ҚЫЗЫЛЖАР Мұндағы совет 25 январьға сиез ашып, болыс-болыстан бір-бірден кісі шақырып еді,
сиезінде крестьяндар болды. Казак пен қазақ кірмеді.
Январьдің басында ашылып, іске кірісе бастаған үйезный земский управаны мұндағы
совет таратты.
Қазақ жұмысы тақырыпты болған кеңеске барып тұруға уақытша обласной сиезге шейін
қазақтан советке 5 кісі кіргізбекші болды.
Апрельдің 15-не дейін майданнан қайтқан солдаттарды тасу үшін жалдаған аттың майына
30 мың сом салып еді. Оны бір айдың ішінде жиып әкелуге елге кісі шығарды. Бұл
ақшаны ірі-қарасы 50-ден артық болған байлар тартпақшы.