Ел хабарлары Қызылжар үйезінің Аққусақ болысының 2-ші ауылының азаматы Ережеп Қапсытпайұлы
опат болды. Марқұм ағайын арасына қадірлі азаматымыздың бірі еді. Опат боларының
алдында ағайын-туғандарын жиып алып, Құдабай Тоқтарбайұлы деген кісіге: «Мен өлсем,
шығарған малды садақаның орынды жеріне бер» деп өсиет қылды. Ережеп опат болған
соң шығарылған көп малды тарату Құдабайға тапсырылыпты. Құдабай бұл малдан алдын
30-40 теңге қылып молдаларға беріп, артын 5-10 теңгелеп нашарларға беріп, көп ақшаны
өзіне алып қалды. Жиылған жұрттың ішінен аш-жалаңаштарға берілсін дегендерімен
ұрсысып қалды. Дағдылы үйренген жемін бөлшектегісі келмеді. Және сол кісілердің
ішінде біреуі: «Ел ішіндегі қажеке, молдаекелердің бұрыннан жеген ауыз едім деп
жалаңдап толмайтын жемсауын толтырам деп көз сүзетін уақыты кішкене тоқтала тұрса
болмай ма? Мына аш-жалаңаштар не күйде жатыр? Бұған аз да болса көз жіберу санасы
бар адамның міндеті емес пе?» деген екен, ол кісімен де ұрсысып қалыпты.