Сыртқы хабарлар
ПАРИЖДЫ АТҚЫЛАУ
25 мартта келген ашық хабарға қарағанда немістер Парижді атқылап жатқан көрінеді. Бұл
уақытқа шейін ұсталмаған ең алысшыл, жаңа құрал Парижге жұмсалып тұрса керек. Бұл
құралдың тиетін мөлшері 100 шақырым. Құрбандықтың алды көріне бастады.
НЕМІСТІҢ ҚИМЫЛЫ
24 мартта Берлиннен алынған хабарға қарағанда үш күннің ішінде (21-23 март) Англия
өмірі көрмеген қырғынын көрген. Неміске қарсы қайрат қылған Англияның атты, жаяу
әскерлері мейлінше қиратылып, таяқ жеген. Нил деген қаласын алдырған. Неміс әскері қас
қарая Крез өзенінен өтіп алып, Англия, Франция, Американың одақтасқан әскерін жолсыз,
ағаштың шиімен сытырлатып айдап, Негель, Веллен деген қалалардан асыра төңкерген.
Жолындағы тыштаңдаған жеңіл-желпі төбелестерде жауын жайпап, кешке таман Сикер,
Шони деген қалаларын алып қойған. Англия, Франция жағының шығыны есепсіз зор. 21
март күні түсірген олжаны есеп қылмағанда немістер 45 мың тұтқын, 600 құрал, 1000
пулемет, қисапсыз қару-жарақ, азық-түлік түсіріп алған.
Достарыңызбен бөлісу: |