. Sense) – адамның және басқа жан иелерінің Жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретіні интероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген.
Түйсік таным үрдістеріне жатады. Өйткені адам соның арқасында дүниені таныды. Түйсік басқа психикалық үрдістерге — қабылдауға, еске, ойлауға, қиялға материал жеткізеді. Түйсіктің табиғи физиологиялық негізі ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі — талдағыштар арқылы жүзеге асады. Мысалы, көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол жүйке талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады. Адамда пайда болатын түйсіктерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа біздің денеміздің сыртқы жағында болатын сезім ағзаларының қозуынан туатын түйсіктер (экстроцепторлар — сыртқы қабылдаушы дегенді білдіреді) жатады. Бұл түйсіктер бізден сырт заттардың қасиеттерін бейнелейді. Бұған көру, есту, иіскеу, дәм, тері және сипай сезу түйсіктері жатады. Екінші топқа рецепторлары ішкі ағзалардағы сезім органдарының қозуынан туатын түйсіктер (интероцепторлер) кіреді. Органикалық түйсіктер (ашығу, шөлдеу) дейтіндерді осыған жатқызуға болады. Үшінші топқа қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс (немесе кинестетикалық) түйсіктері кіреді. Қозғалыс анализаторларының рецепторлары (проприоцепторлар) бұлшық еттерде және сіңірлерде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |